1 of 12

Сабақтың тақырыбы:

§17 . Қазақстан климатының ерекшеліктерін анықтайтын факторлар

Бүгінгі сабақта:

​

- Географиялық жағдайдың климат қалыптастырудағы рөлі оның басты үш элементтерінің әсері

2 of 12

Қысқаша түсіндірме сабақ :

  • Қазақстан климатының ерекшеліктерін анықтайтын негізгі факторлар – оның географиялық орны, жер бедері және атмосфера циркуляциясы. Қазақстан Еуразия материгінің дәл ортасында, мұхиттар мен теңіздерден алыс орналасқандықтан, аумаққа ылғал аз түседі және климат шұғыл континенттік сипат алады. Бұл дегеніміз – жазда ауа температурасы өте жоғары болып, қыста керісінше қатты суық орнайды, температураның жылдық амплитудасы кейде 40–50°С-қа дейін жетеді. Солтүстікте ұзақ әрі суық қыс болса, оңтүстікте қыс жұмсақ әрі қысқа болады. Елдің жер бедері де климатқа айтарлықтай әсер етеді: Қазақстан аумағының басым бөлігі жазық болғандықтан, ауа массалары еркін қозғалып, температура мен желдің ауысуы жиі байқалады. Ал Алтай, Тянь-Шань және Жоңғар Алатауы сияқты таулы өңірлер ауа ағымдарының өтуіне кедергі келтіріп, жауын-шашынның азаюына немесе көбеюіне әсер етеді. 

​

3 of 12

Сұрақ : Қазақстан климатының тым континентті болып қалыптасуының негізгі себебі неде деп саналады?

4 of 12

Жауап :  Өйткені Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасып, оны қоршап жатқан үлкен мұхиттар мен теңіздерден өте алыс жатқандықтан, ауа массаларының ылғал әкелу мүмкіндігі шектеліп, құрғақ әрі температуралық айырмашылығы үлкен климат қалыптасқан.

5 of 12

Сұрақ : Жер бедерінің климатқа әсері қалай байқалады?

6 of 12

Жауап :  Таулы аймақтарда биіктік артқан сайын ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын мөлшері көбейеді, ал жазық және ойпатты өңірлерде күн ыстық әрі құрғақ болып, температура айырмашылығы өте үлкен болып келеді, бұл ел аумағындағы климаттың алуан түрлілігін арттырады.

7 of 12

Сұрақ : Қазақстанның мұхиттар мен теңіздерден алыс орналасуы климаттық жағдайларға қандай әсер тигізеді?

8 of 12

Жауап :  Бұл жағдай ауа массаларының ылғалмен аз қамтамасыз етілуіне, жауын-шашынның сирек түсуіне, ауаның құрғақ болуына және температуралық айырмашылықтың шектен тыс жоғары болуына себеп болып, Қазақстанның климатының шұғыл континентті сипат алуына әкеледі.

​

9 of 12

Сұрақ : Қазақстан климатының басты ерекшелігі ретінде нені атауға болады?

10 of 12

Жауап :  Қазақстан климатының ең негізгі ерекшелігі – оның тым континенттілігі, яғни жаз айларында ауа температурасы өте жоғары болып, кейбір өңірлерде +40°C-қа дейін жетсе, ал қыс айларында температура -40°C-қа дейін төмендеп, жауын-шашын мөлшері аз түсіп, ауа құрғақ және күн ашық болатын жағдай жиі кездеседі.

​

11 of 12

Қорытынды сұрақ:

​

  • Еуразиялық дала зонасы мен солтүстік америкалық прерий зонасының бір-бірінен қандай айырмашылығы бар ?

​

  • Солтүстік Америка жерінде Еуразиямен салыстырғанда шөлейттер мен шөлді аймақтардың үлесі не себепті аз ?

​

  • Еуразияның қоңыржай белдеуге тән зоналарын салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тап.

​

12 of 12

КЕРІ БАЙЛАНЫС

  • Бағдарлама бойынша пайдалы немесе қызықты деп санайтын нақты тұстарын көрсетіңіз

​

  • Пожалуйста, укажите конкретные моменты, которые вы считаете наиболее полезными или интересными
  • Семинарды жақсарту бойынша ұсыныс немесе идея

​

  • Предложите конкретные идеи или рекомендации по улучшению семинара
  • Бағдарламаны енгізуден білім алушылардың білім беру процесі мен тәрбиесіне қандай оң әсер күтесіз?

​

  • Какое положительное влияние вы ожидаете от внедрения программы на образовательный процесс и воспитание обучающихся
  • Семинардан алған білім немесе дағдыларды жазыңыз және оны өз қызметіңізде қалай қолданасыз?

​

  • Опишите конкретные знания или умения, которые вы получили, и как вы планируете их использовать в своей работе