Т. ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ №47 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ
І – жарты жылдықта тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар
��«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ �БАҒДАРЛАМАСЫ
�����БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ:�
1 қыркүйек - Білім күніне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында «Мектебім - мейірім мектебім!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай челлендж өтті.
����«Отбасы күні құтты болсын!»�Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында «Отбасы күні» аталып өтті.�Отбасы – әр баланың шаттыққа толы әлемі, махаббат пен қамқорлықтың мекені. �
ДТЖЖО Г.А.Қуантаева және педагог-психолог А.М.Курикбаева �5-6 сыныптың білім алушылары арасында негізінде �«БУЛЛИНГСІЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС: Мен сыныбыммен мақтанамын» тақырыбында психологиялық тренинг және �«МЕНІҢ СЫНЫБЫМ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ»� тақырыбында іс-шара өткізілді.
«ДОСБОЛLIKE» ЖОБАСЫНЫҢ АЯСЫНДА «МЕНІҢ СЫНЫБЫМ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ» ЧЕЛЛЕНДЖ
�Қарттар – қазына, ұрпаққа аманат �1 қазан – Қарттар күні.�
«Ұстазға алғыс» челленджі аясында Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында оқушылар ұстаздарына деген жүрекжарды алғыстарын білдірді.
16 қазан күні 6 – 7 сыныптың қыздарына арналған гинеколог- дәрігер маманның қатысуымен �«Қыз баланың жеке бас гигиенасы»� тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында “Даналық мектебі” жобасы аясында 7-сыныптар арасында «Шежіре білудің маңызы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
�Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында �«Аналар мектебі» жобасы аясында 5 Ә Б сыныптарында «Отбасы – сүйіспеншіліктен басталады» тақырыбында тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. �
Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Бүгін менің Қазақстаным» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.
25 Қазан – Республика күні мерекесіне орай �«Менің Республикам – менің мақтанышым!»� атты салтанатты іс-шара өтті.
�
5 сынып білім алушыларының жол қауіпсіздігі туралы білімін арттыру мақсатында қызықты да мазмұнды сайыс өтті.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында �«Даналық мектебі» жобасы аясында 6 «Б», «Д» сынып қыздары мен РҚБ Әділ билердің бибі аналары Нарымбаева Райхан апа, Полатова Ардақ апа, Тилеукабулова Мамыркүл апа, Мамайева Ардақ апа, Құлжанова Ақбаян Бүркенқызының қатысуымен «Отбасындағы ұлттық құндылықтар: қыз бала тәрбиесі және ана тәлімі» тақырыбында Әжелер мектебінің тәрбиелік сағаты өтті.
7 «Ә», «Б» сынып білім алушыларымен Алаш арысы, ұлт жанашыры Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «ОЯН, ҚАЗАҚ!» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Өзін-өзі басқару кенесінің көшбасшыларының ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа, алкоголизмге, темекіге – ЖОЛ ЖОҚ!» атты 7-сынып білім алушыларының қатысуымен тәрбиелік сайыс өтті.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 6 "а","ә" сынып білім алушыларының арасында майталман жазушы Б.Соқпақбаевтың «Ергежейлілер еліне саяхат» шығармасын талдау мақсатында интеллектуалды бәйге өткізілді.
5-сынып оқушылары арасында «Көңілді старт» спорттық ойындары өткізілді.
5–6-7 сынып білім алушыларына инспектордың қатысуымен қылмыстың алдын алу бағытында маңызды тәрбиелік іс-шара өткізілді.
«Шабыт» жобасы аясында �«Менің – Қазақстаным» атты патриоттық ән байқауы өтті.
• �1–7 сынып білім алушыларына арналған «Ғажайыпқа толы жаңа жыл» атты мерекелік іс-шара өтті. �