САЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР
Қуандықов Қ.Ж.
заң ғылымдарының кандидаты, доцент
№ 1 Тақырып: Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының салық және кеден саясаты.
Сұрақтар
Қазақстан Республикасының қазіргі салық саясаты.
Қазақстан Республикасының ұлттық салық жүйесін реформалаудың негізгі кезеңдері
Кезеңдер | Салық жүйесін реформалау бағыттары | Салық заңнамасын дамыту |
1991 – 1994жж. Бірінші кезең | Салық жүйесін қалыптастыру | Жер салығы туралы заң 17.12.1991 ж. |
1994 – 1998жж. Екінші кезең | Салық реформасының басталуы | ҚР Президентінің 24.04.1995 ж. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" жарлығы. |
1998 – 2009жж. Үшінші кезең | Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы | ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 12.06.2001 ж. кодексі |
2009 – 2018жж. Төртінші кезең | Салық заңнамасын тұжырымдамалық пысықтау. | ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі 10.12.2008 ж. |
2018 – қазіргі кезге дейін | Салық заңнамасын одан әрі жетілдіру | ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі 25.12.2017 ж. |
ҚР кеден саясаты
ҰЙЫМДЫҚ-ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ТҮСІНДІРУ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ
БИЛІКТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ
ПСИХОЭТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН САЯСАТЫ
Кеден саясатын жүзеге асырудың негізгі құралдары: тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекара арқылы өткізудің кедендік режимін белгілеу және кедендік тарифтерді, кедендік баждарды және кедендік алымдарды қолдану болып табылады.
Кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың жиынтығы, сондай-ақ оны іске асыру құралдарының жиынтығы, құзыретті мемлекеттік органдардың кедендік реттеу құралдарын пайдалану тәртібі тұтастай алғанда мемлекеттің кедендік саясатының тетігін құрайды.
Кеден саясатының мақсаттары:
ҚР кеден саясатын жүзеге асырудағы кеден органдарының қызметі
Кеден қызметінің басты функциялары: фискалдық функция, құқық қорғау функциясы және бақылау функциясы болып табылады.
Фискалды функция: мемлекеттік бюджетке салықтар және кедендік төлемдер жинауға қатысты.
Құқық қорғау функциясы: кедендік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесуге қатысты.
Кедендік бақылаудың басты функциялары: тауарларды әкелу мен әкетуді тексеру, тауарлар мен өзге де мүлікті шекара арқылы өткізуді бақылау және оны статистикалық есепке алу болып табылады.
Тарифтік және тарифтік емес реттеу кеден саясатының құралы ретінде.
Кедендік-тарифтік және тарифтік емес шаралар сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері болып табылады. Бұл шаралар ұлттық және әлемдік нарықтың белгілі бір сегменттеріне реттеушілік ықпал етудің сипаты мен тетігі бойынша ерекшеленеді. Осыған қарамастан, олар өзара тығыз байланысты, бір-бірін органикалық үйлестіріп, толықтырады. Осыған байланысты сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік және тарифтік емес әдістері әдетте кешенді түрде қолданылады.
Кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану мақсаттары
ұлттық өндірушілерді шетелдік бәсекелестіктен қорғау
1
бюджетке ақшалай қаражаттың түсуін қамтамасыз ету
2
экономикадағы прогрессивті құрылымдық өзгерістерді ынталандыру
3
Тарифтік және тарифтік емес реттеу кеден саясатының құралы ретінде.
Кедендік – тарифтік реттеу-сыртқы сауданы реттеу үшін ұлттық сауда-саяси құралдар ретінде пайдаланылатын кедендік және тарифтік шаралардың жиынтығы.
Кедендік тариф – бұл тауарларды кедендік мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде жүк иесінен алынатын кедендік баждардың жүйеленген тізбесі.
Кедендік-тарифтік реттеу элементтері:
Кедендік тариф-кедендік баж ставкаларының жиынтығы.
Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау.
Кедендік рәсім.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.
Тарифтік емес реттеу шаралары
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес тарифтік емес реттеу шараларына мыналар жатады:
Кеден саясатын қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі.
Өз нарығын қорғау мақсатында ГАТТ/ДСҰ-ға мүше елдер мына шараларды қолданады:
ЕАЭО-тың 4 еркіндігі
1. Тауарлар қозғалысының еркіндігі.
3. Еңбек ресурстарының еркін қозғалысы.
4. Қызмет көрсету еркіндігі.
2. Капитал қозғалысының еркіндігі.
Назарларыңызға рахмет!