PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ
Оқу сауаттылығы
PISA ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Тапсырмалар білім алушылардың компьютерлік жүйемен тікелей жұмыс жүргізуін талап етеді.
2. Зерттеуге қатысушылардың функционалды сауаттылық деңгейі таблица, диаграмма, график, сурет және сызбалар түрінде берілген тапсырмалармен анықталады.
3. Тест тапсырмалары жауаптың үш түрін қарастырады: еркін құрастырылған (толық және негізделген жазбаша жауап), жабық құрастырылған жауап (оқиғаны ретімен орналастыру, қажетті сөзді немесе цифрды жазу) және берілген жауап нұсқасынан таңдау жасау ((a, b, c, d) жауап нұсқаларының бірін таңдау).
4. Тапсырма жауаптары оқушылардан бірнеше таблица мен графиктерде берілген ақпараттармен бір уақытта жұмыс істей білу қабілеттерін талап етеді.
5. Тапсырма мазмұнында артық ақпараттардың берілуімен де сұрақтар күрделене түседі. Сонымен, 15 жастағы оқушылардың ұсынылған проблема мен ситуацияға талдау жасауы үшін қажетті ақпаратты таба білу біліктілігі бағаланады.
Оқу сауаттылығы – адамның ақпараттың мазмұнын бағалау, түсіну және интерпритациялау қабілеті болып табылады.
Тұтас мәтін
Жадағай мәтін
Аралас мәтін
Құрамдас мәтін
Қазақ тілі, 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану
Оқу мақсаты: Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.
Берілген ақпаратты тұтас мәтінге айналдыр.
Жастар театры
Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры театрдың құрылғанына 10 жыл, көркемдік жетекшісі Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ 70 жасқа толуына байланысты, сәуір айының 20 - 26 күндері аралығында Алматы қаласында гастрольдік сапарын өткізеді. Астананың Жастар театры М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсетеді.
Гастроль барысында алматылық көрермендер театр репертуарындағы Ә.Кекілбаевтың «Нартәуекел», Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...», С.Қасымбектің «Лифт», Н.Гогольдің «Ревизор», Т.Миннуллиннің «Іздеп таптым сені...» Ж.П.Пило, О.Шультездің «Моцарт», У.Шекспирдің «Асауға тұсау» қойылымдарын тамашалай алады.
1-сұрақ. Алматылықтар мен Қостанай облысы тұрғындары бірдей тамашалаған қойылымдар:
_____________________________________
Дұрыс жауабы: Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...», Н.Гогольдің «Ревизор» шығармалары.
2-сұрақ. М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры орналасқан қала
A) Қостанай
B) Астана
C) Алматы
D) Нұрсұлтан
E) Қызылорда
Дұрыс жауабы: Алматы
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың кәсіби театр өнері
8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте,
диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру
Жыл қайыру
� Кейбір деректерде «мүшел» сөзі «мүше» сөзімен айтылады, сонда мүшеге ие болған хайуан деген ұғымды береді, яғни барлық хайуан емес, киелі, қасиетті хайуан ғана уақыт өлшеміне ие болған.�Кейбір деректерде «мүшел» сөзі қатер деген ұғымды білдірген, мүшел жылы сол адамда қатерлі жыл болады деп есептеген. Соған байланысты жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдай беріп, қан шығарып, мүшелден аман - есен шығару үшін деп сол адамның қимас киімін және матадан жыртып жарлы - жақыбайларға таратылады екен.�Мүшел жас күні мал сойып, құран оқыту да мүшел жастан аман - есен шығып, ұзақ сүру үшін. бақытты болу үшін істелетін ырым екен.
Әр Мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады. Мысалы, 1-мүшел балиғатқа толуға байланысты болса, 2-мүшел ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы, 3-мүшел ақыл-парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық-психологиялық жетілулерін меңзейді. Мүшелдер арнайы ғұрыптар арқылы аталып өтілген.
1-сұрақ. Тышқан жылы, 1972 жылы дүниеге келген адам 2 - мүшелін атап өтетін жыл
A) 1995 жыл B) 1996 жыл C) 1997 жылы
D) 1998 жыл E) 1999 жыл
Дұрыс жауабы: 1972+13+12 = 1997 жыл.
2-сұрақ. Ескі наным бойынша қатерлі жас
A) 18 B) 30 C) 47 D) 61 E) 100
Дұрыс жауабы: 61-мүшел жас.
3-сұрақ. Ат жалын тартып мінетін, есейген жас
A) 13 B) 25 C) 37 D) 49 E) 61
Дұрыс жауабы: 2 мүшел 25 жас.
Сабақтың тақырыбы: Демография - ұлт тағдыры
9.2.1.1тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу
Халықаралық зерттеулер бойынша оқу сауаттылығының жетістік деңгейі төмендегі кестедегідей болуы керек:
Жоғарғы деңгей | Жетістік өлшемі |
6 | 6-деңгейге жеткен оқушы құзыреттері жоғары оқырман болып табылады. Олар толық жауап беру үшін: - мәтіннен қажетті ақпаратты ала алады. - біршеше мәтінді және олардың арасындағы байланысты нақты, жіті түсінеді. - таныс емес тақырыптағы күрделі мәтінді сыни тұрғыдан бағалайды. - қарама-қайшы ақпараттардың берілуіне қарамастан, жеке шешім қабылдау дағдыларын көрсетеді. |
5 | Бұл деңгейде білім алушылар: - ақпаратты анықтайды. - академиялық білімге сүйеніп, мәтінді түсінеді. - бейтаныс мәтіндерге түсінік береді және түсінеді. |
Аты-жөні | Тақырыбы/ Түрі | Шығарылған уақыты | Аудан/ қала | Мектебі | Санаты |
Бекбулатова Н.У. Татаханова Б.Ш. Муханбетова А.О. Набиева А.К. Кабдешова Ж.З. | «Оқу сауаттылығы» (5-9-сынып оқушыларын дайындауға арналған факультатив курсының бағдарламасы) | Хаттама №2 30.04.2021 ж. | Орал қаласы | А.Тайманов ат. №34 МГ, №26 ЖОББМ | Педагог-зерттеуші |
Бексейтова В.Н. | «Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру жолдары» (әдістемелік құрал) |
Хаттама №5 15.11.2018 ж. |
Тасқала ауданы | ЖОББ Амангелді «мектеп-балабақша» кешені | Жоғары санатты |
Муканова Г.Д. Неталиева Ф.К. | «Оқылым дағдысы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» (әдістемелік құрал) |
Хаттама №2 15.04.2019 ж. |
Орал қаласы |
№7 ЖОББМ |
Жоғары бірінші |
Алипова Г.Т. | "Оқу сауаттылығы" (факультативтік курсы 8-сынып) |
Хаттама №1 26.02.2021ж. |
Орал қаласы |
№1 ЖОББМ |
Зерттеуші
|
Сахасова Ш.Х. Абдолова Г.К. | "Оқу сауаттылығы" (факультативтік курс 7-сынып) |
Хаттама №1 26.02.2021ж. |
Орал қаласы |
№1 ЖОББМ |
зерттеуші, сарапшы |
Куатова А.Ж. Имашева Д.И. Алипова Г.Т. | Оқу сауаттылығына арналған үлгілік тапсырмалар жинағы (әдістемелік құрал) |
Хаттама №1 26.02.2021ж. |
Орал қаласы | 1.ББДО әдіскер 2."С.Сейфул лин ат. №11 ДБАОММИ 3. №1 ЖОББМ |
Сарапшы Шебер Зерттеуші
|
Оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалар жинағы
ҰСЫНЫСТАР:
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!