1 of 9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

АСТАНА

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы

21 ақпандағы № 57 бұйрығына енгізілген өзгерістер

2 of 9

Бірінші басшыларды тағайындауға конкурс өткізу бөлігінде

-қамқоршылық кеңеспен келісу рәсімі алынып тасталды (кандидаттарды қамқоршылық кеңеспен келісу функциясы «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығынан алынып тасталды);

-

3 of 9

- мемлекеттік тілді (Қазтест) білу үшін орта (В1) деңгейден төмен емес тестілеуден өту қажет болады (12-т);

- кандидаттар сертификаттау рәсімін конкурсқа құжаттар жіберілгенге дейін дербес өтеді;

- бірінші басшы 5 (бес) жыл мерзімге тағайындалады (71-т)

4 of 9

Республикалық кадр резерві бойынша

педагогтердің Республикалық кадр резервін іріктеуде

(үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес болған кезде) ұсынылатын құжаттардың тізбесі және тыңдау рәсімін жүргізу (жүргізілген бағалауды талдау) айқындалды;

Кадр резервінде болу мерзімі екі жылды құрайды(123-т.);

5 of 9

білім басқармаларының қарауы бойынша Кадр резервіне алынған педагог шалғайдағы ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымының, шағын жинақты мектептің басшысы лауазымына олардың келісімі бойынша осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген конкурстық рәсімдерден өтпей және Үлгілік біліктілік сипаттамаларында айқындалған осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі белгіленбей, еңбек шартын және жұмыс берушінің актісін жасау жолымен жұмыс берушінің шешіміне сәйкес тағайындалады (126-т.);

6 of 9

- Кадр резервіне қабылданған педагог, басшының орынбасары бірінші кезектегі тәртіппен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салынған мектептерге тиісінше басшының орынбасары, басшы болып тағайындалады(127-т.)

- Егер мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының, басшы орынбасарының бір бос лауазымына Кадр резервіне қабылданған екі және одан да көп педагог үміткер болған жағдайда, таңдау сертификаттың жоғары қорытынды балына сәйкес жүзеге асырылады (128-т.);

7 of 9

Педагогтер үшін�

- егер шағын жинақты мектептің бос лауазымына екі және одан да көп кандидат үміткер болған жағдайда қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады (133-т.);

- Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес болған жағдайда, Кодекстің 38-бабына сәйкес жұмыс берушінің тиісті актісін шығару жолымен педагогті бір білім беру ұйымының ішінде бір лауазымнан екінші лауазымға ішкі ауыстыруға жол беріледі (135-т.);

8 of 9

Жас мамандар бойынша

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы бойынша GPA 3,33 балдан төмен емес оқу нәтижесімен бітірген тұлғалар сертификаттаудан өткені туралы құжаты болған жағдайда, конкурстық рәсімдерден өтпей жұмысқа қабылданады (136 т.);

- еңбек өтілі жоқ кандидат үшін бағалау парағы жеке әзірленді.

Сондай-ақ апелляциялық комиссиялардың (конкурс нәтижелерімен келіспеген жағдайда кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне шағымдануға құқылы) жұмыс тәртібі енгізілді.

9 of 9

Көрсетілген өзгерістер:

- конкурстық рәсімдердің ашықтығын арттыруға;

- білім беру жүйесін басқарудың заманауи құзыреттеріне ие білікті кадрлармен қамтамасыз етуге;

- конкурстық рәсімдерде жас мамандарға тең мүмкіндіктер беруге бағытталған.