1 of 13

Т.Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназия

«Оқуға құштар мектеп»

жобасы аясында атқарылған

іс-шаралардың есебі

Кітапхана меңгерушісі: Жылкыбаева Б.Ж.

Кітапханашы: Токбаева Ж.П.

2 of 13

3 of 13

4 of 13

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігін, оқу мәртебесін, оқу сапасын арттыру, рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, кітап оқу дәстүрін жаңғырту,  еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Таңғы шуақ», «Мәуелі бақ», «Ана Жер Ана», «Қазығұрт» атты өлең жыр кітаптарының авторы, «Алтын қалам» балалар шығармасының жүлдегері, балалар жазушысы Дәркен Өміртайұлы Танабаев және ақын, облыстық «Шам» жас ақындар орталығының төреағасы, «Тәубе», «Мария», «Иликай» атты кітаптарының авторы Сүндет Мұратбекұлы Сейітовпен «Ақын-елдің ардағы» атты ақын-жазушылармен кездесу кеші өткізілді. Кеште оқушыларға ақын- жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығы жайында таныстырылып, слайд көрсетіліп, 6-8 сынып оқушылары ақындардың өлеңдерін жатқа айтып, өз өнерлерін ортаға салды. 8-9 сынып оқушылары ақындарға сұрақтар қойып, сыр-сұқбат жүргізді. Мектеп әкімшілігі ақындарға ризашылығын айтып, алғысын білдірді.

 

5 of 13

Бүгін біздің мектебімізде халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай «Бейбіт күннің батырлары» атты желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кештің қонақтары «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, желтоқсан оқиғасының куәгері, ардагер Наханов Ниязбек Нұрмаханбетұлы, «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Отан патриоты» медалінің иегері, желтоқсан оқиғасының куәгері, ардагер Шахманова Майра Шахмановна және «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Ұлағатты ұстаз» медалінің иегері желтоқсан оқиғасының куәгері, ардагер, №47 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Тұртбаева Гүлжарқын Қадырқұлқызы қатысты. Ісшара барысында 3,6,7 сынып оқушылары ақындардың өлеңдерін жатқа айтып, өз сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салып, сыр-сұқбат жүргізді. Сонымен қатар, домбырашылар тобының орындауында «Ерке сылқым» күйі орындалды. Ісшара соңында мектеп әкімшілігі ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

6 of 13

7 of 13

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 05 қарашадағы №5-18-4/3950 хатын орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шымкент қаласы, білім басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия ұжымындағы жас мамандардың оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу мәдениетін арттыру мақсатында «Оқырман мұғалімдер» клубының отырысы өтті. Клуб отырысында жалпы білім деңгейін, мәдени-танымдық көзқарасын және шығармашылық ынтасын арттыру, клуб мүшелерінің ұрпаққа ұлағатты, рухани ақыл кеңестері мен даналық әңгімелерін насихаттау, клубқа қатысушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында мұғалімдер жаңа әдеби кітаптарға талдау жасап, өз ойларын ортаға салды.

8 of 13

Шымкент қаласы, білім басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың оқу мәртебесін, оқу белсенділігін, оқу сапасын және балалар мен жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында 3 «а» сынып оқушыларымен «Біз оқимыз» тақырыбында кітапхана қорына жаңадан келген ертегі кітаптарға шолу жасалынды. Оқушылар оқыған ертегі кітаптары туралы айтып, өз ойларымен бөлісті. Кітапханашылар оқушыларды кітапханаға келіп әдеби, ертегі және тағы басқада кітаптарды оқуға шақырды.

9 of 13

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 05 қарашадағы №5-18-4/3950 хатын орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шымкент қаласы, білім басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия ұжымындағы жас мамандар кітапханада QR-код арқылы кітаптарды оқыды. Кітапханашылар QR-кодты қолдану жолдарымен таныстырып, қолдану тәсілінмен таныстырды. Тақтайшадағы кітаптардың төменгі тұсында штрих-код орналасқан. Әуелі смартфоныңызға QR-сканер қосымшасын жүктеп алып, қосымшадағы сканер батырмасына басасыз. Одан кейін өзіңіз оқығыңыз келген жинақтың төменгі тұсында орналасқан штрих-кодқа алып барсаңыз, бірнеше секунд ішінде кітаптың электронды нұсқасын жүктеуіңізді сұрайды. Кітапты телефон жадына сақтау арқылы оны кез келген уақытта оқуға мүмкіндік аласыз.

 

10 of 13

Кітапханамызда «Буккроссинг» акциясы жүргізілді. Акциясының негізгі мақсаты оқушыларымыздың кітап  оқуға  деген қызығушылығын арттыру. Тіл байлығын дамыту мақсатт акция ұйымдастырылды.

Оқыған қызықты кітап болса соны алып келіп, орнын оқымаған кітаптарын алмастырып алып отырды. Аталмыш алмасу акциясына «Буккроссинг» 1-11 сынып оқушыларының, ұстаздардың, ата-аналардың қатысуымен жүргізілуде.

Акцияға қатысушыларға алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да акциямыз жалғасады.

11 of 13

12 of 13

№47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп-гимназиясында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тіл құдіреті» байқауының жеңімпазы, облыстық байқаулардың поэзия жанры бойынша 1 орын иегері, жас ақын Арайлым Мұраталиева және «Көңіл күйсандығы» жыр жинағының авторы, облыстық жыр мүшәйраларының жүлдегері, ақын Ақбота Бейбітбекпен «Жырлайды жүрек» атты ақын-жазушылармен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кеште жас ақын қыздардың өмірбаянымен шығармашылықтары туралы айтылып, слайд көрсетілді. Ісшара барысында 8-9 сынып оқушылары ақындардың өлеңдерін жатқа айтып, өз сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салып, сыр-сұқбат жүргізді.

Ақын қыздарымыз өздерінің өлеңдері енген «Жаңа ғасыр әуендері» атты жыр жинағын кітапханаға сыйға берді. Мектеп әкімшілігі ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

13 of 13