Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің
2025-2026 оқу жылының қабылдау комиссиясының есебі
Талғар 2025ж
Комиссия мүшелері
Бозымбекова Динара Боларбековна
Дайырбек Айжан Қайратқызы
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің 2025-2026 оқу жылының талапкерлерді қабылдау жұмыстарын бекітілген құрам бойынша, комиссия 2025 жылдың 25 маусымынан өз жұмысын бастады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы, қабылдау комиссиясының жұмыс жоспары бекітілді. Қабылдау комиссиясына құжаттарды қабылдау үшін колледж фойесі бекітілді.
Құжаттарды күндізгі бөлімге қабылдау 2025 жылдың 25 маусым-28 тамыз аралығында жүргізілді.
Республикалық бюджеттен негізгі орта білім бойынша жалпы – 355 орын, техникалық және кәсіптік білім бойынша 25 орын берілді
Білікті жұмысшы кадрларды даярлау мамандықтарына құжаттар қабылданды:
07310300-«Жерге орналастыру»
Квалификациясы 4S07310302- «Техник – жерге орналастырушы»
08410100-«Ветеринария»
Квалификациясы 4S08410104- «Ветеринарлық техник»
Квалификациясы 3W08410103 - «Ветеринар санитар»
07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
Квалификациясы 4S07130704 «Техник – электромеханик»
Квалификациясы 3W07161303 «Автокөлік жөндеу шебері»
06130100-«Бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша)
Квалификациясы 4S06130103-«Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы»
Квалификациясы 3W06120101 -«Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы»
04110100-«Есеп және аудит»
Квалификациясы «Бухгалтер»
Жетім балалар саны - 3
ТжКОББ БАЗАСЫНАН кейін құжаттар қабылданды
08410100-«Ветеринария»
Квалификациясы 4S08410104-»Ветеринарлық техник»
КОНКУРС НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША, МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСҚА ТАЛАПКЕРЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасындағы Конкурс күнтізбелік жылдың 26-27 тамызы аралығында, ТжКОББ базасында күнтізбелік жылдың 27-28 тамызы аралығында конкурс өткізілді.
Бағалардың орташа балы:
негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) - үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан/баллдарынан:
ОКБ = (МП+БП1+БП2)/БС
Мұнда: МП-міндетті пәннің бағасы;
БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;
БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;
БС-бағалар саны;
Талапкерлер қабылданды