Мақсаты:
Ғылыми жобаның тиімділігі:
«Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын,
өз істегенімді меңгеремін» деп Конфуций айтқандай
көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,
оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға,
шығармашылық қабілетті жетілдіруге, тапқырлыққа,
жаңа ғылыми ізденіске жетелейді.
Ғылыми жоба жұмыстары- оқушылардың жеке,
жұптық немесе топтық зерттеу жұмыстары бойынша жүзеге асады.
Тақырыптың өзектілігі
Зерттеу мақсаты
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба
жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін талдау,
оның тиімділігін талдау
Күтілетін нәтиже
1. Оқушылардың зерттеу жұмысына деген
қызығушылығының, ынтасының артуы
2. Жасампаз және өнерпаз тұлғаның қалыптасуы
3. Тілдік қорының кеңеюі
4. Еңбекті бағалай білетін тұлға
Ғылыми жобада
-Бет парақ (титул парағы);
-Мазмұны;
-Кіріспе;
-Теориялық бөлім;
-Зерттеу бөлімі;
-Қорытынды;
-Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
-Қосымша материалдар (кесте, таблица, суреттер)
Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі
оқу орнының мөрімен расталады.
3. Зерттеу күнделігі
Бет парақты рәсімдеу
- Ғылыми жетекшісі;
Мазмұны бар беттерді рәсімдеу
А) Беттің жоғарғы бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны»)
Ә) Мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:
-Кіріспе;
-І тарау (1.1, 1.2, 1.3,) деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады;
-ІІ тарау (2.1, 2.2, 2.3 тармақшалары)
-Қорытынды
-Әдебиеттер тізімі;
-Қосымша (егер бар болса)
Б) Бет нөмірі 3-ші беттен басталатын кіріспе бөлімнен басталады
(1-ші бет – бет парақ нөмірленбейді, бірақ ескеріледі.
2-ші бет мазмұны нөмірленбейді, бірақ ескеріледі.
Ғылыми жобаның кіріспесін рәсімдеу
көкейтестілігі, мақсаты айтылады.
Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі
-Мәтін компьютерде терілуі керек
-Сызық көлемдері: сол жаққа- 2,5 см, оң жақ- 1 см, жоғары-2 см, төменгі -2 см
-Әріп Times New Roman 14 кегль;
-Абзац болу керек;
-Жол арақашықтығы 1,5;
-Кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі әр жаңа беттен
басталады;
-Ғылыми жобаның әр бөлімінің атауы майлы шрифтпен ортаға жазылады;
-Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмауы керек;
-Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың
негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және
практикалық мақсатта пайдалану бойынша айтылады;
Аннотацияның жазылуы
-Аннотация (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын
көрсетеді және оған:
-Зерттеу мақсаты;
-Зерттеу обьектісі;
-Зерттеу кезеңдері;
-Эксперимент әдісі;
-Зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;
-Жұмыс нәтижелері және қорытындымсы;
-Нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.
Ғылыми жетекшінің пікірі
Әр жұмысқа ғылыми жетекшінің пікірі берілу керек.
Онда таңдалған тақырыптың көкейтестілігі,
автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері мен
нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі.
Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен және мөрімен расталады.
Ғылыми жетекші -
ғылыми атақ дәрежесі бар,
жоғарғы оқу орнының немесе
шығармашылық орталықтың
қызметкерлері болуы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер жұмыс соңында
төмендегі тәртіппен жүргізіледі
- Автордың аты – жөні;
- Мақаласының немесе журналдың атауы;
- Басылып шыққан баспасы;
- Шыққан жылы, беті, нөмірі;
Ғылыми зерттеу күнделігі
Зерттеу тақырыбы
Оқушының Т.А
Мектеп, сынып
Ғылыми жетекші А.Т.Ә.А
Сондай-ақ күнделіктің бет парағында мектеп мөрі мен директордың
мөрі болу керек. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары
Кезең-кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:
№ | Жұмыстың мазмұны | Зерттеу әдістері | Ескерту |
| | | |
Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның
әр бетіне қолын қою керек
Оқушының іс-әрекеті | Мұғалімнің іс-әрекеті |
- Оқушы- оқыту субьектісі | - Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы |
- Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субьект | - Бағыт- бағдар беруші |
- Өзін-өзі және бірін- бірі оқытушы | - Оқушының жетістігін құптаушы |
-Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі |
|
- Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға | - Мақсаттарға жетелеуші |
Оқушылардың ғылыми жоба жұмысын ұйымдастыру кезінде оны жоспарлай білу
Жоба жұмысы кезеңдері | Жұмыстың мазмұны | Мұғалімнің негізгі іс - әрекеттері | Оқушылардың іс- әрекеттері |
| Жоба тақырыбын анықтау | Оқушы пікірін еске ала отырып бір бағыт төңірегінде тақырып таңдайды. | Жобаның түпкі мақсатын анықтайды, өз ойын ортаға салады. |
2.Жоспарлау | Топқа бөлу, ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. | Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. | Нәтижеге жету уақытын белгілейді. Жауапкершілікпен қарайды. |
3.Зерттеу жұмысы. | Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, сұхбат, анкета, бақылау. | Оқушы күнделігін бақылап, алдағы жұмысқа бағыт береді. | Зерттеу күнделігіне жұмысын жазу, шығармашылық белсенділік. |
4.Нәтижені талқылау | Ақпаратты талдау, шешім шығару, жобаның қайда, қалай өтетінін жоспарлау. | Бақылайды, кеңес береді, оқушыларды бағалайды, сыйластыққа шақырады. | Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады. |
5.Жоба қорғау. | Оқушы өз ғылыми жобасын қорғайды. | Тыңдайды, оқушыға сөйлеуге мүмкіндік береді. | Алынған нәтиже туралы есеп береді, сөйлеу мәдениетін сақтайды. |
6.Бағалау және марапаттау. | Оқушы еңбегі бағаланады, марапатталады. | Оқушыға қолдау көрсетеді, алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді. | Өз жұмысына баға береді, сын ескертулерге түсіністік пен қарайды. |
Баяндау мәдениеті
Ғылыми жобаны қорғау кезінде
демонстрациялайтын материал дайындауға болады.
Көрнекіліктің көлемі оқушының жасына, бойына
сәйкес дайындалуы тиіс.
Байқауға ұсынылған жұмысты бағалау парағы
Критерийлері | Ең жоғарғы ұпай | Бағалау негіздемесі |
Тақырыптардың өзектілігі | 10 | |
Ғылыми жаңалығы | 10 | |
Қойылған міндеттердің шешімділігі | 10 | |
Материалдың толықтылығы мен логикалық байланысы | 10 | |
Алынған нәтижелердің теориялық маңызы. Ғылыми жұмыс әдіснамасының тиімділігі | 10 | |
Алынған нәтижелердің тәжірибелік маңызы | 10 | |
Қорытынды ұпай | 60 | |
Зерттеу тәртібі мен зерттеу әрекетінің әдіснамалық негізі
әрекетте жатыр. Сондықтан оқушының зерттеу әрекеті,
зерттеу тәртібі күрделі кіріктірілген білім болып табылады.
Зерттеу- дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың
потенциалды қабілетін ашу мүмкін емес.
Дарынды оқушылардың ізденушілік қасиетін қалыптастыру
зерттеуде оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы
жүзеге асады.
Солардың ішіндегі ең тиімдісі- біздің елімізде соңғы уақытта
оқушылардың ізденісін республикалық, сондай-ақ халықаралық
деңгейде көрсетіп жүрген – ғылыми жоба жарысы.
Ғылыммен айналысатын терең ойлы,
дарынды оқушыларыңыз көбейе берсін !