«Биология және кәсіптік бағдар: интеграциялық тәсілдер»
Биология пәні мұғалімі Г.С.Нарегеева
Батыс Қазақстан обылысы әкімдігі білім басқармасының
Орал қалалық білім беру бөлімінің
№ 47 Қадыр Мырза Әлі атындағы ЖОББМ
Орал-2025 ж
1 тапсырма - «Рөлдік ойын»
Топ биология пәніне байланысты бір немесе бірнеше мамандықты таңдап, олар туралы шағын көрініс дайындайды. (Рөлдік ойын) Биология сабағымызда бұл мамандықтарды оқушыларға қалай қызықты етіп танытуға болады?»
Дескриптор:
2 тапсырма - «Сабақтағы кәсіби бағдар»
“Өз сабағымызда кәсіби бағдар элементтерін қалай ендіреміз?”
Топ белгілі бір сыныпқа (мысалы, 9-сыныптағы “Адамның қан айналымы жүйесі”) сабақ жоспарын жасайды. Бірақ сабақ барысында оқушыларға нақты бір мамандықпен байланыстыру керек (мысалы, кардиолог, хирург, лаборант). Тапсырма соңында «Осы тақырыпты меңгеру қай мамандыққа қажет?» деген бағытта шағын кәсіби бағдар жұмысы жүруі керек.
Дескриптор:
3 тапсырма - “Маманмен кездесу сценарийі”
Оқушылардың таңдаған мамандығы бойынша нақты мамандармен сұхбаттасуына мүмкіндік жасау мақсатында оқушылар үшін маманмен (дәрігер, эколог, зерттеуші т.б.) кездесу ұйымдастыру жоспарын жасаңыз.
Дескриптор:
4 тапсырма - «Эксперимент негізінде мамандықты таныстыру».
Мына тәжірибені жасау арқылы оқушыларды қандай мамандыққа қызықтыра аламыз?
НӘРУЫЗ ДЕНАТУРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ РЕНАТУРАЦИЯСЫ🔥
Дескриптор:
5 тапсырма - «Жағдаяттық сұрақ »
Сіздің сыныбыңызда ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) оқушы бар. Ол сабаққа қызығушылық танытады, алайда күрделі тапсырмалардан қорқады және өз болашағы туралы нақты түсінігі жоқ. Сіз биология сабағында кәсіби бағдар элементін енгізіп отырсыз. Сұрақ: Сіз осы оқушыны қандай тәсілдер арқылы кәсіби бағдармен таныстырар едіңіз? Оның қызығушылығын арттырып, сенімін жоғалтпай, қолайлы мамандықты таңдауына қалай көмектесер едіңіз?
Дескриптор:
ЕББҚ оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып кәсіби бағдар беру тәсілін ұсынады;
«Тренд талдау»
-Тақырыптың бүгінгі өзектілігі
-Тақырыптың ертеңгі өзектілігі