1 of 9

«ОТБАСЫ –

БАҚЫТ МЕКЕНІ»

Консультациялық пункт жұмысы

«Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК

Әзірлеген:

бөбекжай әдіскері

Сейтжапбарова Г.Б.

2 of 9

Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман - саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасын бірлесіп бірге күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы құрайды. Ал жанұяның береке - бірлігі - әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзінде.  

3 of 9

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата - ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор.

Отбасы - деген шағын ғана мемлекетіңіздің берік те бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек. Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді.

4 of 9

Отбасылық бақыт - бұл отбасының әрбір мүшесінің сүйіспеншілікпен және

құрметпен қарым - қатынас жасауы.

Отбасылық бақыт – барлық отбасының түсінігі жеке тұлға болып табылады және

факторлардың тұтас кешені олардың көп қырлылығының комбинациясы.

Отбасылық бақыт құрылымы - махаббат, құрмет және сенім.

5 of 9

Отбасы бақыты жақын адамдар бір - бірін түсінгенде сөзсіз дос болады.

Бақыт - барлық отбасы мүшелерінің үйде болған кезде сезіледі.

Отбасы бақыты - отбасы мүшелерінің татулығында.

Бақытты сәт - отбасы мүшелерінің бір-біріне сыйлықпен құрметтегенде.

6 of 9

Бақыттың кепілі - отбасы мүшелерінің бір - біріне түсіністігі мен сенімділігі.

Отбасын біртұтас және берік ететін, отбасы бақытын құрайтын нәрселерді отбасы құндылықтары деп атайды. Құндылықтар, құнды қасиеттер.

Балалар ата - анасының қамқорлығын сезініп, жақсы көргенін, түсінсе бақытты.

Ата - ана балаларынан өзара сүйіспеншілікті, олардың ілтипатын, жылуын сезінсе бақытты.

7 of 9

Отбасы - адамның ең құнды күші. Балалар мен ересектердің өзара түсіністігі, сүйіспеншілігі мен сеніміне негізделген татулық, берекелі отбасында өмір сүруге деген ұмтылыс болуы дәстүрлі қалып.

Отбасы құндылықтары ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан құндылық. Бұл бақытты қорғау керек. Ал шын бақытты адам - үйінде бақытты болған жан.

8 of 9

Отбасы туралы қанатты сөздер

  • Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны.

Антон Семенович Макаренко

  • Отбасы өмірді кемеліне келтіреді... бақыт әкеледі.

Антон Семенович Макаренко

  • Еңбексіз, тыңғылықты, байыпты еңбексіз отбасы бақытты дегеніміз бос қиял болмақ.

Константин Дмитриевич Ушинский

  • Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш – бала сүю.

Бауыржан Момышұлы

  • Ата - аналар балаларына сыйлы болуға тиіс. Бірақ сыйластық сүйіспеншіліктен туындауы қажет...

Виссарион Григорьевич Белинский

9 of 9

Отан - қуат,�Отбасы - шуақ.

***

Отбасының өнегесі -

Отан өнегесі.

***

Отбасының сәні - сыйластық,

Достың сәні - қимастық.

***

«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,

Ағайынға жарасар.

***

Елін сүйер сеніңіз,�Өз отбасын сүйе алған.

Отбасым - менің жүрегім�Отбасым - менің тірегім�Отбасым – менің Отаным�Тек сен деп соғар жүрегім.

Отбасым менің — бақытым

Отбасым менің — шаттығым

Отбасым барда ешқашан

Үзілмес менің үмітім.

Отбасым сен айнымас,

Жүрегімсің, тірегім.

Шын жүректен өзіңе,

Бар жақсыны тіледім.

Отбасы туралы мақал – мәтелдер мен өлеңдер