1 of 14

Дәріс 1. �Прокариотты клеткалардың пішіні, клетка пішіндері бойынша топтары. Микроорганизмдердің сирек кездесетін формалары.

Дәріскер: б.ғ.к., проф. Уалиева П.С.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

2 of 14

Дәрістің мақсаты: Прокариоттардың клетка пішіндері және пішіндері бойынша топтарымен таныстыру��Міндеттері: Бактериялардың негізгі морфологиялық түрлері,�микроорганизмдердің сирек кездесетін формалары туралы мәліметтер беру

3 of 14

Микроорганизмдер формасына қарай 3 топқа�бөлінеді:

  • Шар-сфера тәрізді бактерия немесе коктар (коккалар)
  • Таяқша тәрізді бактериялар немесе цилиндр тәрізді
  • Иілген бактериялар немесе спиральді түрі

Ерекше формалар мен жіп тәрізділер бактериялар

4 of 14

Бактериялардың клетка пішіндері

5 of 14

Сфера тәрізді бактерия немесе коктар (коккалар) (гр. Kokkos - дән) дөңгелек пішінді.

Шар тәрізді бактериялар бөлінгеннен кейінгі клетка орналасуына байланысты өз ішінде 6 топқа бөлінеді:

  1. Монококтар немесе микрококтар - Micrococcus – коктар бір жазықтықта бөлінеді және бөлінгеннен соң клеткалар ұқсас орналасады.
  2. Диплококтар – Diplococcus – бір жазықтықта бөлінетін коктар және бөлінген соң олардың клеткасы жұп орналасады.
  3. Стрептококтар - Streptococcus - бір жазықтықта бөлінген соң, клетка арасында байланыс қалады және тізбек тәрізді орналасады, Коктың тізбегі 3-4 клеткадан немесе ұзын10 шақты болуы мүмкін.

6 of 14

4. Тетракоктар - Tetracoccus - екі жазықтықта бөлінген соң тетрада түзеді. Тетрадалар сирек кездесетін түр. Кейде тетрадалар жазық тік бұрышты пластинка түзеді.

5. Сарцина – Sarcina - 3 жазықтықта бөлініп болған соң 8, 16, 32, 64 клеткадан пакет тәрізді орналасады.

6. Стафилококтар – Staphylococcus - бірнеше жазықтықта бөлінгеннен кейін клеткалар жүзім шоғыры тәрізді орналасады.

Коктар дұрыс шар тәрізді ғана емес, олар ланцет тәрізді, овальді, ұзынша, жасымық тәрізді, кофе дәніне ұқсас, бір немесе бірнеше жағынан езілген тәрізді. Кейбір клетка талшықты болуы мүмкін эндоспоралар, бірақ көптеген коктар қозғалмайды, эндоспора түзбейді.

7 of 14

Таяқша тәрізді бактериялар немесе цилиндр тәрізділер

Бактерияның цилиндрлі түрі (гр. Bacteria - бактерия, лат. Bacillum - таяқша) көпшілік бактерияларға тән. Таяқша тәрізді клеткаларда енінен ұзындығы артық болады. Таяқша тәрізді бактериялар эндоспора түзетін (Bacillus, Clostridium) және түзбейтін (Pseudomonas, Xanthomonas) болып бөлінеді. Спора түзетін бактерияларды бациллдер деп атайды.

Таяқшалар бір-біріне ұқсас болып келеді, орналасуына байланысты: диплобактерия 2 клеткадан (диплобактерия немесе диплобациллдар), стрептобактериялар тізбекті (немесе стрептобациллдар) болып орналасады.

8 of 14

  • Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығы, көлденең диаметрі бойынша және орналасу қасиетіне байланысты бөлінеді. Ұзын таяқшалар, өте қысқалар (1 мкм-ден қысқа), ұзындығы клетка диаметрінен сәл жоғарлатады, сондықтан коккобактериялар деп аталады Көлденең диаметрі бойынша олар жіңішке (Mycobacterium tuberculosis - туберкулез қоздырғышы, M.lepra қоздырғышы және қалың (Bacterium subtilis - таяқша, Escherichia coli - ішек таяқшасы, Clostridium perfringens - газды гангрена қоздырғышы) болады. Таяқшаның ұшы домалақ, дизентерия, оба), шеті кесілген (сібір жарасының қоздырғышы), ұшты (Cytophaga), қалың (дифтерия қоздырғышы) болып бөлінеді.

9 of 14

Таяқша тәрізді бактериялар

10 of 14

Бактерияның спиральді түрі

Бактерияның спиральді түрі клетканың мөлшері және иірілімі, ұзындығы, қалыңдығы бойынша ерекшеленеді. Оларды иілмейтіндер және иілетіндер түріне бөлуге болады.

  • Вибриондар иілген таяқша немесе үтір тәрізді.
  • Спириллалар спиральді иілген клеткалар, көлденең диаметрі үлкен және ұзын иірілімдерінің саны аз.

11 of 14

  • Спирохеталар иілетін, жіңішке, спиральді иілген клеткалар. Олар сыртқы қабықтан, протоплазматикалық цилиндрден және аксиальді жіптен тұрады. Аксиальді жіптер протоплазматикалық цилиндрді орап, клеткаішілік құрылымды құрайды (периплазматикалық кеңістікте орналасқан). Спирохетаның аксиальді жіптері бактерия талшықтарының аналогы болып табылады.

12 of 14

  • Ерекше формалы сирек кездесетін бактериялардың морфологиясы әр түрлі. Тороидальды (тұйық немесе тұйық емес сақина) Microcyclus туысы бактериясынан табылған, фимбрия көмегімен (клетканың өсінділері) жинаққа - розеткаға бірігеді, ал Spirosoma тусының бактерияларында клеткалары бір-біріне жабысып, ұзындығы 40-50 мкм спираль түзеді. Stella (жұлдыз) туысты бактерияның жұлдыз тәрізді клеткалары алты бұрышты жұлдызды еске түсіреді және ил мен торфаларда табылған. Арқан тәрізді клеткалар жұлдыз тәрізді түрдің жинақталуын түзеді (Seliberia stellata). Геометриялық әр түрлі формалы тегіс квадратты пластинка және қорап тәрізді тегіс клеткалар формалары архебактерияларға тән. Өткір жіңішке ұшты құрт тәрізді клеткалар кездеседі.

13 of 14

Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Микроорганизмдердің клетка пішіндері бойынша қандай топтарға бөлінеді?
  2. Бациллалар дегеніміз қандай бактериялар?
  3. Микроорганизмдердің сирек кездесетін түрлері қандай?

14 of 14

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Шигаева М.Х., Қанаев А.Т. Микробиология және вирусология. Қазақ Университеті, 2020 ж.
  • Шигаева М.Х., Цзю В.Л. Общая микробиология. Қазақ Университеті, 2008 г.
  • Зверев В.В., Бойченко М.Н. Микробиология. Учебник. ГЭОТАР-Медиа, 2022 г.
  • Уалиева П.С., Абдиева Г.Ж. Микробиологиядан зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар. Қазақ Университеті, 2017 ж.