«ЖАС ДАРЫН» МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙ -МЕКТЕБІ
«БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛГОРИТМІ»
ЖАНҒАЗЫ Г.С.
мектеп-лицейінің басшысы,
АЛЬМЕНОВА Ж. К.
мектеп-лицей басшысының орынбасары
Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау тәсілі
Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы – білім беру ұйымының өз қызметін өз бетімен бағалау механизмі.
4. оқу мерзімінің сәйкестігі
1. оқу нәтижесіне бағдарлана отырып, білім беру мазмұнын;
3. білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) дайындық деңгейі;
2. білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары мөлшері;
Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауын қалай жүргіземіз
Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауын жүргізу үшін көрсетілетін білім беру қызметтерінің МЖМБС-тің жалпы талаптарына сәйкестігін талдау керек:
1.Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын төрағаны қоса алғанда, білім беру ұйымының кемінде бес (тақ саны) қызметкерінен тұратын комиссиямен жүргізу ұсынылады.
2.Комиссия төрағасы болып білім беру ұйымының бірінші басшысын анықтау ұсынылады. Комиссия төрағасы білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауын жалпы жоспарлауды және оған басшылықты жүзеге асырады.
3.Төраға Бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауын жүргізу бойынша нақты тапсырмаларды комиссия мүшелері арасында бөледі.
1. КОМИССИЯ ҚҰРУ
Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы жыл сайын жүргізіледі, бұл ретте білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ескере отырып, бағаланатын кезең толық оқу жылы болып табылады.
2. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МЕРЗІМІ
3. ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ
1.Оқыту нәтижелерін бағалау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйым әзірлеген компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу) технологиясы бойынша 4, 9-сынып оқушылары арасында жүргізіледі;
2.Компьютерлік тестілеу оған білім беру нәтижелерін бағалауға жататын белгілі бір білім деңгейі контингентінің тізімдік құрамынан білім алушылардың кемінде 90 % (білім беру ұйымдары үшін 10 немесе одан аз білім алушыларды құрайтын түлектердің жалпы саны – кемінде 80%) қатысқан кезде жүргізіледі;
3. ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ
3. Білім алушылар компьютерлік тестілеу рәсімінен босатылады және келесі жағдайларда оқу нәтижелерін бағалауға жататын білім алушылар контингентінің тізімдік құрамына енгізілмейді:
-психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындылары (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін);
-білім беру ұйымын бағалау кезеңінде денсаулық жағдайы немесе полимеразды тізбекті реакцияның оң нәтижелері бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындылары;
- Қазақстан Республикасы БҒМ 2011 жылғы 7 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларға, конкурстарға және жарыстарға, орындаушылар конкурстарына, кәсіби шеберлік конкурстарына және спорттық жарыстарға қатысу туралы білім басқармасының бұйрығы;
4. Компьютерлік тестілеу нәтижелері цифрлық бес балдық жүйе бойынша бағаланады, бұл ретте апелляция рәсімі көзделмейді;
5. Білім алушылардың даярлық деңгейін бағалау нәтижелері талаптарға сәйкес деп есептеледі
4. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Егер білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмесе, білім беру ұйымдарының қызметін бағалау кезінде балдар
Білім беру ұйымдарын бағалау критерийлеріне деңгейлердің біріне және «үлгілі» - 5, «жақсы»- 4, «жақсартуды талап ететін»- 3, «төмен» - 2 балына сәйкес келетін өлшеуіштер қолданылады.
Ұсынылатын білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін айқындау үшін 4, 9 – сынып оқушыларының педагогтеріне, білім алушыларына және ата-аналарына (заңды өкілдеріне) сауалнама жүргізіледі; білім беру ұйымында бітіру сыныптары болмаған кезде-жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарына (заңды өкілдеріне) сауалнама жүргізіледі