"Дене шынықтыру" пәні бойынша оқушылар олимпиадасы
Дене шынықтыру олимпиадасы – жас спортшылардың басын қосатын маңызды шара. Бұл оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырады. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттайды.
Білім алушылар Олимпиадасы келесі құжаттарға сәйкес өткізіледі:
1) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;
2) «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және
халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми
жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы;
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
«Дене шынықтыру» пәнінің білім беру бағдарламасын зерделеу шеңберінде білім алушылардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын арттыру;
Білім алушылардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын тәрбиелеу;
Дене тәрбиесі арқылы білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіру;
Жалпы білім беретін ұйымдарда дене шынықтыру мен спортты дамыту деңгейін арттыру.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
Орта білім беру ұйымдарының білім алушыларында «дене шынықтыру» пәні бойынша білім,тәсіл және дағдылардың қалыптасу деңгейін анықтау.
Салауатты өмір
Білім алушылардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын тәрбиелеу.
Дарындыларды анықтау
Спорттағы дарынды оқушыларды табу және қолдау.
Өткізу кезеңдері
1
Мектепішілік кезең
қыркүйек айында
2
Аудандық кезең
30 сәуір айына дейін жоспарланған.
3
Облыстық кезең
17 мамыр айында дейін өткізіледі.
4
Республикалық кезең
28мамыр 02 маусым айлары аралығында аяқталады.
Олимпиадаға қатысушылар
5-6 сыныптар-10оқушы
(5 ұл бала, 5 қыз бала)
7-8 сыныптар-10 оқушы
(5 ұл бала,5 қыз бала)
Теориялық бөлім
Теориялық тапсырмалар
Теориялық бөлімнің мазмұны 5-6,7-8 сыныптарға арналған дене шынықтыру бойынша Үлгілік оқу бағдарламасының бөлімдеріне сәйкес сыныптар бойынша оқыту деңгейіне сай "Дене шынықтыру" пәнінің негізгі білім көлемі бойынша тест тапсырмаларын қамтиды.
Олимпиаданың әр бір қатысушысы тест түрінде орындайды.Тест сұрақтары- 25. Тапсырманы орындау-45 минут уақыт беріледі.
Бұл кезеңде оқушылардың теориялық білімдері тексеріледі. Олар дене шынықтырудың әр түрлі аспектілері бойынша білімдерін көрсетеді.
Практикалық бөлім – Дене шынықтыру бағдарламасының: гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындардың (баскетбол, волейбол, футбол), ұлттық ойын (асық ату -ұлдар), (бес асық -қыздар) негізгі бөлімі бойынша жаттығуларды орындау болып табылады.
I. Гимнастика
Байқаудың тапсырмасы – «Дене тәрбиесі» пәні бойынша жалпы білім
беретін мектептердің бағдарламасына кіретін элементтерден тұратын барлық
жастағы ұлдар мен қыздарға арналған акробатикалық комбинацияны
орындаудан тұрады.
Акробатикалық комбинацияны орындаудағы болжамды ең жоғары бағасы – 10,0 ұпай.
Гимнастика бойынша бағдарлама 5-6 сынып/қыздар/
Акробатикалық комбинация | Бағалау |
2. Алға қадам, бір аяғындағы тепе-теңдік ұстау, «Қарлығаш», қолдарын бүйірге ұстау. | 1,0 |
3.Денені жазып, алға қадам жасау, 360-қа бұрылып, аяқты алшақ қойып, алға қарай аунап түсіп, «бүктеліп» отыру. | 2,0 |
4. Жауырынымен артқа аунау «Қайың», осы қалыпты ұстау. | 1,0 |
5.Тіреліп отырып, алға қарай аунап түсу. | 0,5 |
6. Жартылай шпагат жасап, артқа аунау. | 1,5 |
7. Кеудені алдыңғы аяқтың санына жақындату. | 0,5 |
8. Жатқан күйде иықтан арқаға «Көпір» жасап аунау. | 2,0 |
9. Тіреліп отырып, жинақталып,алға қарай аунап түсу. | 0,5 |
10.Денені жазып, бір жағына аударылу /дөңгелек/ , аяқтарын алшақ қойып, қолдарын жан-жаққа жіберіп тұру. | 2,0 |
11.Оң аяқты қойып, 90-градусқа бұрылу, қолдары жан-жаққа жіберу. | 0,5 |
| |
Гимнастика бойынша бағдарлама 5-6 сынып/ұлдар/
Акробатикалық комбинация | Бағалау |
2. Алға қадам, бір аяғындағы тепе-теңдік ұстау, «Қарлығаш», қолдарын бүйірге ұстау. | 1,5 |
3.Денені жазып, оң аяқты сол жақтың алдына қилыстыру және тіреле отырып айналу. | 0,5
|
4. Секіріп, екі ұзын айналып тіреле отыру. | 2,0 |
5.Жаурынмен артқа аунау «Қайың», осы қалыпты ұстау. | 2,0 |
6. Тіреліп отырып, алға қарай аунап түсу. | 0,5 |
7. Тіреліп отырып, артқа қарай аунап түсу. | 1,5 |
8. Денені жазып, оң аяқты сол жақтың алдына қиылыстыру және тіреле отырып ойналу. | 0,5 |
9. Жанына аунап түсу. | 0,5 |
10. Оң аяқты қойып, 90-градусқа бұрылу, қолдарын төмен түсіру. | 0,5 |
11.Иілу арқылы жоғары секіру, аяқтар алшақ. | 0,5 |
| |
Гимнастика бойынша бағдарлама 7-8 сынып/қыздар/
Акробатикалық комбинация | Бағалау |
2. Алға қадам, бір аяғындағы тепе-теңдік ұстау, «Қарлығаш», қолдарын бүйірге ұстау. | 1,0 |
3.Денені жазып, алға қадам жасау, 360-қа бұрылып, аяқты алшақ қойып, алға қарай аунап түсіп, «бүктеліп» отыру. | 2,0 |
4. Жауырынымен артқа аунау «Қайың», осы қалыпты ұстау. | 1,0 |
5.Тіреліп отырып, алға қарай аунап түсу. | 0,5 |
6. Жартылай шпагат жасап, артқа аунау. | 1,5 |
7. Жатқан күйде иықтан арқаға «Көпір» жасап аунау. | 1,0 |
8. Тіреліп отырып, жинақталып,алға қарай аунап түсу. | 0,5 |
9. Денені жазып, бір жағына аударылу /дөңгелек/ , аяқтарын алшақ қойып, қолдарын жан-жаққа жіберіп тұру. | 2,0 |
10. Оң аяқты қойып, 90-градусқа бұрылу, қолдары жан-жаққа жіберу. | 0,5 |
11.Иілу арқылы жоғары секіру,аяқтар алшақ | 0,5 |
| |
Гимнастика бойынша бағдарлама 7-8 сынып/ұлдар/
Акробатикалық комбинация | Бағалау |
2. Алға қадам, бір аяғындағы тепе-теңдік ұстау, «Қарлығаш», қолдарын бүйірге ұстау. | 1,5 |
3.Денені жазып, оң аяқты сол жақтың алдына қилыстыру және тіреле отырып айналу. | 0,5
|
4. Секіріп, екі ұзын айналып тіреле отыру. | 2,0 |
5.Серпілу,аяқтарды тіктеу,баспен тұру/осы қалыпты ұстау. | 2,0 |
6. Аяқтарды бүгу,тіреле отыру. | 0,5 |
7. Тіреліп отырып, артқа қарай аунап түсу. | 1,5 |
8. Денені жазып, бір жағына аударылу /дөңгелек/ , аяқтарын алшақ қойып, қолдарын жан-жаққа жіберіп тұру. | 2.0 |
9. Оң аяқты қойып, 90-градусқа бұрылу, қолдарын төмен түсіру. | 0,5 |
Жеңіл атлетика
5-6 сыныптар
60 м жүгіру;
Орнынан ұзындыққа секіру;
Нығыздалған допты бастың артынан екі қолмен (1кг) лақтыру, аяқтарын біріктіріп отырып, тізелерді бүгуге болмайды.
7-8 сыныптар
60 м жүгіру;
Орнынан ұзындыққа секіру;
Нығыздалған допты бастың артынан екі қолмен (1кг) лақтыру, отырып аяқтарының арасы алшақ болуы керек, тізені бүгуге болмайды.
№ | Сынақтарды орындау | Бағалау | Қателер | Баға |
1 | Допты текшелерді (фишка) айналдыра отырып, алып жүру (сек.) | Уақытқа | | қортындылау |
2 | Допты қозғалыста лақтыру– 3 әрекет | Торға тұскен доп саны | - 1 ұпай (әрбір қатеге) | қортындылау |
3 | Айып добын лақтыру (5 мүмкіндіктен) | Торға тұскен доп саны | | қортындылау |
Спорттық ойындар
Баскетбол:
Волейбол: 7-8 сынып
Волейбол:
№ | Сынақтарды орындау | Бағалау | Қателер | Баға |
1 | Орнында тұрып допты 2 қолмен беру және қабылдау (10 рет беру). | балдар | 1 балл | Қортындылау балдан артық емес |
2 | Тор бойымен жұптасып түрған қалыпта бүйірлік қадаммен допты беру. | балдар | 1 балл | Қортындылау |
3 | Допты тор арқылы төмен (жоғары) тікелей беру. | балдар | балдар | Қортындылау |
Футбол:
№ | Сынақтарды орындау | Бағалау | Қателер | Баға |
1 | Допты текшелерді айналдыра отырып алып жүру (төрт текше) | Уақыт бойынша | Доптың текшелерге немесе аяқтың бір бөлігіне тиюі | Қортыдылау |
2 | Қақпаға соққы жасау (дәлдік) үш соққы. | Кіру саны | | Қортындылау |
3 | Допты алысқа беру. (үш соққы) | Метрлер | Допты алаңның сызығына тигізу. | Қортындылау |
№2 жаттығу
Ұлттық ойындар
Асық ату /ұлдар/.
Тапсырма жалпы 3 жаттығудан тұрады:
№1 жаттығу
Дәлдікке (мергендікке) 4-5 метр ату сызығынан көндегі кенейді үш мұмкіндікпен атып құлату-3 ұпай
Шеңберде жығылған кеней асықты (бестабан,диагональ, параллельден атып шығару) -3 ұпай
№3 жаттығу
Сақа үш мәрте иіру-9 ұпай
Асық ату жаттығуларын орындаудағы болжамды ең жоғары баллы-150 ұпай.
№2 жаттығу
№ | Бағалау | Бағалау | Қателер | Балл /15 ұпай/ |
1 | Мергендікке (дәлдікке) 4 метр қашықтықтан ату | Дәлдікке тиіп құлаған асықтың саны. Әр құлаған асық 1 ұпай. | -Ату сызығын басып ату; -Сақаны сырғытып ату; -Ойыншының тұрысы -Сақаның ережеге сәйкес ұстамау; /ескерту/. | 3 /ұпай/ Үш мүмкіндіктің нәтижелері қосылып жалпы балл саналады. |
2 | Шеңбердегі жығылған бестабан,диагональ параллель кеней асықтарды сақамен шеңбер сызығынан атып шығару. | Шеңберден шығару. Әр шыққан асық 1 ұпай | -Ату сызығын басу; -Қолды кілемге тигізу; -Сақаны қолдан түсіру; -Шертіп ату /ескерту/. | 3 /ұпай/ Үш мүмкіндіктің нәтижелері қосылып жалпы балл саналады. |
3 | Сақаны иіру | Алшы- 3ұпай Тәйке -2ұпай Бүк -1ұпай | Ойыншының тұрысы; Сақаны иіру кезінде: Қолды тізеден төмен түсіру; Қолды кіндіктен жоғары көтеру /ескерту/. | 3 /ұпай/ Үш мүмкіндіктің нәтижелері қосылып жалпы балл саналады. |
Асық ату 5-6 сынып /ұлдар/.
Асық ату 7-8 сынып /ұлдар/.
№ | Бағалау | Бағалау | Қателер | Балл /15 ұпай/ |
1 | Мергендікке (дәлдікке) 5 метр қашықтықтан ату | Дәлдікке тиіп құлаған асықтың саны. Әр құлаған асық 1 ұпай. | -Ату сызығын басып ату; -Сақаны сырғытып ату; -Ойыншының тұрысы -Сақаның ережеге сәйкес ұстамау; /ескерту/. | 3 /ұпай/ Үш мүмкіндіктің нәтижелері қосылып жалпы балл саналады. |
2 | Шеңбердегі жығылған бестабан,диагональ параллель кеней асықтарды сақамен шеңбер сызығынан атып шығару. | Шеңберден шығару. Әр шыққан асық 1 ұпай | -Ату сызығын басу; -Қолды кілемге тигізу; -Сақаны қолдан түсіру; -Шертіп ату /ескерту/. | 3 /ұпай/ Үш мүмкіндіктің нәтижелері қосылып жалпы балл саналады. |
3 | Сақаны иіру | Алшы- 3ұпай Тәйке -2ұпай Бүк -1ұпай | Ойыншының тұрысы; Сақаны иіру кезінде: Қолды тізеден төмен түсіру; Қолды кіндіктен жоғары көтеру /ескерту/. | 3 /ұпай/ Үш мүмкіндіктің нәтижелері қосылып жалпы балл саналады. |
Бесасық 5-6 сынып /қыздар/.
№ | Бағалау | Бағалау | Қателер | Балл /15 ұпай/ |
1 | Бірлік | Кілемшедегі асықты бір бірден алып ретімен қою, жинау. | -Дұрыс отырмау,асықты дұрыс иіріп шашпау; -Ханды жоғары лақтырылғанда бірден қағып алмау; -Ханда қағып аларда денеге не киімге тиіп кету; -Ойыншы жерден (кілемнен) асыұтарды алғанда,қолы басқа асықтарға тию. | 5 балл |
2 | Сарт сұрт | | Дұрыс отырмау,асықты дұрыс иіріп шашпау; -Ханды жоғары екі рет лақтырмау; -Ханда лақтырғанда қағып алмау; -Ойыншы жерден (кілемнен) асықтарды алғанда,қолы басқа асықтарға тию. -сарт сұрт дыбыс естілмеу. | |
3 | Нәби | Нәбиде асықты алақанның сыртынан, отауды кілемшеге тигізбей және шашылғанда денеге тигізбей орындау. | -Нәбиді сайламай ойын бастау; -Сайланған нәбиді ең соңынан сырғытып әкелмеу; -Асықтарға қолды тигізіп сырғыту; -Ханды қағып алалмау; -Нәбидің соңында ұолды кілемнен көтеру,жұмып ашпау. | 5 балл |
Олимпиаданың маңызы зор, нәтижелері жоғары.
Бұл шара жас спортшылар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Спортты дамытуға зор үлес қосады.