«Бухгалтерлік және экономикалық пәндер»
кафедрасының 2024-2025 оқу жылындағы
өткізілген іс-шаралары
2
«ШОТТАР ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ЕКІ ЖАҚТЫ ЖАЗУ» ашық сабақ өтті.
2024 жылдың 30 қыркүйек күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі «Бухгалтерлік және экономика пәндер» кафедрасының оқытушысы К. Т. Жайыкова «КМ.1 бастапқы құжаттармен жұмыс және олардың қозғалысын бақылау» модулі бойынша «Шоттар жүйесі және екі жақты жазу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы, екі жақты жазу тәсілін тиімді пайдаланып, тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, студенттердің білімін пысықтады. Студенттерге бухгалтерлік есеп әдісінің элементі екі жақты жазу әдісімен жұмыс жасауды және соған сәйкес шоттар корреспонденциясын дұрыс беруді, қаржылық есеп шоттарын ашуды, операцияларда бейнелеу тәртібін үйретті. Білім биржасы мен сергіту сәтінің тапсырмалары студенттерді қызықтырды.
Алған білімдерін жан-жақты дамытып, оларды қолдана білуге, машықтандыра отырып, ізденушілік қабілеттерін дамытты. Орындалған тапсырмалардың нәтижесіне сай сабақты қорытындылап, білім алушыларды https://college.snation.kz/kz/tko порталында бағалады.
«Шоттар жүйесі және екі жақты жазу» тақырыбындағы ашық сабақ .
4
«Бизнес және бәсекелестік»
«Бухгалтерлік және экономикалық пәндер» кафедрасы оқытушылары 31.10.2024ж колледжіміздің 55 жылдығы аясында «Бизнес және бәсекелестік» атты студенттік конференция ұйымдастырды.
Конференция мақсаты: Студенттерді нарықтағы бизнес пен бәсекелестік түсініктерін қалыптастыру, студенттерді кәсіп ашуға бағыттау.
Конференция міндеттері:
«SVU» ЖШС директорының орынбасары Козбахова Динара Лесбаевна қонақ ретінде қатысып, студенттердің жұмыстарына жақсы баға берді. Бизнес идеяларын таныстырған студенттер алғыс хатпен марапатталды.
«Бизнес және бәсекелестік» студенттік конференциясы
6
Білікті маман – жарқын болашақтың кепілі
Манап Өтебаев атындағы ЖЖТК-де «Бухгалтерлік және экономикалық пәндер» кафедрасының оқытушылары Назарова Г.Т., Сейдалы Б.П. 31 қазан 2024ж. 15-00 «Білікті маман – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында қалалық деңгейде дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты: тәжірибеге бейімделген білім беруді дамытудың өзекті сұрақтарын талқылау.
Дөңгелек үстел қонақтары:
«Білікті маман – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел
8
СУ – ХХІ ҒАСЫРДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ РЕСУРСЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттілігін, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман иелерін дайындауды міндеттеді. Сондай-ақ, елімізде су саласы мамандарын даярлау желісін кеңейту жоспарға енгізілген.
М.Өтебаев атындағы ЖЖТ колледжінде «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», «Гидротехникалық мелиорация» және «Гидротехникалық құрылыс» мамандықтары бойынша студенттер білім алуда.
2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Бухгалтерлік және экономикалық пәндер» кафедрасының оқытушысы, ВВ-01-24 тобының кураторы Э.У.Кемпрекованың ұйымдастыруымен 14.01.2025ж күні «Су – ХХІ ғасырдың стратегиялық ресурсы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерді болашақ мамандығына бейімдеу, су ресурстарын сақтау және оларды үнемді пайдалану жолдарын талқылау арқылы экологиялық білім беру.
«СУ – ХХІ ҒАСЫРДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ РЕСУРСЫ» тәрбие сағаты
10
11
«БИЗНЕС-СТАРТАП» ОРТАЛЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІПКЕРЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
10 сәуір 2025 жылы М.Өтебаев атындағы ЖЖТК Жұмысшы мамандықтар жылына арналған медиа жоспарына сәйкес ««Бизнес-стартап» орталықтары арқылы 25 колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру» аясында студенттердің бизнес жобаларын қорғау жүргізілді.
«Бухгалтерлік және экономикалық пәндер» кафедрасының оқытушылары Г.Т.Қосманбетова, Р.М.Бекбулатова, А.М.Оразбаева, А.Б.Молдахметова, С.М.Батырбаева жетекшілік етумен жасалған көптеген студенттердің бизнес жобалары қаралды.
«Бизнес-стартап» орталықтарының басты мақсаты: колледж студенттерінің кәсіпкерлік ойлауын дамыту, инновациялық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру және заманауи нарық талаптарына сай бизнес жүргізу дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру.
Бұл мақсатқа жету үшін оқу процесінде студенттерге кәсіпкерлік негіздері бойынша теориялық біліммен қатар, тәжірибелік жобалармен айналысу мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ, стартап-жобалар құру, бизнес-жоспар жасау, нарықты талдау, маркетинг, қаржылық сауаттылық және менеджмент салаларында машықтану арқылы олардың нақты кәсіпкерлік ортада жұмыс істеуге дайындығы артады. Мұндай орталықтар жастардың өз ісін ашуға деген қызығушылығын арттырып, ел экономикасының дамуына үлес қосатын жас буынды қалыптастыруға ықпал етеді.