1 of 9

Сабақтың тақырыбы:

§24. Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер

Бүгінгі сабақта:

- табиғат зоналары ен биіктік белдеулерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерделейсіңдер

2 of 9

Сұрақ : Табиғат зоналары орнласуының қандай ерекшеліктері бар ?

3 of 9

Жауап: Табиғат зоналарының орналасуы көбінесе сол зонаға тән өсімдік жамылғысының атауына сәйкес келеді.�Мысалы: тундра, орманды тундра, орман, орманды дала және дала зоналары деп аталады.�Өсімдік жамылғысының таралу сипатын, ең алдымен, климаттық жағдай — яғни температура мен ылғалдылықтың арақатынасы анықтайды.�Сонымен қатар жер бедері, топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі арасындағы зат және энергия алмасу жағдайлары да өзара тәуелді болады.�Кейбір табиғат зоналары тек бір ғана географиялық белдеуде (мысалы, арктикалық шөл) таралады.�Ал кейбір зоналар (дала, шөлейт, шөл және саванна зоналары) бірнеше географиялық белдеулерде қатар кездеседі.�

4 of 9

Сұрақ: Тундра мен Орманды тундраның бір- бірінен қандай айырмашылығы бар ?

5 of 9

Жауап :�Тундра зонасы негізінен Солтүстік жарты шардың арктикалық және субарктикалық белдеулерінің шегінде, материктердің жағалық бөліктерін алып жатыр.�Ал Оңтүстік жарты шарда тундра тек Антарктиданың жағалауындағы аралдарда ғана кездеседі.�Бұл зонаның климаты өте қатал: күшті желдер жиі соғып тұрады, қар жамылғысы 7–9 ай бойы сақталады. Мұндай жағдайда тек мүктер мен қыналар ғана өсіп шыға алады.�Орманды тундра — орман мен тундраның арасындағы өтпелі табиғат зонасы. Ол субарктикалық белдеуді алып жатыр. Оңтүстікке қарай қозғалған сайын орман үлесі арта түседі.�Бұл жерде жерге төселіп өсетін қайыңдар мен самырсындардан құралған аласа ормандар арасында тал мен шөптесін өсімдіктер де кездеседі.�Оңтүстік жарты шарда орманды тундра зонасы тек субантарктикалық белдеудегі аралдарда (мысалы, Оңтүстік Георгия аралы) ғана таралған�

6 of 9

Сұрақ: Биіктік белдеулілік дегеніміз не ?

7 of 9

Жауап : Табиғат жағдайының биіктікке қарай өзгеру заңдылығы биіктік белдеулілік деп аталады. Белдеулердің алмасуы биіктікке қарай таудың етегінен басталады. Неғұрлым солтүстікке қарай орналасқан Скан динавия тауларында тундра, орманды тундра, тайга, ал субтропиктік белдеудегі тауларда мәңгі жасыл қатты жапырақты ормандардан батсап, мәңгі қар мен мұздықтарға дейінгі белдеу кездеседі

8 of 9

Қорытынды сұрақ: сипаттама береміз

  • Климат континенттілігі жоғары аудандарда қандай табиғат зоналары қалыптасуы мүмкін ?

  • Қазақсан тауларында қандай биіктік белдеулер жиынтығы кездеседі ?

  • Шөлейт және Шөл зоналары екі жартышардың маңыздылығы

9 of 9

КЕРІ БАЙЛАНЫС

  • Бағдарлама бойынша пайдалы немесе қызықты деп санайтын нақты тұстарын көрсетіңіз

  • Пожалуйста, укажите конкретные моменты, которые вы считаете наиболее полезными или интересными
  • Семинарды жақсарту бойынша ұсыныс немесе идея

  • Предложите конкретные идеи или рекомендации по улучшению семинара
  • Бағдарламаны енгізуден білім алушылардың білім беру процесі мен тәрбиесіне қандай оң әсер күтесіз?

  • Какое положительное влияние вы ожидаете от внедрения программы на образовательный процесс и воспитание обучающихся
  • Семинардан алған білім немесе дағдыларды жазыңыз және оны өз қызметіңізде қалай қолданасыз?

  • Опишите конкретные знания или умения, которые вы получили, и как вы планируете их использовать в своей работе