Қазіргі оқушыларға кітап оқытудың тиімді
жолдары
Тұрғаналиева Ганмиркүн Ганмирханқызы
магистр-аға оқытушы
Тақырыбы:
Қазіргі оқушыларға кітап оқытудың тиімді жолдары
SMART мақсатым:
Кітапты тиімді әдістермен оқыту үшін пәннің ОжСӨЖ бөлімінде 50 мин БҚУ Ғылыми кітапханасындағы, интернет ресурстарындағы кітаптарды пайдалана отырып, студенттерге көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту үшін 1 семестр жұмыстанамын
МӘСЕЛЕ:
студенттің көркем шығарма мәтінін толық білмеуі;
кітап оқуға қызығушылығынын жоқтығы;
ӨЗЕКТІЛІГІ:
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде көркем шығарма арқылы да жеткен. Көркем шығарма адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Көркем шығарма оқымаған адамның ойы түзелмейді, ой түзелмей, сөз түзелмейді, «сөз жоғалса, халық жоғалады».
1. Шығарманы икемдеп оқыту
2. Инстаграм желісі арқылы оқыту (жариялым жазу,
тікелей эфирде мазмұндау, пікір қалдыру)
3. Бейнепрезентация дайындау�
4. Топқа бөліп оқыту (мозайка әдісін қолдану)�
5. Тестпен оқыту (жеке)�
6.Танымдық ойын арқылы оқыту (Мафия, Мен кім? �Мұнара, монополия, )�
7.Кітапханаларға саяхат, библиографиялық тізім жасау�
8.Оқылым мәтіндері арқылы оқыту�
Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей болыпты. Қазанғап құс атып күн көреді екен. Әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен. Осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанғаптың әйелі босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті. Баласына Кендебай деп ат қойыпты.
Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті. Алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті. Алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті. Шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз өзі тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті. Бара-бара құлан алыпты. Құралайды көзінен тигізген мерген болыпты. Арқар мен киікті, құлан мен маралды мая-мая үйіп тастапты. Қарасудың бойындағы қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап жүрсе, Қаратаудың ойында, терең құздың бойында арыстандай көкжал бөрі бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен. Кендебай жүгіріп барып, көкжалды құйрығынан ұстай алып, бұлғап-бұлғап лақтырып кеп жіберіпті. Қасқыр арс етіп, аузын қисаңдатып, өліпті де қалыпты. Кендебай қасқырдың терісін сойып алып, биенің қасына келсе, бие жанталасып, өлгелі жатыр екен. Кендебай алмас қанжарымен биенің қарнын жарып жіберіп, құлынын суырып алыпты. Арыстай еркек құлын екен. Кендебай құлынды үйіне алып қайтыпты, оны құланның сүтімен асырапты.
Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты. Аттың түсі керқұла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп, аң аулапты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген өрен жүйрік болыпты. («Керқұла атты Кендебай» ертегісі)
Кітап оқуды дамытудың алғы шарттары
Кітап оқуды дамытудың әдістері
Сығу техникасы -кітаптың ең маңызды тұстарын есте сақтап қалуға арналған әдіс. Ол үшін мына белгілерді қолданыңыз:
🗣
Біреуге түсіндіру
Есте сақтауға көмектесетін ең танымал әдіс- жаттаған материалды біреуге түсіндіру.Түсіндірудің де түрлері бар. Әсіресе, он жасар балаға түсіндіріп көр. Балаға қарапайым тілмен, қиын сөздерді оңай сөздермен алмастырып, балаға түсінікті мысал бере отырып, ұқтыра алсаң, онда бұл ақпарат өмірбақи есіңде қалып қояды.
Лайфхак
Ми бір нәрсеге үздіксіз қараса жалығады. Кітап оқығанда кітаптың форматын өзгертіп отыру керек. Мысалы:📖кітапты қағаз түрінде бастап, 📲жалыға бастағанда электронды түрде оқыңыз; 🎧10минуттай аудио нұсқасын тыңдаңыз.Осылай кітапты 1-2 күнде емін еркін оқып тастауға болады.
~Қалтаға тәспі салып жүру қолды қалтаға салған сайын тәспі тартуға итермелейді.
~Қолға кітап ұстап жүру кезек күткенде кітап оқуға итермелейді.
~Үнемі көйлек ішінен мойынға наушник салып жүру подкаст тыңдауға итермелейді.
SWOT- сараптау
Күшті жақтары Кітап оқиды Шығарма мазмұнын жақсы біледі Қызығушылығы оянады | Әлсіз жақтары Көркемдегіш құралдар басты назарда болмауы |
Мүмкіндіктері Жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдер | Қауіп-қатерлер Бағыт-бағдар берілу керек |
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!