Сабақтың тақырыбы:
§8. Қазақстан аумағының тектоникалық құрылысы
Мақсатқа жету үшін мынаны білу қажет:
Литосфералық плита, спрединг, субдукция дегеніміз не?
Сұрақ: Қазақстан аумағының
тектоникалық құрылысы. ?
Жауап: Қазақстанның геологиялық тарихын түсіну үшін, литосфералық плиталар қозғалысының, бір-бірінен алыстауы мен түйісуінің, көтерілуі мен төмен түсуінің, жарылыс, жартылай ыдыраудың тарихын білу қажет. Бұл – Пангея тәрізді біртұтас алып құрлықтардың пайда болуы мен ыдырауының тарихы.
Архей мен ежелгі протерозой жыныстары өте сирек кездеседі. Олардың ең ежелгілері шамамен 2,8 млрд жыл бұрын пайда болған.
Сондықтан Моңғолия, Мегаазия, Родиния сияқты ежелгі суперконтиненттердің құрамында қазақстандық жер қыртысының жеке блоктары болған.
Сұрақ: Қазақстанның геологиялық
құрылымы?
Қазақстанның геологиялық құрылымын архей, протерозой және фанерозой уақытын бес кезеңге бөлуге болады:
Сұрақ: Ежелгі протерозой
Ежелгі протерозой
палеогеографиясы (850–540 млн жыл бұрын).
. Енді бұлардың тарихи бұрыңғы географиялық (палеогеографиялық) карталарға сүйене отырып қарастырайық
Бірінші, кейінгі протерозой кезеңінде үш басты оқиғаны бөліп қарауға болады. Біріншіден, Жердің геологиялық тарихындағы үлкен суперконтинент Родиния ыдырауға ұшырады. Еуропа, Тарым, Қазақстан архипелагы, Үстірт микрокұрлығы – Родинияның "сынықтарынан" құралған.
Екіншіден, (спрединг пен ыдыраудың әсерінен) бұрынғы азиялық (Палеоазия) мұхит пайда болды.
Үшіншіден, Еуропа құрлығының шетінде қатпарлы тау жасалу үдерісі жүрді (каледон қатпарлы жүйесі). Катализацияланған Шығыс Еуропа платформасының фундаментінің көп бөлігінде палеозой, мезозой және кайнозой кезеңінде тау жыныстары жиналған теңіз түбі болды.
Сұрақ: Палеозойда тау жасалудың
екі кезеңі, екі қатпарлану болған.
Біріншісі – каледондық кезеңде (460–400 млн жыл бұрын) Қазақстан архипелагы субдукцияның нәтижесінде Қазақстанның шет жағында тау жоталары пайда болды. Бұл таулардың қатарына – Орал, Жоңғар, Шыңғыс, Сарыарқа тау жүйелері жатады.
Екіншісі – герциндік кезеңде (360–250 млн жыл бұрын) Қазақстанның Сібірмен, Еуроамерика және Тарыммен соқтығысуы (коллизиясы) болды. Біртұтас Лавразия мен Гондвананың бірігуі, Пангея суперкұрлығының қалыптасу процесін аяқтады.
Қорытынды сұрақ: сипаттама береміз
құрылымы
КЕРІ БАЙЛАНЫС