Оқушылардың белсенді әрекетін ұйымдастыруда
қолданылатын қатысымдық тапсырмалар
Мынбаева Жанна Жумашовна., НЗМ ДББҰ Орал қаласындағы ПШО филиалының аға менеджері
2
Миға шабуыл:
Үздік сабаққа тән қандай белгілерді атай аласыз...
�“Үздік” сабақтың �6 белгісі�
1. Оқушылар – белсенді�Оқушылардың барлығы бүкіл сабақ бойы белсенді жұмыс жасайды
2. Оқыту орынды, ақпарат беретін және мақсатқа бағытталған болуы керек � Мақсат пен іс - әрекеттің сәйкестілігі, оқушылардың білім деңгейіне, қалауларына, қажеттілігіне бағытталған тапсырмалар беру.
3. Оқушыларға сабақ ұнайды және оларды өздерінің оқулары қызықтырады.�Оқушылар қызығушылықпен тапсырманы орындайды, мақсатты бағалайды және тапсырмадан пайда алады.
4. Оқушылардың табысқа қол жеткізуі.�Оқушылар саралау ұстанымына сай деңгейлік тапсырманы орындайды.
5. Бағалау оқытуға мен оқуға тиімді әсер етеді.�Оқушылардың жұмысын қалыптастыру бағытында бағалау оқуды ілгерілетеді.
6. Мұғалімнің сұрақтары оқушылардың ойлау қабілетін ашады, айқындайды және кеңейтеді.� �Мұғалімдер сабақ жоспарлағанда оқушылардың ой өрісін, талқылауын дамытатын ашық сұрақтар құрастырып, қолдануы керек.
Оқушылардың белсенді әрекетін ұйымдастыруда
қолданылатын қатысымдық тапсырмалар
Мынбаева Жанна Жумашовна., НЗМ ДББҰ Орал қаласындағы ПШО филиалының аға менеджері
11
Белсенділіктің қозғаушы күші - қажеттілік пен құштарлық. Тіршіліктің негізі - қозғалыс пен іс - әрекет болса, оның не қарқынды, не баяу жүруі қажеттілік пен құштарлық шегіне байланысты.
Белсенділік нәтижелі іс - әрекетті сипаттайды, істің жоғары нәтижелігінің маңызды көрсеткіштерінін бірі болады.
Белсенділік — адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын көрсетеді. Іс-әрекет барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін - өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
12
Қатысымдық әдіс - коммуникативтік дегенді білдіреді. Қазақ тілін өзге ұлт аудиториясына оқытуда қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева. Ол оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым үдерісінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалаған.
13
Ғалым: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – үйренуші мен үйретушінің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі» деп анықтама берген.
Қатысымдық әдістің негізгі мақсаты - тіл үйренушілерді бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу.
Ол қатысымдық дағдыларды қалыптастыруға бағытталып, сөйлеу әрекетінің барлық түрін дамытуға негізделеді.
14
�
Қатысымдық тапсырмалардың мақсаты:� - қатысымдық – тілдік қатынасқа түсуге қажеттілік, қызығушылық тудыру;� - білімдік – ауызша тілдесім әрекетіне жаттықтыру арқылы фонетика-грамматикалық дағдылар қалыптастыру;� - тәрбиелік - саналы тәртіп, еңбексүйгіштік, белсенділікті дамыту, өзара көмек беруге тәрбиелеу;� - бағдарлық – тіл үйренушінің сөйлесім әрекетін, қатысымдық ниетін жоспарлай білуді дамыту;� - бағалаушылық - әрбір тіл үйренушінің өзінің және басқалардың сөйлесім әрекетін бақылап, бағалауы арқылы өз-өзіне есеп беруін, рефлексиялық қабілетін дамыту.� �
15
Қатысымдық ойындарды ұйымдастыру талаптары:� - үйренушінің дербестігін, белсенді позициясын көрсететін тіпті дұрыс емес және теріс пікірлер де марапатталып отыруы керек;� - қарым-қатынасқа түсушілер жіберген қателіктері үшін сыналмайтынына, жазаланбайтынына сенімді болуы керек;� - тілдік материалдарды пайдалану жеке сөздік ой-пікірлерге бағынады;� - тілдік материал сөйлеушінің сөздік ойлану мүмкіндігіне сәйкес келеді;� - қарым-қатынас сыннан тыс, бағалаудан тыс негіздерге құрылады (бірге қапалану және бір-бірінің көңіл күйін түсіну).�
16
Қатысымдық тапсырмалар арқылы қол жеткізетін нәтижелер:� - Үйренуші өз ойы мен сезімін өзара қарым-қатынас үдерісінде еркін білдіруге мүмкіндік алады;� - Топтық қарым-қатынастың әрбір қатысушысы басқалардың ерекше назарында болады;� - Үйренуші мүмкіндігінше тезірек бейімделуге тырысады;� - Әр үйренуші белгілі бір рөлді иеленеді, міндетті күлкі мен сөз қағысулар орын алады;� - Қатысушылар өзі туралы басқалардың не ойлайтынын білуге тырысады;� - Қатысушы келісім белгісі ретінде басын изеп, өзгелерді де мұқият тыңдайды.�
Қатысымдық оқыту барысында үйренушілердің өз ойы мен пiкiрiн тұжырымдай алуы, сөйлеу машығын меңгеру, ойды сөзбен жеткiзудiң қатысымдық амалдарын игеру, оларды күнделiктi өмiрде кездесетiн шынайы жағдаяттарда жұмсай алу жүзеге асады.�
17
ІІ. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
І. Сөйлеу жаттығулары
1. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау;� 2. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау;� 3. Мәтінді өзгертіп әңгімелеу;� 4. Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау� 5. Кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құрау;� 6. Диалогтарды толықтыру;� 7. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құрау;� 8. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құрау;� 9. Сурет бойынша әңгіме құрау;� 10. Берілген сұрақтарға жауап беру.��
18
Практикалық бөлім.
Жалпы тапсырма.
Телефоныңызды алып, жаныңызға ең жақын адамның фотосуретін таңдаңыз және ол адам жайында әңгімелеп беріңіз.��
19
1 топтың тапсырмасы.
Мәтінді өзгертіп әңгімелеу жаттығуы. � Үзіндіні оқыңыз және Асанның қандай қызметші екенін айтыңыз. Кейін мәтінді өзгертіп әңгімелеп беріңіз.� – Асан таңертең ұйқысынан әрең оянады;� – Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;� – Әйелі дайындап қойған киімдерін киіп, портфелін алып, талтаңдай басып жұмысына кетеді;� – Жұмысына кешігіп келеді;� – Бастығының алдында құрдай жорғалайды;� – Мәселенің мән-жайына бармастан әріптестерімен дауласа кетеді;� – Есепті уақытында өткізбейді;� – Жұмыс үстелін, құжат папкаларын ретсіздік жайлаған;� – Жиналыстарда ұйықтап отырады;� – Кешке елден бұрын үйіне асығады;� Үйінде етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады.�
20
2 топтың тапсырмасы.
Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау жаттығуы� Жоспарға сүйене отырып, өз мәтініңізді құрастырыңыз.�1. Менің қанша замандасым бар�2. Замандастарымның бойындағы жақсы және жаман қасиеттері.�3. Жаман қасиеттерден арылу үшін мен қандай әрекеттерге бардым.�4. «Қазіргі заман жастары қандай болуы керек?» ( менің пікірім).�
21
Етістік | Зат есім | Сын есім | Сан есім | Үстеу |
Демалды | Курс | әдемі | 20 | Күзде |
Оқиды | әжесі | дарынды | 2 | Жазда |
Барады | Жаста | Озат | Бірінші | Көктемде |
Жақсы | Оқушы | Қарт |
| ауылда |
Көреді | Гүлім | шешен |
|
|
3- топтың тапсырмасы.
Лабиринт (кесте бойынша мәтін құра) � Тапсырма: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс пайдалана отырып, кестедегі сөздермен шағын ауызша мәтін құра.� Мақсаты: Сөздердің мағынасын бірден түсінуге дағдыландыру, сөйлемдегі орын тәртібін тәжербиеде дұрыс қолдана білуге үйрету. Өтілген материалдар: зат есім, сын есім. сан есім, етістік, үстеу, т.б. Нәтиже: Оқушы сөз мағынасын ұғынып, сөйлемді дұрыс құрайды. Шағын мәтінді әңгімелеп береді.
22
Көрсеткіштер | «Ақжол» компаниясы | «Сана» компаниясы |
Қызметшілерінің саны | 155 | 270 |
Орташа айлық жалақы | 90 000 тг. | 150 000 тг. |
Мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы | Семинарлар ұйымдастыру�Курстарға жіберу | Шет елдермен мамандар алмасу� Интернетте білімдік портал ашу |
Жас мамандардың әлеуметтік жағдайын көтеру бағдарламасы | Жас нәрестелі отбасыларға көмек көрсету – 8 отбасы | Жаңа пәтермен қамтамасыз ету – 5 отбасы |
Орындалған жобалар саны | 7 | 10 |
Жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру | 20 000 000 тг. | 100 000 000 тг. |
4 топтың тапсырмасы.
Төменде берілген ақпараттарды салыстыра отырып, өз пікірін білдіру.
23
5 топтың тапсырмасы. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құру жаттығуы
Сіз бір күн жұмысқа келмей қалдыңыз. Бір күнде басыңыздан өткен тап бір голливуд фильмдеріндегідей шытырман оқиғаларға сан жетпейді. Тіпті бастығыңызға телефон шалып, келе алмайтыныңызды хабарлауға да уақыт болмады. Бастығыңыз өте қатал, алайда өте әңгімешіл адам. Ол не болғанын түгелдей білгісі келеді. Таңертеңнен бастап, кешке дейін әр сағатта не болғанын әңгімелеп, бастығыңызды сендіруге тырысыңыз.��
24
Топтық ойындар
«Сөйлемдер тізбегі»
Ойынды жүргізуге ыңғайлы болуы үшін оқушылар шеңбер бойымен бір-бірлерінің жүздеріне қарап отырады. Ойынды бастаушы адам ауыспалы осы және келер шақ формасын қатаң сақтай отырып, бір сөйлеммен бос уақытында не істейтіндігі жайлы айтады. Келесі адам алғашқының іс-әрекетін теріске шығарып (болымсыз тұлғаны қолданады), өзінің немен шұғылданатындығын айтады. Осылайша ойын жалғаса береді. Кідіріп қалған адам ойыннан шығады. Соңғы адам жеңіске жетеді. Мысалы: 1-адам: “Мен бос уақытымда тамақ жеймін”. 2-адам: “Ал мен тамақ жемеймін, қонаққа барамын” т.с.с.
25
Топтық ойындар
«Біз көрген кино»�
Ойын шарты: Тыңдаушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ көрген киноның тек жақсы жақтарын айтып, бағалайды, екінші топ киноның кемшілігін айтып, сынайды, қатысатын актерлар туралы мәлімет беріп, кино мазмұнын қысқаша айту керек. Мақсаты: Өтілген тақырыптарды пайдалана отырып, ойларын толық жеткізу.� Нәтиже: Ізденіс, еске түсіру, ойларын ұйымдасқан түрде жеткізуге деген талпыныс. Осы ойын арқылы шығармашылық жұмыс түрінде өзінің ой түйінін жазып келуге болады.�
26
Топтық ойындар
«Отбасы өмірінде қандай мінездер қажет» (топтық сұхбат ойыны)
Екі топқа бөлінген үйрнушілер «Ең жақсы әйел», «Ең жақсы ер» тақырыбы бойынша мінездеме береді, ойларын дәлелдейді (киім киісі, тамақ әзірлеу, өзін отбасында ұстау, отбасы қаржысын үнемдеу, т.б.), топтық жұмыс қорғалады. Нәтиже: Өтілген тақырыпты еске түсіре отырып, іс-жүзінде пайдалана алу, ойды дәлелді жеткізу.�
«Жиһаз сатып аламыз»� Oтбасы мүшелерімен ақылдасып, үйге жиһаз алуыңыз керек. Әр жиһазды неге, кімге, қанша ақшаға алғалы отырғандарыңызды, қай бөлмеге қоятындарыңызды айтып талқылау керек. Мақсат: ана, бала, әке рөлдеріне еніп, бірлес жұмыстану. Топ жүйелі, көлемді , толық жауап ұсынуы қажет. Нәтиже: ортақ шешім негізінде көлемді мәтін әзірлеу, өткен тақырыпты еске түсіру, лексика-грамматикалық білімді іс-жүзінде пайдалану.
«Аукцион» ойыны. � Бұл сабаққа әрбір қатысушы ескі, қажет емес заттарын (түйме, қораптар, білезік...) әкеле алады. Әкелетін заттар бірдей болып қалмас үшін ерекше заттар әкелуді тапсырған дұрыс. Ол заттардың не үшін қажет екенін айтпау қажет. Мұғалім аукционда сауданың қалай жүретінін көрсетеді. Ол өз затын ұсынып, оған толық сипаттама береді: салмағы, өлшемі, формасы, түсі. Сосын бастапқы бағасын айтады. Мысалы: Бұл Шыңғыс ханның көйлегінің жағасы, жібектен жасалған, көгілдір түсті. Бастапқы бағасы 10 000 теңге. Осымен сауда басталады. Мұғалім ойынды бастап бергеннен кейін, оның орнын кезекпен тіл үйренушілер алады. Қалғандары сатып алушылардың рөлін атқарады. Мақсат: затты неғұрлым жан-жақты сипаттап, сатып алушыларды қызықтыру. Әрбір қатысушыға ақшаның сомасы жазылған карточкалар беріледі. Олар сол сомадан артық бағаны айта алмайды. Тіл үйренушілерге өз заты туралы аңыз-әңгіме құруға мүмкіндік беру қажет. Ойынды басқаша ұйымдастырушыларға суреттер беріп, үйден сипаттама жаздырып дайындауға болады. Ескі кітаптар, белгілі бір суреттер, антиквариаттарды сатқызып аукцион ұйымдастыруға болады. Ал ойынның қосымша көрнекілігі ретінде темір- қақпақ, ағаш балғаны пайдаланып, гонг ұрғызуға болады.��
27
Жұптық ойын. «Алтын балық»
Қатысушылар жұп болып жұмыс істейді. «А» қатысушы – алтын балық, «Б» қатысушы - балықшы, ол алтын балыққа 3 тілегін айтады. Ойын мақсаты: Алтын балықты тілектерді орындауға көндіру. Сұрақтар береді, қатысушылар рөлдермен ауысады. Қалау рай түрлері жаттықтырылады.
Жұптық ойын. «Біз бүгін қайда барамыз?» � а) Сіздің уақытыңыз бос. Досыңызды немесе құрбыңызды киноға шақырыңыз. (кино соңғы рет болатынын, қандай атақты актерлер қатысатынын, халықтың кино туралы беріп жүрген пікірін, т.б.) айтып, досыңызды немесе құрбыңызды баруға көндіріңіз.� б) Досыңыздың өтінішін қимайсыз, бірақ басқа адамға уәде беріп қойғаныңызды, онымен театрға баратыныңызды айтуыңыз керек. Досыңызды сонда баруға көндіріп көріңіз.� Мақсаты; Екі сөйлесуші адам бір-бірін түсініп, дұрыс жауап берулері қажет.� Нәтиже: Сауалдарды дұрыс қойып, өз ойларын нақты жеткізе білу.
Топтық ойын. «Жиһаз сатып аламыз»� Oтбасы мүшелерімен ақылдасып, үйге жиһаз алуыңыз керек. Әр жиһазды неге, кімге, қанша ақшаға алғалы отырғандарыңызды, қай бөлмеге қоятындарыңызды айтып талқылау керек. Мақсат: ана, бала, әке рөлдеріне еніп, бірлес жұмыстану. Топ жүйелі, көлемді , толық жауап ұсынуы қажет. Нәтиже: ортақ шешім негізінде көлемді мәтін әзірлеу, өткен тақырыпты еске түсіру, лексика-грамматикалық білімді іс-жүзінде пайдалану.