Петиция об отставке акима г. Усть-Каменогорска Жаксылыка Омара
Уважаемый Касым-Жомарт Кемелевич!

Мы, жители города Усть-Каменогорска, всецело поддерживаем заявленное Вами решение о строительстве Нового Казахстана на фундаменте сплоченности народа и независимости нашей страны. Трагические события января 2022 года показали, что анонсированное Вами создание нового формата общественного договора является важным для всех нас в условиях неизбежной трансформации взаимоотношений между государством и обществом. И в рамках существующих проблем, которые волнуют жителей Усть-Каменогорска, мы просим Вас обратить внимание на оценку населением города деятельности акима Усть-Каменогорска Жаксылыка Омара.

С назначения в 2018 году аким Усть-Каменогорска своими действиями последовательно настраивал население города против государственного управления в своем лице. Несмотря на ежегодный рост городского бюджета и декларируемые достижения, наш город приходит в упадок во многих социальных сферах, в первую очередь этот упадок заметен в сфере развития городской инфраструктуры. Бюджетные расходы в последние три года росли значительными объемами, которые должны были в результате дать качественное улучшение городской среды и повышение качества жизни жителей города, однако этого не произошло.

В городе реализуются разные проекты, часть из которых не только не приносит пользы, но и наносит ощутимый вред: это хаотичное развитие дорожной инфраструктуры без учета интересов маломобильных граждан, которым тем самым зачастую ограничивается свободный доступ к передвижению; это проблема массовой рубки деревьев в районах с неблагоприятной экологической обстановкой несмотря на массовое сопротивление жителей. Очень остро стоит проблема общественного транспорта, ставшая причиной постоянной критики и повышенной напряженности в обществе. Люди вынуждены передвигаться на старых автобусах и трамваях, зачастую часами ждут транспорт, автобусы переполнены ввиду необоснованности количества техники на линии, акимат годами не субсидировал перевозки. Итог этой работы: фактически развал системы перевозок. Кризис в сфере общественного транспорта достиг такого пика, что жители вынуждены обращаться в суд, чтобы заставить акимат города исполнять свои должностные обязанности – это нонсенс, ставший возможным благодаря формальной политике «открытости» акима и постоянного игнорирования мнения горожан в угоду автолюбителей.

Под руководством действующего акима принята стратегия развития города Усть-Каменогорска на ближайшие тридцать лет на основе промышленного потенциала, что не оставляет шансов на значительное улучшение сложившейся критической экологической ситуации. Принятая стратегия развития города оставляет наш город, по сути, заложником малоперспективной экономической парадигмы, без учета сопутствующих региональных социально-демографических рисков и без учета требуемой трансформации в целях соответствия мировым трендам урбанизации.
Деятельность акимата Усть-Каменогорска в последние годы отличается таким необъяснимым поведением, как сокрытие важных проектов по городской среде под грифом «для служебного пользования», что ставит под сомнение отсутствие коррупционной составляющей. Приоритеты руководителя города вызывают вопросы у населения, так как многие направления его деятельности общественным мнением воспринимаются как потенциально коррупционные. К примеру, первый год пандемии дал возможность акимату под управлением действующего акима оперативно использовать бюджетные средства для решения проблем населения в тяжелой ситуации, однако вместо этого часто деньги без всякой экономии выделялись с применением специального порядка и из одного источника в отношении определенных компаний на конкурентном рынке и для целей, которые никак не могут привести к улучшению жизни населения, вроде подсветки ряда зданий в центре города за несколько сотен миллионов тенге. В это же время в развивающейся левобережной части города жители новостроек сталкиваются с низким качеством социального жилья и с отсутствием благоустройства.

Наше разочарование действием и бездействием нынешнего акима города носит системный характер, и, подписываясь под петицией, мы выражаем недовольство состоянием нашего города, который в последние годы находится в упадке. Много саморекламы акима в социальных сетях, решение локально озвученных проблем в ручном режиме без формирования системных инструментов повышения качества жизни, игнорирование проблем жителей окраин, открытое игнорирование результатов общественных слушаний по волнующим жителей вопросам – это не позволяет достичь реальных изменений. Нас волнуют проблемы экологии, трудоустройства, общественного транспорта, городской среды, социальной справедливости, но решения системных проблем города нет, зато осуществляется множество косметических и нерациональных решений в отношении жизнедеятельности города. Некомпетентность и кулуарность деятельности действующей команды городского акима находят свое отображение через высокий критический уровень отношения к исполнительной власти в социальных сетях.

Мы просим Вас инициировать отставку Жаксылыка Омара с поста акима Усть-Каменогорска как не справившегося с этой руководящей ролью, результаты деятельности которого так и не привели к реальному экономическому росту и улучшению социального положения жителей города. Мы ожидаем озвучивания политических реформ, которые Вы анонсировали 11 января в своем выступлении в Мажилисе Парламента Казахстана и которые могли бы дать нам возможность выбора акима. Ввиду отсутствия возможности прямой выборности акимов областных центров на данном этапе, мы нуждаемся в назначении на пост акима города Усть-Каменогорска руководителя, чья открытость и восприимчивость к мнению горожан будет реальной, а не напускной; руководителя, который создаст условия для развития города и улучшения экономической, экологической и социальной обстановки. Наш город нуждается в руководителе с крепкими моральными устоями, которые исключат его погружение в коррупционную среду с освоением бюджетных средств во вред городу и его жителям. Мы готовы проявить гражданскую сознательность и обеспечить открытый общественный диалог с новым руководителем города по всем проблемам, которые остро назрели за время работы действующего акима. Заявленное Вами строительство Нового Казахстана мы воспринимаем как возможность для всех нас изменить сложившуюся парадигму и создать условия для реального социально-экономического роста нашего города.

С уважением, жители города Усть-Каменогорска

_________________________________________________

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарды қызметінен босату туралы петиция

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Біз, Өскемен қаласының тұрғындары, Сіздің Жаңа Қазақстанды халық ынтымағы мен еліміздің тәуелсіздігі негізінде құру туралы шешіміңізді толық қолдаймыз. 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастардың сөзсіз өзгеруі жағдайында Сіз жариялаған әлеуметтік келісімшарттың жаңа форматын жасау баршамыз үшін маңызды екенін көрсетті. Ал Өскемен қаласының тұрғындарын толғандырып отырған мәселелер аясында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың қызметіне қала тұрғындарының берген бағасына назар аударуыңызды сұраймыз.

Өскемен әкімі 2018 жылы қызметке тағайындалғалы бері өз іс-әрекеттерімен қала халқын билікке қарсы қойып келеді, себебі адамдар ол кісінің тұлғасында мемлекеттік басқару аппаратын көреді. Қала бюджетінің жыл сайынғы өсуіне және жарияланған жетістіктерге қарамастан, қаламыз көптеген әлеуметтік салаларда құлдырауда, бірінші ретте, бұл құлдырау қалалық инфрақұрылымды дамытуда байқалады. Соңғы үш жылда бюджет шығыстары айтарлықтай көлемде өсті, бұл қаланың жағдайын сапалы жақсартуға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға әкелуі керек еді, бірақ олай болмады.

Қалада әртүрлі жобалар жүзеге асырылуда, олардың кейбіреулері пайда әкелмейді, сонымен қатар айтарлықтай зиян келтіреді: бұл қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүдделерін есепке алмай, жол инфрақұрылымының бейберекет дамуы, сол себептен азаматтар еркін жүре алмайды; тұрғындардың жаппай қарсылығына қарамастан экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы ағаштарды жаппай шабу мәселесі. Қоғамдағы тұрақты сын мен шиеленістің артуына себеп болған қоғамдық көлік мәселесі өте өткір. Адамдар ескі автобустар мен трамвайларда жүруге мәжбүр, көбінесе көлікті сағаттап күтуде, желідегі техника санынының негізсіздігі, әкімдік жылдар бойы тасымалдауды субсидияламай келеді. Бұл жұмыстың нәтижесі: шын мәнінде, көлік жүйесінің күйреуі. Қоғамдық көлік саласындағы дағдарыстың шарықтау шегіне жеткені сонша, тұрғындар қалалық әкімдікті қызметтік міндеттерін орындауға мәжбүрлеу үшін сотқа жүгінуге мәжбүр – бұл әкімнің ресми «ашықтық» саясатының және тұрғындарының пікірін үнемі елемей автокөлік жүргізушілерінің мүддесіне көңіл бөлуінің арқасында мүмкін болған жағдай.

Қазіргі әкімнің жетекшілігімен өнеркәсіптік әлеуетке негізделген Өскемен қаласының алдағы отыз жылға арналған даму стратегиясы қабылданды. Бұл қазіргі күрделі экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік қалдырмайды. Қабылданған қаланы дамыту стратегиясы қаламызды сол күйінде келешегі жоқ экономикалық парадигманың кепілінде қалдырып, қатарлас өңірлік әлеуметтік-демографиялық қатерлерді ескермейді және жаһандық урбанизация тенденцияларына сәйкес болу үшін қажетті трансформацияны есепке алмайды.

Өскемен қаласы әкімдігінің соңғы жылдардағы қызметі күмән тудыратын қалалық экология бойынша маңызды жобаларды «қызметтік мақсатта пайдалану үшін» деген айдармен жасыру сияқты түсініксіз әрекеттері сыбайлас жемқорлыққа ұқсайды. Қала басшысының іс-әрекеттері тұрғындар арасында сауалдар туғызуда, өйткені оның қызметінің көптеген бағыттары қоғамда жемқорлық деп қарастырылады. Мысалы, пандемияның бірінші жылы қазіргі әкімнің бақылауындағы әкімдікке бюджет қаражатын қиын жағдайда қалған халықтың мәселелерін шешуге жедел игеруге мүмкіндік берді, бірақ оның орнына ақша көбінесе үнемсіз бөлінді. Ерекше процедура және бір көзден бәсекелес нарықтағы кейбір компанияларға, халықтың тұрмысын жақсартуға әкелмейтін мақсаттар үшін тендерлерді таратты. Мысалы, қала орталығындағы бірқатар ғимараттарды бірнеше жүз миллионға жарықтандыруы. Сонымен қатар қаланың дамып келе жатқан сол жағалау бөлігінде жаңадан салынып жатқан үйлердің тұрғындары әлеуметтік тұрғын үй сапасының төмендігі мен көріктендірудің жоқтығына тап болып отыр.

Қазіргі қала әкімінің әрекеті мен әрекетсіздігіне ренішіміз жүйелі сипатқа ие және петицияға қол қою арқылы соңғы жылдары құлдырап бара жатқан қаламыздың жай-күйіне наразы екенімізді білдіреміз. Әлеуметтік желілерде әкімнің өзін-өзі жарнамалауы, өмір сүру сапасын жақсартудың жүйелі құралдарын жасамай-ақ, жергілікті жерде айтылған мәселелерді қолмен шешу, шеттегі тұрғындардың мәселелеріне назар аудармау, тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулардың нәтижелерін ашық ескермеуі нақты өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Бізді экология, жұмыспен қамту, қоғамдық көлік, қала ортасы, әлеуметтік әділеттілік мәселелері толғандырады, бірақ қаланың жүйелі мәселелерінің шешімі жоқ. Оған қарамастан қала өміріне қатысты көптеген косметикалық және қисынсыз шешімдер қабылдануда. Қазіргі қала әкімі командасының біліксіздігі мен тыс әрекеттері әлеуметтік желілердегі атқарушы билікке деген жоғары сыни көзқарас арқылы көрінеді.

Нәтижесі нақты экономикалық өсімге және қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына әкелмеген осы басшылық рөлін атқара алмағандықтан Жақсылық Омарды Өскемен қаласының әкімі қызметінен босатуды сұраймыз. Біз 11 қаңтарда Қазақстан Парламенті Мәжілісінде сөйлеген сөзіңізде жариялаған және бізге әкімді таңдау мүмкіндігін беретін саяси реформаларды асыға күтеміз. Қазіргі кезеңде облыс орталықтарының әкімдерін тікелей сайлау мүмкіндігінің болмауына байланысты Өскемен қаласының әкімі қызметіне ашық және қала тұрғындарының пікіріне бейімділігі жоғары болатын басшыны тағайындауымыз қажет. Қаланың дамуына, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға жағдай жасайтын басшыны күтеміз. Қаламызға бюджет қаражатын игеріп, қала мен оның тұрғындарына зиянын тигізетін сыбайлас жемқорлық ортасына бой алдырмайтын, моральдық ұстанымы берік басшы керек. Біз азаматтық сана танытып, қазіргі әкімнің жұмысы кезінде өткір болған барлық мәселелер бойынша қаланың жаңа басшысымен ашық қоғамдық диалог жүргізуге дайынбыз. Сіз жариялаған Жаңа Қазақстанның құрылысын біз баршамызға қалыптасқан парадигманы өзгерту және қаламыздың нақты әлеуметтік-экономикалық өсуі үшін жағдай жасау мүмкіндігі деп білеміз.

Құрметпен, Өскемен қаласының тұрғындары
Sign in to Google to save your progress. Learn more
Имя / Аты *
Фамилия / Тегі *
ИИН / ЖСН *
Номер телефона / Телефон нөмірі *
Выбирая "Подписать", я даю свое согласие на сбор и обработку своих персональных данных в соответствии с Законом Республики Казахстан "О персональных данных и их защите" и разрешаю передачу предоставленных мною сведений совместно с обращением исключительно в Администрацию Президента РК, без передачи третьим лицам / «Қол қою» опциясын таңдай отырып, мен «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзімнің жеке деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін және мен жіберген ақпаратты үшінші тұлғаларға бермей, тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне беруге рұқсат беремін. *
Submit
Clear form
Never submit passwords through Google Forms.
This content is neither created nor endorsed by Google. Report Abuse - Terms of Service - Privacy Policy