Ипподром аумағында тұрғын үй салуға қарсымыз! / Петиция против строительства ЖК на территории ипподрома!
Біз, Шымкент қаласының тұрғындары Конституция және ҚР заңдарымен берілген табиғи құқықтарымызды қолдана отырып, қала ипподромы аймағында BI Group компаниясы жүргізіп жатқан үлкен тұрғын үй кешенінің құрылысы жобасын тоқтатуды талап етеміз.

Жоспарланған тұрғын үй кешені Бас жоспардың бөлігі ретінде құрылыс және сәулет саласының тәуелсіз мамандарымен және сәйкес сараптамалық ұйымдармен талқыланған жоқ. Осылайша, заңмен белгіленген тәртіп бұзылды.
Аталмыш аудан ҚР Үкіметі бекіткен Шымкент қаласының Бас жоспары бойынша демалыс аймағы және парк аумағы болып табылады. Сондықтан мұнда тұрғын үй кешендерінің құрылысын жүргізу Бас жоспарды және басқа да құқықтық құжаттарды тікелей бұзу болады.

Сондай-ақ бұл аймақ соңғы жылдар ішінде қала тұрғындарының ең ұнамды демалыс орнына айналды. Мұнда танымал болып үлгерген қала тұрғындарының демалыс орындары орналасқан: дендросаябақ, этносаябақ, хайуанаттар бағы және Наурыз алаңы. Тұрғын үй кешенінің құрылысы ауданның сәулет жарасымдылығын бұзады. Біз осы мәселеде компания мен ықтимал сатып алушылардың мүдделері қала тұрғындарының мүдделерінен жоғары қойылып тұр деп санаймыз.

Бұл аймақ шаһардың теріскейіндегі ерекше өкпесі болып табылады, сондықтан тұтас миллиондық қала үшін экологиялық маңызы зор. Аймақтың экологиялық ахуалына келтірілген зиян өз кезегінде бүкіл қалаға ауыр зардабын тигізуі мүмкін. Біз, қала тұрғындары бұл ауданда қандай болмасын құрылысқа қарсымыз.

Бұдан бөлек, біз бұл құрылыстың жақын маңда орналасқан қазірдің өзінде тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүріп жатқан Шымсити ауданында орын алғаны жөн болар еді деп санаймыз.

Өкінішке орай, шаһарымыздың сәулет және қала құрылысы басқармасы әлі күнге дейін мамандардың үндеулерін елеп-ескермей, қала жұртшылығымен конструктивті қарым-қатынас құра білмеді.

Жоғарыда айтылған жайттарға байланысты біз – Шымкент қаласының тұрғындары бұл аймақта тұрғын үй кешенінің құрылысы жобасын және басқа қандай болмасын құрылысты тоқтатуды талап етеміз. Сонымен қатар, біз қала басшылығынан осы аумақты қала тұрғындарына арналған демалыс немесе парк аймағы ретінде пайдалануын сұраймыз.

Және де біз қала Әкімінен қала тұрғындарының бастамашыл тобын қабылдауды және конструктивті келіссөздерді бастауды сұраймыз.

Мы, жители города Шымкент, пользуясь естественными правами предоставленными нам Конституцией и законами РК  требуем остановить проект строительства крупного жилого комплекса, осуществляемого компанией  BI Group в районе городского ипподрома.

Планируемый жилой комплекс как часть Генерального плана не обсуждался с независимыми специалистами в области строительства и архитектуры и соответствующими экспертными организациями. Таким образом был нарушен установленный законом порядок.

Указанный район по утвержденному Правительством РК Генеральному плану города Шымкента является зоной отдыха и парковой территорией. Поэтому строительство жилых комплексов  здесь будет являться прямым нарушением Генерального плана и других правовых документов.

Данный район также за последние годы стал излюбленным местом отдыха жителей города. В указанном  районе расположены уже известные места отдыха горожан: дендропарк, этнопарк, зоопарк и площадь Наурыз. Строительство жилого комплекса будет являться нарушением архитектурного ансамбля данного района. Мы считаем, что в данном случае интересы компании и потенциальных покупателей ставятся выше интересов жителей города.

Данный район является своеобразными лёгкими города в северной его части, поэтому имеет важное экологическое значение для всего миллионного города. Нарушение экологической обстановки района в свою очередь может привести к серьезным негативным последствиям для всего города. Мы, жители города, против любого строительства в этом районе.

Кроме того, мы считаем, что осуществление данного строительства было бы целесообразно в расположенном рядом районе Шымсити, где уже в настоящее время происходит строительство жилых комплексов.

К сожалению, «Управление архитектуры и градостроительство города Шымкент» всё это время оставался безучастным   к обращениям специалистов и не отличался конструктивным отношением к общественности города.

В связи с вышеизложенным, мы - жители города Шымкент, требуем прекратить указанный проект строительства жилого комплекса и любого строительства в данном районе. Мы также просим власти города использовать данную территорию в качестве зоны отдыха или парковую зону для жителей города.

Мы также просим Акима города принять инициативную группу горожан и начать конструктивные переговоры.

登录 Google 即可保存进度。了解详情
Сіздің аты -жөніңіз/ Ваше ФИО *
Сіздің ЖСН (бұл мәлімет құпия сақталатынына кепілдік береміз) / Укажите ваш ИИН (данная информация будет анонимна) *
Петицияға қол қою (төмендегі нұсқаны таңдаңыз) / Подписать петицию (нажмите на вариант ниже) *
提交
清除表单内容
切勿通过 Google 表单提交密码。
此内容不是由 Google 所创建,Google 不对其作任何担保。 举报滥用行为 - 服务条款 - 隐私权政策