Қазақстанда медиасауаттылық кеші өтеді

Карантин кезіндегі инфодемия бізге қалай әсер етеді, цифрлық гигиена жалған ақпарат пен эмоционалды шамадан тыс жүктемелерді жеңуге қалай көмектеседі, қарапайым адамдар медиасауаттылықтың қандай бастапқы дағдыларын білу керек, сыни ойлауды дамытудағы фактчекингтің рөлі қандай – біз осы мәселелердің барлығын медиасауаттылық кешінде талқылаймыз.

11 тамыз күні сағат 18.00-де медиатренерлердің үлкен тобы барлық тілек білдірушілерді медиасауаттылық кешіне шақырады. Сонымен қатар төрт тренинг өтеді:

Айсұлу Шәйкенова (Петропавл қ.): "Пандемия & Инфодемия: жеке ақпараттық алаңды қалай қорғауға болады»
Абылайхан Сыздықұлы (Алматы қ.): "Медиасауаттық және ақпараттық гигиена»
Сағындық Жанысбаев (Шымкент қ.), Гүлзира Есетова (Ақтау қ.) "Цифрлық медиасауаттылықты арттырудың 7 қадамы»
Мадина Жатқанбаева (Нұр-сұлтан Қ.): "Фактчекинг және оның азаматтық қоғамда сыни ойлауды дамытудағы маңызы".

Өз бағдарламаларын таныстыратын барлық жаттықтырушылар, "Мен –  Медиа" жобасының қатысушылары. Жаттықтырушыларға арналған бұл үлкен оқу курсы шілде айында MediaCAMP бағдарламасы аясында өтті.

Кеш модераторы – Мейрамхан Жәпек (Нұр-Сұлтан Қ.), медиа және цифрлық сауаттылық бойынша медиатренер, журналист, зерттеуші.

Осы сілтемеге тіркелгендердің барлығы қай тренингке қатысқысы келетінін таңдай алады.
Келесі кездесулер туралы ақпарат 2020 жылдың қыркүйегінде белгілі болады.

Жоба АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (#USAID) қаржылық қолдауымен #Internews ұйымы іске асыратын #MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде құрылған.

Sign in to Google to save your progress. Learn more
Электрондық пошта адресі *
ТЕГІ АТЫ-ЖӨНІ *
Сіздің телефон нөміріңіз
Сіз тұратын/жұмыс істейтін қаланы атаңыз *
Тұрғылықты жері / оқуы / жұмысы *
ТЫҢДАҒЫҢЫЗ КЕЛЕТІН ТРЕНИНГТІ ТАҢДАҢЫЗ: *
Submit
Clear form
Never submit passwords through Google Forms.
This content is neither created nor endorsed by Google. - Terms of Service - Privacy Policy

Does this form look suspicious? Report