Оқылым бөлігі
* Required
Аты-жөні
*
Your answer
1-мәтін
Би – музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек үдерісіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл-бимен бейнелеу көне дәуірде туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде, Грекия, Рим, Мысыр, Үндістан елдерінде билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Би музыкамен тығыз байланысты. Көптеген халықтың билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалады. Би хореографиялық жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жандүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи-географиялық факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореографиялық тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды. Солардың негізінде бал билері мен кәсіби сахна билері қалыптаса бастады. Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге көтеріліп, ғылыми жүйеленді. Мысалы, Еуропа классикалық билері, Азия мен Африка халықтарының билері сияқты түрлері қалыптасты. Шығыс елдерінің билері бет-пішіннің нәзік құбылуы және қол қимылы секілді дәстүрлі шаралармен ерекшеленеді.
Би – қазақтың халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, орыс саяхатшылары, тарихшылары, ғалымдарының этнографиялық жазбалары сыр шертеді. 1934 жылы Қазақ музыкалық театры (қазіргі Опера және балет театры) құрылғаннан кейін сахналық билерді шығару қызу қолға алынды. Музыкалық, опералық спектакльдердегі алғашқы сахналық билерде ұлттық ойындар, салт-дәстүр элементтері, Орта Азия және Қазақстан халықтары билері мен классикалық билердің стильдік қимыл-әдістері қолданылды. 1930-1940 жылдары Алматыда болған халық шығармашылығының бүкілқазақстандық слеттерінде көрсетіліп, үлкен табысқа ие болды.
XX ғасырдың елуінші жылдарынан бастап балетмейстрлер қазақтың фольклорлық билерін, оның нағыз ұлттық қимыл ерекшеліктерін зерттей бастады. Өңделген фольклорлық билер алғашқы сахналық билермен бірге, қазіргі заманғы қазақ билерінің негізін құрды. Оларды классикалық би ансамблі, ән-би ансамблі, «Гүлдер» эстрадалық жастар ансамблі, «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі орындады. Сондай-ақ би өнері көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарынан да кеңінен орын алды. XX ғасырдың алпысыншы жылдарынан жазып алына бастаған халықтық-фольклорлық билер мен оның шығу тегі ғылыми тұрғыда зерттелді. Солардың негізінде хореографтар жаңа шығармалар тудырып, ұлттық би өнерінің жан-жақты дамуына үлес қосты. Кәсіби бишілерді Алматы жоғары би өнері мектебі даярлайды.
1-мәтін бойынша тест тапсырмалары:
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
*
1 point
1934 жылы Алматыда бүкілқазақстандық слет ұйымдастырылды.
Қазақ музыкалық театрында опералық спектакль болып өтті.
Би – музыкалық ырғақпен дене қимылымен көрсетілетін өнер.
«Сазген» фольклорлық ансамблі 1940 жылы құрылды.
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
*
1 point
қимыл, тарих, фольклор, би
қимыл, балетмейстр, этнография, Мысыр
би өнері, музыка, қимыл, хореография
би өнері, қазақ, театр, опера, балетмейстр
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. Қандай би түрі бет пішінінің құбылуымен ерекшеленеді?
*
1 point
Еуропа классикалық билері
кәсіби сахна билері
Шығыс елдерінің биі
бал билері
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
*
1 point
Қазақ музыкалық театры туралы айтылады.
Еуропа классикалық билерінің тарихы туралы айтылады.
Би өнерінің даму тарихы туралы баяндалады.
«Алтынай» фольклорлық ансамблі туралы баяндалады.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
*
1 point
Би – өнердің көне түрі
Фольклорлық билер
Кәсіби сахна билері
Еуропа классикалық билері
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
*
1 point
Классикалық би – халық биінің дамыған түрі.
Классикалық би – бет-пішіннің нәзік құбылуы және қол қимылы секілді дәстүрлі ишаралармен ерекшеленеді.
Классикалық би деп кәсіби бишілердің сахнадағы шығармашылығын айтамыз.
Би түрі – фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
*
1 point
Би жинақы образдармен болмысты бейнелейді.
Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге дейін көтерілді.
Қазақ би өнері туралы тарихи деректер сыр шертеді.
Үндістанда билеу мәдениеті шеберлік биігіне жетті.
Автордың пікірін білдіретін ақпаратты таңдаңыз.
*
1 point
Шығыс елдерінде этнографиялық ансамбльдер ашылды.
Танымал «Гүлдер» эстрадалық жастар ансамблі болып табылады.
Би көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарынан да кең орын алады.
Хореографтар ұлттық би өнерінің дамуына жан-жақты үлес қосты.
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
*
1 point
Музыкалық ырғақты билер
Би өнерінің даму тарихы
Хореографиялық образдар
Экономикалық факторлар
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
*
1 point
Бүкілқазақстандық слет табысы
Алғашқы сахналық билер
Шығыс елдерінің классикалық биі
Қазақ фольклоры
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
*
1 point
Хореография тілі
Азия халық билері
Классикалық билер
Қазақ ансамбльдері
Қазақ музыкалық театры (қазіргі Опера және балет театры) қашан құрылды?
*
1 point
1987 жылы
1956 жылы
1934 жылы
1964 жылы
Next
Never submit passwords through Google Forms.
This content is neither created nor endorsed by Google.
Report Abuse
-
Terms of Service
-
Privacy Policy
Forms