Request edit access
Қазақ тілі 10 сынып
Введите свой текст здесь.
Sign in to Google to save your progress. Learn more
Оқушының аты-жөні: *
Пән мұғалімінің аты-жөні: *
1-мәтін
Сырым Нұралыга наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алмадың, біреу біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың», -деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгснде Сырым амандаспай жүре береді.  
Сонда Нұралы:
- Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! - депті.
СондаСырым:
- Хаң, тасып жүргенім жоқ, алты алаштың басын қоса алмай сасып жүрмін, -депті.
1. Мәтінде қолданылмайтын қарама-қарсы ұғымлар *
1 point
2. Сырым Нұралы ханның қандай әрекетіне өкпелі? *
1 point
Required
2-мәтін
1.Албанның Айжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректілігі жастайынан байқалган. Жиендерінің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарына бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолга ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба. нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. Он жеті жасынан Көкойнағын ойнатып. қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны - қазірде Алматы- Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалын қалмақгы жекпе-жекке шакырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі.
2.Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеиілген қалмақ нояны Балам-бахадүрдің есімімен байланысты екенін көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауын да қалмақ тайшысы Гегенге теңейді. Кей деректерде Геген діни лауазым дейді.
3.Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Богенбай сынды қазақ ерлерімен үзенгі түйістіре отырып, Сары Мыңжанын әскерін талқандаған.

3. Мәтіннін екінші азатжолы бойынша түйін *
1 point
4. Райымбектің ерекше ерлігін танытқан шайқас *
1 point
5. Баланың бәйгеле өз атын өзі ұрандаған әрекеті нені білдіреді? *
1 point
3-мәтін Бақытсыз бай

Ертеде бір бай өмір с.рді. Оның туысқаны да, баласы да - жинаған мал- мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп, оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді: "Мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр,"- деген жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе, жалшысы екібаласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.
- Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен балаларыңды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! - деп ақырды.
- Қожайын. осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам,-деп байыпты қалпынан жазбай жауал берді жалшысы.
- Нагыз ақымақ екен! - деп, үйден атып шыққан бай енді: “Мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған акшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы,’’-деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.
Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс істейді. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай сонынан бұқпантайлап барып тагы тың тыңлады. Құлағына шықырлаған акша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тагы да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жагына алып рахаттанып уйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес. Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай керінді. Бай ақыры:
- Менің казынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сен алдың. Себебі сен үнемікөңілді жүресің, тыққан акшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді. Сонда жалшысы:
- Қожайын. жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торуылдайсың. Менің байлығым - екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, - деп жауап берді.
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды, “Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен сиякты қызганатын байлығы да жоқ. Байлық маган бақытсыздық үшін біткен бе? Басым ауырып кетті”.
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Онын сыртынан қарап тұрган бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызыға карап калды...

6. Әңгіменің түйіні
1 point
Clear selection
7. Кедейдің тілегі *
1 point
Submit
Clear form
Never submit passwords through Google Forms.
This content is neither created nor endorsed by Google. - Terms of Service - Privacy Policy

Does this form look suspicious? Report