Рая - физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология мұғалімі, биология ғылымдарының кандидаты. 70-тен астам ғылыми-әдістемелік жұмыстардың, соның ішінде 5 авторлық куәлік пен 4 оқу материалдарының авторы.
Раяның дәрісінде келесі тақырыптар қамтылады:
Сыртқы орта организмдегі ферменттерге әсері
Дұрыс тамақтану үшін қоректік заттар
Метаболизмнің маңызы және адам денсаулығын талдау арқылы анықтау
Біздің ішіміздегі осы таңғажайып микроәлем туралы тағы басқа да ақпарат!
Курс Алматы қ., Бұхар-Жирау к-сі, 36, РФММ мектебінің ғимараты мекенжайы бойынша өтеді. Сабақтар тегін, қазан айында әр сейсенбі өткізіледі. Курсқа 9 - 10 сыныптың оқушылары қатыса алады. Курстың өткізілу тілі - қазақ тілі.