D:\Documents\Downloads\20180505_234811.jpg

Абишева Батима Ахмедиевна

тәрбиеші

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,

№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК

«Мен Қазақстанның азаматымын»

Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға вальс билеп кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.        

1.Әнұран.

Жүргізуші:

Біз аспаны ашық, сәулелі, кең, байтақ елде тұрамыз. Ол ел - Қазақстан республикасы.Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына 26 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. 16 желтоқсанда 1986 жылы Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз ЛяззатАсанова, Қайрат Рысқұлбековерлік көрсетті. Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз.

2.Бейнеролик (Желтоқсан құрбандарын еске алу)

Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?

Балалар: Ту, елтаңба, әнұран.

Айжан: 

Қазақстан Отаным,

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр танды

Мемлекеттік Елтанба.

Айару: 

Әнұраным - жан ұраным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерім - сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

Нұрислам:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.

Айзере: 

Елбасы елді қорғайды,F:\Тәуелсиздик  фото\20171215_095922.jpg

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Ерасыл: 

Ел тынысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта

Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Ересектер тобы: Би «Көкпар».

Ойын: «Соқыр теке»

Ойының шарты:«Соқыр теке» – ойыны да біздің қазақтың көптен келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын кез-келген жерде ойнала беретін болғандықтан, көп пайдалануға болады. Оқушылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке - сол. Қалғандары оны қолымен түртіп қойып, одан айнала қашады. Соқыр теке түрткен адамды ұстап алуы керек. Ойын солай жалғаса береді, қашан мұғалім тоқтатқанша. Бұл ойын сезімталдыққа, жылдамдыққа баулиды. Ойынға 10 - 12 адамға шейін қатысуға болады.

Поэзия сәті. Ахмет Байтұрсынұлы «Оян, Қазақ!»

Мирас: F:\Тәуелсиздик  фото\20171215_102137.jpg

Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!

Жуынып, киініңдер, шапшанырақ!

Інжу: 

Шақырды тауық мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

Нұрсезім: 

Адамда,ұшқан құста, жүрген аңда,

Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жанда.

Сұлтанбек:

Кішкене қоныз да жүр жүгін сүйреп,

Барады аралар да ұшып балға.F:\Тәуелсиздик  фото\20171215_100226.jpg

Міржақып Дулатов «Оян,қазақ!»

Ринат: 

Көзінді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Дияр:

Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ,

Ер мінезбен өр рухқа болма жат.

Айару: 

Оян,қазақ! Ойлан қазақ! Бол, қазақ!

Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.

Аяла: 

Оян,қазақ! Ойлан қазақ! Бол қазақ!

Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!

Ұран: 

Алаш туы астында

Біз алаштың баласы

Жасасын, алаш, жасасын!

Ортаңғы «А» тобы: Би «Жаса,Қазақстан!»

Ойын: «Арқан тартыс»

Поэзиялық көрініс: Ересектер тобы.

F:\Тәуелсиздик  фото\IMG-20171215-WA0012.jpg