Тақырыбы :  Жұлдызды  эстафета

 

Мақсаты :  Эстафеталық ойынға деген жастардың қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік міндеті : Салауаттылыққа , достықпен ынтымақшылдыққа ,     ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қүш ,жылдамдық ,ептілік  қасиеттерін дамыту.

Сайыстың жүру барысы :

Жүргізуші :Сәлеметсіздерме  құрметті  қонақтар мен оқушылар, ұстаздар !  

Біз сіздермен бірге  бүгін   «Жұлдызды  эстафеталар»  сайысын бастаймыз.  Ал енді  сайысқа қатысушы  командаларды  қарсы алыңыздар . Командалар  шығып  сапта тұрады. Командалар  өздерінің  атын , ұранын  таныстырады.

 

Жүргізуші  :  Командалармен таныстық   , қазылар  алқасын   сайладық ,   енді  эстафеталық сайысымызды бастайық.

1.«Кім епті»  эстафетасы  .  Ойыншылар  допты  аяқпен алып жүріп кедергілер арасымен  белгілі жердегі тапсырманы орындап қайтып келіп басқа ойыншымен ауысады . Соңында бірінші  келген топ жеңіске жетеді.

2. «Шаяндар жарысы»  Ойыншылар екі қол , екі аяқ пен шалқалап жүріп белгілі бір жерді шаян дарша жүріп    айналып  келеді    ойын келесі ойыншымен ауысып отырады .Соңын да бірінші келген топ жеңіске жетеді.

3.  «Қап тастау»  эстафетасы .  Ойыншылар   қапты аяққа киіп алып белгілі жерге барып  қапты шешіп сол жерге шешіп тастап кетеді келесі ойыншы жүгіріп барып  қапты аяққа киіп алып қапты алып келеді ойын осылай келесі ойыншымен  ауысып отырады.

4.«Қеңгурулер» эстафетасы  . Ойыншылар  кіші допты екі аяқтың арасына қысып алып  белгілі жерді айналып келеді . Ойын  келесі ойыншылармен ауысып отырады. Соңында  бірінші келген топ жеңіске жетеді.

5. «Картобыңды егіп  келде жинап ал» эстафетасы . Ойыншылар   қолдарындағы   картопты шеңбер түбіне  салып шығады  , келесі  ойыншы  барып  картопты жинап  алып келеді .  Ойын  осылайша  жалғаса  береді. Топтың соңында  бірінші  келген  ойыншылар жеңіске жетеді

6. «Қасықпен су тасу» эстафетасы . Ойыншылар  бір-бір қасық ұстап  шелектегі  суды қасықпен тасып  белгілі жердегі банкіге  құяды , келесі ойыншыға ауысып отырады  соңында банкідегі суды салыстырып   бағасын шығарады әділ қазылар .

7 .  «Қім жылдам»  эстафетасы . Ойыншылар  қолдарына жалауша  ұстап  белгілі жерді айналып келіп жалаушаны келесі ойыншыға ауыстырып отырады . Соңында бірінші келген топ жеңіске  жетеді .

Жүргізуші :  командаларды   сапқа тұрғызады . Міне бүгінгі  біздің  «Жұлдызды эстафета»  аяқталып өз мәресіне  жетті.  Командалар  өздерінің  күштерін ,  ептілігін және жылдамдықтарын ,  қызығушылықтарын  көрсете білді .

Сайысты  қорытындылайтын  кезде   келді . Олай болса  сөз  кезегін  қазылар алқасына   берейік .  Командалар  марапатталады.