Мақсаты: Балалардың сандар және пішіндер жайлы түсініктерін бекіту. Кеңістікті бағдарлауды жетілдіру. Жұмбақтар шеше білуге дағдыландыру.

Білімділік: Сандарды тура және кері атауға дағдыландыру. Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс атауға дағдыландыру және кеңістікті бағдарлай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды жетілдіру.

Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.

Полингвальдық компонент:Бір-один-one,екі-два-two, үш-три-tree,төрт-четыре-four,бес-пять-five.

Көрнекіліктері: Сандар, пішіндер, құрсау, мнемокесте,ноутбук.

Әдіс - тәсілдер: жылулық шеңбер, қызықты сәт, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар, сан туралы тақпақтар, әңгімелеу,жұмбақтар жасыру, дьенеш блоктары,триз.

Сөздік жұмысы: құрсау

Алдын-ала жұмыс: сандар туралы тақпақтарын жаттату.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың  әрекеті

Кіріспе бөлім  

I Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар бүгін бізде ерекше күн қарандаршы бізге  қонақтар келді.

алдыменен қонақтармен амандасып алайық.

2.Жылулық шеңбер:

Сәлеметсіздерме!

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық!

Жүрек жылуын алайық!

Жиналған жылы шуақты!

Қонақтарға сыйлайық!

Негізгі бөлім

1ші-аялдама

2ші-аялдама

3ші -аялдама

4ші-аялдама

-Балалар сендер саяхатқа барғыларын келеді ме?

-Қазір біз сиқырлы математика  еліне саяхатқа аттанамыз.

«Саябақ» аялдамасы

-Балалар саябақ аялдамасының мынадай тапсырмасы бар.

1-тапсырма:

Санға сәйкес жеміс-көкөністерді теріп алыңдар

-Айтып беріңдер, қандай сан және неше жеміс тердіңдер.

«Түрлі-түсті пішіндер» аялдамасы

-Балалар, қараңдаршы мына жерде нелерді көріп тұрсыңдар. Мында топшаларға бөлініп тапсырмаларды орындайық.

2-тапсырма

1-топ:Пішіндерді құрсауға орналастыру.

2-топ:Киімдерді жамау(кесілген жерге пішіндерді қою)

3-топ:Берілген суретті пішіндерден жасау.

«Демалу орталығы» аялдамасы

«Санамақтар»

-Кім санамақ айтып береді?

1 мнемокесте2 мнемокесте

3 мнемокесте4 мнемокесте

5 мнемокесте

«Пинг-понг» ойыны

-Мен сендерге бір сөзді айтамын, сендер маған қарама-қарсы сөздер айтасындар.

-Ұзын

-жуан .т.б

«Сандар» аялдамасы

1-топ:Сандарды тура және кері ретімен қою және санату.

2-топ:Санға сәйкес заттарды құрастыру(пазл түрінде карточкалар).

3-топ:Заттарды өсу және кему ретімен қою және санату.

Жұмбақ:

-Бір сиырдың неше аяғы бар?

-екі түлкінің неше құйрығы бар?

-ағаштың басында төрт торғай отыр,торғайлардың жанына тағы бір торғай келіп қонды неше торғай болды?

-Барғымыз келеді.

Ераян:Менде 1саны-мен 1алмұрт тердім.

Адия:Менде 2саны-мен

2алма жинадым. т.б.

Мен құрсауға пішіндерді орналастырдым. Көк құрсауға дөңгелек пішіндерді,қызыл құрсауға әр түрлі пішіндерді орналастырдым. Т.б.

Мен киімді сопақша және үшбұрышпен жамадым.

Мен поровоз жасадым, онда төртбұрыш,үшбұрыш,дөңгелектер бар.

Бәріміз біргеміз.

Оңға бір қадам,солға бір қадам.

Шапалақ ұрамыз.

Алға бір қадам,артқа бір қадам.

Шапалақ ұрамыз.

Айдос:

Біздің үйде бір тауық,

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада,

Бәтіш тәтем жүр сауып.

Аделя:

Екі аяқпен жүремін,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің,

Екеу құлақ білемін.

Айзере:

Үйімде бар үш қалам,

Үшеуінде ұштағам.

Үш досымды салдым мен,

Үш балыққа ұқсаған.

Нұрайым:

Төрт дөңгелек арбада,

Төрт аяқ бар малда да...

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада.

Аида:

«Бестік» деген бағаны,

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді,

«Беске» оқыған баланы.

-қысқа.

-жіңішке.т.б

-1,2,3,4,5-тура сан.

5,4,3,2,1-кері сан.

-екі санына екі ұлуды құрастырдым. Бір санына бір қызыл телпекті құрастырдым.т.б.

-матрешкаларды өсу ретімен қойдым:1,2,3,4,5.

-матрешкаларды кему ретімен қойдым;5,4,3,2,1.

-Бір сиырдың төрт аяғы бар.

-екі түлкінің екі құйрығы бар.

-бес торғай болды.

-«Сиқырлы математика» еліне саяхатқа бардық.

-Саябақ аялдамасының тапсырмаларын орындадық.

Әр аялдамаға тоқталып тапсырмаларды орындадық,ойын ойнадық,жұмбақтар шештік.

Қорытынды бөлім

«Мнемокестемен» қорыту

-Балалар бүгін қайда бардық?

-Саяхатта біз не істедік?

-Балалар  сиқырлы математика елінің патшайымы сендерге арнап сыйлық беріп жіберіпті.

-бүгін сендер жақсы,білімді,тәртіпті болдыңдар .

Қоштасу шеңбері:

Көріскенше күн жақсы.

-Балдай тәтті балалармыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстасып бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Балалар сыйлыққа қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: Сандарды,пішіндерді,кеңістікті бағдарлауды.

Түсінеді:Санға байланысты заттарды сәйкестендіруді.

Қолданады: Жұмбақ шешуді , сұраққа жауап беруді ,логикалық ойлауын, есте сақтауды.