2017 — 2018 оқу жылына арналған

жылдық міндет

1 Көркем әдебиетке баули отырып, сөйлеуді дамытуға қолайлы жағдай жасауды жетілдіру

2 Мектепке дейінгі балалардың  қимыл-қозғалыс, спорттық ойындар және жеке жаттығулар жасау арқылы қозғалыс белсенділік  дағдыларын қалыптастыру.

2018 — 2019 оқу жылына арналған

жылдық міндет

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік –рөлдік ойындар арқылы тіл байлығын дамыту

2 Негізігі қозғалыс әрекетін жетілдіру арқылы қимыл белсенділігін дамыту

2019 — 2020 оқу жылына арналған

жылдық міндет

1Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбек қызметіне баули  отырып,  тіл байлығын дамытуды  жалғастыру

2 Жалпы дамыту жаттығулары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың  қимыл белсенділігін дамытуды жалғастыру

2020 — 2021 оқу жылына арналған

жылдық міндет

1Зерттеу, іздестіру қызметі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың  тіл байлығын дамытуды  жалғастыру (тәжірибе ойындары)

2 Денешынықтырудың түрлі нысандарында балалардың шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін дамуына ықпал жасау.

2021 — 2022 оқу жылына арналған

жылдық міндет

1Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуді дамытудағы жұмыс тәжірибесін жинақтап қорытынды жасау (облыс деңгейінде)

2Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл –қозғалыс белсенділігін арттырудағы жұмыс тәжірибесін жинақтап, қорытынды жасау (қалалық деңгейде)

«Малышок» бөбектер бақшасының  2017 — 2018 оқу жылына арналған

жылдық міндеті – ол:

- Көркем әдебиетке баули отырып, сөйлеуді дамытуға қолайлы жағдай жасауды жетілдіру

- Мектепке дейінгі балалардың  қимыл-қозғалыс, спорттық ойындар және жеке жаттығулар жасау арқылы қозғалыс белсенділік  дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Тіл – қарым қатынас құралы, баланың   барлық  ісін  алып жүреді. Тіл сапасы  ойын  кезінде, бала мен педагог арасында,  серуенде, айналаны  бақылау кезінде ,  қойылым  көргенде,  бір -бірімен тілдесудің үлкен мүмкіндіктеріне қол жеткізеді, қарым-қатынасын біріктіреді, күшейтеді және көзқарастарын қалыптастырады, дүниенің қыр-сырын танып білуге жол ашады. Сондықтан тілдің дамуына,  мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн. Баланың тілін қалыптасуы мектепке дейінгі білімнің  ең негізгі  міндеті.  Сондықтан  ауқымды мәселеге байланысты мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің  таза, орнықты  болу  жағын қалыптастыру қажет.

1 Тілді дамыту үшін  әр түрлі тәсілдер қолданылады:

- Коммуникативтік машықтарын қалыптасуы , үлкендер мен балалардың тілдік қарым қатынасы

- Тәрбиешінің сөйлеу мәнері, мәдени тілдік орта

- Ұйымдастырылған оқу қызметінде өз  тілін және өзге  тілді меңгерту

- Көркем әдебиет
- Әр түрлі бейнелеу өнері (бейнелеу, музыка, театр)

2 Спорттық ойындар,денсаулық күндер осы ойындар  арқылы балаларды төзімділікке, қайратты шымыр болуға шақырады. Дене тәрбиесі балалардың ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек денсаулығын нығайтуына таза ауада өткізілетін спортық ойындар мен жаттығулар, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады.
Берілген мақсатты  іске асыруы осы міндеттермен байланысты:

- Дене бітімінің  сапасы— жылдамдық, күш ,иілгіштік,төзімділік, координациялық икемділіктерін дамыту

- Негізгі қозғалыс тәртібінің меңгеруі  (жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, өрмелеу) балалардың қозғалыс тәжірибесінің  жинақтап,  байытады

- Қозғалыс белсенділігі мен дене бітімінің  дамуын  қажет ету

Бағдарлама бағыты:

- Тәрбиенушілердің жас ерекшелігін ескере отырып, қолжетімді үрдісін іске асыру

- «Белгіліден – белгісізге», «қарапайымнан күрделіге»  дидактикалық қағидаларын сақтай отырып, жүйелілік және бірізділік принципін жүзеге асыру

 Бөбектер балабақшасының ұжымы  осы жоғарыда айтылған кеңестерге орай мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығының  дамуына мынадай міндеттерін алға қойды. 
1.Танымдық –тілдік жүйесін оқу қызметі, бақылау, тәжірибе кезінде байытып, толықтырып отыру.

2. Адамдармен қарым –қатынас арқылы, заттарды, құбылыстарды зерттей отыра эмоционалды – сезімдерін байыту.

3. Танымдық тілдік іс- әрекетінің дербестігін таныт,қызығушылықты  қолдауға және айқындап ықпал етуге, жағдай жасау.
4.Барлық іс –әрекетте балалардың танымдық – тілдік жүйесінің дамуына ықпал жасап отыру.

Бөбектер балабақшасының ұжымы  ұйымдастырылған оқу қызметінде мынадай  жұмыс  түрі қолданады. 
-  Күн тәртібі
- Бала мен педагогтың  бірлестігі

- Отбасымен бірлесіп жасалатын жұмыс.

- Әлеуметпен қарым -қатынас

2017 – 2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Жылдық міндеттеме

1 Көркем әдебиетке баули отырып, сөйлеуді дамытуға қолайлы жағдай жасауды жетілдіру

2 Мектепке дейінгі балалардың  қимыл-қозғалыс, спорттық ойындар және жеке жаттығулар жасау арқылы қозғалыс белсенділік  дағдыларын қалыптастыру

Педагогтармен жұмыс

1 Семинар: «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуда және жеке тұлға ретінде қалыптасуына көркем әдебиеттің алатын орны»

2 Семинар –практикум: «Қимыл белсенділігін арттырудағы спорт ойындарының элементтері»

3 Педагогикалық кеңес: «Бала тілін дамытудағы кітап оқудың  маңызы»

4 Конкурс - сайыс: «Кітап бұрышы»

Балалармен жұмыс

1 Сурет пен қолөнер көрмесі

2 Мәнерлеп оқу сайысы

3 Күзгі марафон

4 «Мен –мықтымын» (бастауыш сынып пен мектепалды балаларының  спорт  жарысы)

5 Көктемгі спартакиада

6 «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интелектуалдық сайыс

7 «Мен ертегішімін» сайыс

Ата – аналармен жұмыс

1 Ата –аналар жиналысы

2 «Өз қолымызбен кітап жасаймыз» мастер –класс

3 Сауалнама

4 «Кітап оқиық» отбасылық клуб құру

5 «Сыйлыққа кітап беремін» акция

6 «Қозғалыс және тағы да қозғалыс» жарыс

7 «Отбасымдағы қимыл белсенділік арттыратын ойындар»  презентация

Күтілетін нәтиже

1 Сөйлеуді дамытуға әсер ететін білім орталықтары жетілдіріп, толықтырылады

2 Педагогтардың тәжірибесі өседі

3 Отбасымен тығыз байланыста болады