Ұйымдастырылған фланелеграф театры

Тақырыбы: «Шұбар тауық» ертегісін фланелеграф қойылымы бойынша

Мақсаты:

1. Балаларға фланелеграф театры арқылы ертегіні баяндап айту, ертегіне зейін қойып, аяғына дейін тыңдауға үйрету.

2. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балаларға үлкендерге құрмет көрсетуге, оларға әрқашан көтеріңкі көңіл күй сыйлауға, оларды қуантып жүруге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілі: көрсету, үлгі, түсіндіру.

Көрнекіліктер: Шұбар тауық ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері

Тәрбиеші: 
Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше өтеді. Өйткені біздің сабағымызға қонақтар келді. Барлығымыз амандасайық.

Шаттық шеңбер. 
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барлығын да құрметтеп
Бас иеміз біз
Балалар амандасады.

Тәрбиеші: -Балалар, естіп тұрсыңдар ма, әуенді? Бізге қонаққа кім келді? Балалар, сиқыршымен амандасайық.

Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге ертегілер әлемінен келдім. Сендер маған хаттарында сиқыршыны жақсы көретіндеріңді айтыпсыңдар. Ал бүгін мен маған сол хатты жазған балаларды көруге келдім.

Тәрбиеші: -Қош келдің сиқыршы біздің балалар сені өте қатты жақсы көреді сондықтан бүгін сені ортамызға шақырып отырмыз. Қанекей төрлете ғой!
Балалар қазір сендермен бауырсақ ертегісін есімізге түсірсек. Қонақтарымызға, сиқыршыға да айтып берейік. Олар да ертегі тыңдағанды ұнатады екен. (Бауырсақ ертегісін қайталау).

Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз

Ал енді сендермен бүгін «Шұбар тауық» ертегісімен танысамыз.
Ерте - ерте - ертеде бір ауылда шал мен кемпір өмір сүріпті

жұмыртқа тауыпты. (сары түске боянған жұмыртқаны көрсету) Шал мен кемпір жұмыртқаны шағып жемек болады. Шал балғамен жұмыртқаны ұрады келіп ұрады, жұмыртқа жарылмайды, тек балғаны сынып, саусағын ұрып алды

Енді жұмыртқаны кемпір қолына алды. Ұрады келіп ұрады, жұмыртқа жарылмайды. Жұмыртқаны үстел үстіне қойды. Осы кезде ұры тышқан үстелге секіріп шығып, құйрығымен салып қалып еді – жұмыртқа жерге құлап түсіп, жарылып қалды. (пісірілмеген жұмыртқаны жерге құлату)

Шал жылап жіберді, кемпір қосыла жылады. Шұбар тауық қыт-қыттап оларды жұбатты: «Жылама, ата, жылама, әже. Тағы жұмыртқа табамын, алтын емес, жай жұмыртқа тауып беремін».

алды. Сол жұмыртқаны сипалап көрейік. Ол қандай? жұмыртқа сопақша, оны домалатуға болады. Оның түсі ақ, өзі кішкентай. Сипалап көрейік. Беті тегіс екен.

Тәрбиеші: - Ата мен әже алтын жұмыртқаны көргенде қалай таңданды? (Таңдану)

- Алтын жұмыртқа жарылып қалғанда қалай ренжіді (Көңілсіз)

- Жай жұмыртқа туып бергенде қалай қуанды? (Қуану)

-Ата мен әже қалай жылады.(Жылағанын көрсету)

-Тышқан қалай тыңдап тұрды? (Тыңдау)
Сабақты қорытындылау: Балалар, жарайсыңдар сендер бүгін өте жақсы бала болдыңдар. Ал ендеше қонақтармен қоштасайық.
Сиқыршы: Ал мен балаларға өзім алып келген тәттілермен бөлісейін.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Ертегінің мазмұның түсіну

Меңгеруі: Кейіпкерлерді білу

Қолданады. Кейіпкелердің көңіл - күйін

C:\Users\User\Desktop\шұбар тауық ертегісі\iHSPPORMT.jpg

C:\Users\User\Desktop\шұбар тауық ертегісі\iHSPPORMT.jpg

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК

тәрбиеші

Кадирова Мейрамкул Ерғалиқызы