Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тығыздық

Мектеп:  «Естай Есжанов атындағы № 9 орта мектеп» КММ

Күні:   20. 11.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Юсупова Гульзтра Салимовна

Сынып: 7

Қатысқандар: 17

Қатыспағандар: 2

Сабақтың тақырыбы

Тығыздықты есептеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

7.2.2.15 – тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолданады.

Көпшілігі: Есеп шығару барысында масса, тығыздық, көлем шамаларының тәуелділігін анықтайды.

Кейбіреуі: Заттың тығыздығы тақырыбы бойынша есептерді бірнеше тәсілмен шығара алады.

Бағалау критерийі

  • тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолданады.
  • Шамалардың өзгеруі қандай параметрлерге тәуелді болатындығын сипаттап есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

Алынған білім негізінде оқушылар масса, көлем, тығыздық ұғымдарын ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.

Арнайы пәндік лексикалық терминология:масса, көлем, тығыздық, мензурка, таразы, жүктер, ареометр.

Диалогқа қажетті тіркестер: Әр түрлі заттың тығыздығы (массасы) әр түрлі болады.   Тығыздық заттың 1м3 (немесе 1см3) көлемінде қанша масса бар екендігін көрсетеді. Тығыздық  – дене массасының көлеміне қатынасына тең физикалық шама.

Құндылықтарғабаулу

Ынтымақтастық – топтықжұмыскезінде

еңбекпеншығармашылық – топтықжұмыскезінде

өмірбойыбілім – есептершығарукезінде

Пәнаралықбайланыс

  • «Дүниетану» пәнінен заттың үш күйін біледі: қатты, сұйық, газ.
  • Математика сабақтарынан бір белгісізі бар теңдеулерді шеше алады.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

  • Оқушылар масса, көлем, тығыздық ұғымдарын біледі.
  • Оқушылар дұрыс және бұрыс пішінді денелердің көлемін анықтай алады, массаны таразыда өлшей алады, тығыздықты формула арқылы есептей алады.

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Қалыптастырушы бағалау

Ресурстар

Сабақтыңбасы

Ұйымдастыру кезеңі

1мин

2 мин

1 мин

1 мин

Мұғалімнің амандасуы.

        «Көңілді күн» әдісі бойынша психологиялық ахуал орнату. Білім алушылар бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Үй тапсырмасын тексеру.«Ат қосшы мен ат арба» әдісі көмегімен оқушылардың бөлім бойынша білімдерін сұрақ - жауап негізінде тексеру.  Білім алушылар алдын – ала таратылған қағаздардың біріне сұрағын, екінші қағазға жауабын жазады. Қобдишаға салып, араластырып, сұрағына жауап оқиды.

Топқа бөлу «Аударма» әдісі арқылы

Оқушылар топтарға аударма негізінде бөлінеді.

1 топ

тығыздық

Плотность

strenght

2 топ

масса

масса

weight

3топ

көлем

объем

volume

1 топ – тығыздық

2 топ – масса

3 топ – көлем

Жаттығу «Анаграмма»

Оқушылар  сандардың реті бойынша астында орналасқан әріптер арқылы "тығыздықты есепте" жаңа сабақтың тақырыбын табады.

3

14

4

10

6

15

13

2

Ғ

П

Ы

Ы

Д

Т

Е

Ы

7

11

1

8

12

5

16

9

Ы

Е

Т

Қ

С

З

Е

Т

Жауабына байланысты сұрағын тапқан оқушыларды мадақтап отыру. «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс орнату.

Ең бірінші құрылған топты үш рет алақан соғумен, құрмет көрсету.

«Келісімін, келіспеймін» әдісі арқылы оқушылар өз ойын айтады.

Үлестірме қағаздар

Аудармалар жазылған қағаздар

Анаграммалық кесте

Сабақтың ортасы

Тәжірибелік тапсырма

Деңгейлік тапсырма

12 мин

10 мин

10 мин

«Джигсо» әдісі:

Топтарға есептер беріп, оқушылардың жұмысын қадағалайды. Оқушыларға тапсырма ережесімен және оқушылардың қозғалу ережесін түсіндіреді.

Есеп шығарған соң әр топтың бір оқушысы оңға , екіншісі солға ығысып, жаңа топ құрастырады. Бір-біріне есептердің шешуін түсіндіреді.

Оқушылар жауаптарын, шешу жолдарын салыстырады. Шешу жолдарының ең ыңғайлысын таңдайды. Кейін өз жауаптарын дұрыс жауаппен тексереді.

1топ:

  1. Темір және қорғасын білеушелердің массасы бірдей. Қай білеушенің көлемі үлкен?

Темірдің көлемі үлкен, себебі темірдің тығыздығы қорғасыннан аз.

  1. Көртышқан – алақандары үлкен сыртқа иілген кішкентай аң. Ұзындығы 10 – 15 см және массасы 100 г, ол жылына 1 га қайыңды орманның 10 т топырағын қазып шығарады. Ол жылына тығыздығы 2000 кг/м3 топырақтың қанша көлемін өңдейді?

2топ:

  1. Су мен керосиннің көлемдері бірдей. Қай сұйықтың массасы көп? Неге?

Су, оның тығыздығы керосиндікінен көп.

  1. Кәдімгі сиыр жылына 3–5 мың литр сүт береді, ал сүтті сиырлар 20 мың литрге дейін сүт береді. 1941 жылы тәулігіне 82,15 л сүт берген сиыр рекордқа енді. Осы сиырдың бір тәулікте берген сүтінің массасын анықтаңыз. Сүттің тығыздығы1 028 кг/м3.

  1. топ:  
  1. Металл детальді пеште қыздырады. Сонда металдың массасы, көлемі, тығыздығы қалай өзгереді?

Детальдің көлемі артады, тығыздығы кемиді, ал массасы өзгермейді.

  1. Массасы 949 г металл детальдің көлемі  130 дм3. Бұл қандай металл?

Тәжірибелік тапсырма: берілген денелердің тығыздығын анықтау.

І нұсқа

Жеке жұмыс. Деңгейлік есептерді оқушылар шығады.


А1) Ішіне 50 т мұнай сиятын болуы үшін цистернаның көлемі қандай болуы керек?
А2) Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумның 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын табыңыздар. (ρ= 1000

В3) Графикте үш әртүрлі денелердің массаларының көлемдеріне тәуелділік сызықтары берілген. Бұлардың тығыздықтары қалай дұрыс орналасады?

В4)  Суретте көрсетілген дененің массасын анықта. Өлшемдері мм -мен көрсетілген.
Жауабынды бүтін санымен грамм жаз. (ρ=2,7 г/см3)

С5) Иттің пішіні мыс пен қалайыдан жасалған. Егер қоспаның 1/3-і мыс (көлемі бойынша) және 2/3 –сі қалайы болса, онда оның орташа тығыздығы қанша? Мыстың тығыздығы = 8,9 г/см3, қалайының тығыздығы=7,3 г/см3.

ІІ нұсқа

Жеке жұмыс. Деңгейлік есептерді оқушылар шығады.


А1) Ішіне 60 т мұнай сиятын болуы үшін цистернаның көлемі қандай болуы керек?
А2) Ұзындығы 40 см, ені 10 см аквариумның 45см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын табыңыздар. (ρ= 1000

В3) Тығыздығы тұрақты болғанда дене массасы мен оның көлемінің арасындағы тәуелділік қай графикке сәйкес келеді?

А)

B)

C)

D)

E)http://www.physics-regelman.com/secondary/6/1/9-5.png

http://www.physics-regelman.com/secondary/6/1/9-1.png                         http://www.physics-regelman.com/secondary/6/1/9-2.png                http://www.physics-regelman.com/secondary/6/1/9-3.png          http://www.physics-regelman.com/secondary/6/1/9-4.png

В4)  Суретте көрсетілген дененің массасын анықта. Өлшемдері мм -мен көрсетілген.
Жауабынды бүтін санымен грамм жаз. (ρ=4,5 г/см
3)

С5) 200 см3 никельден және 100 см3 қорғасыннан қоспа дайындайды. Никельдің тығыздығы 8,9 г/см3, қорғасынның тығыздығы 11,3 г/см3. Қоспаның тығыздығын табыңыз.

Тапсырмаларды жылдам, әрі тез орындаған топтарды мадақтап отыру.

Бағалау критерийлері:

-        тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолданады.

-        Шамалардың өзгеруі қандай параметрлерге тәуелді болатындығын сипаттап есептер шығарады.

  1. Дескриптор: Есептің шартын жазады.
  2. ХБЖ- ге айналдырады.
  3. Формулаларды қолданып, есепті шығарады.
  4. Есептің жауабын жазады.

«Т кестесі» әдісі арқылы оқушылардың ойын білу.

Оқушылар құрал-жабдықтармен жұмыс  жасайды. 

Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды.

Сілтеме

Физика және астрономия, есептер мен жаттығулар  жинағы 7 сынып, 35 бет

Үлестірме қағаздағы есептер

Оқулық

Интерактивті тақта

Сабақтың соңы

2 мин

1 мин

Рефлексивтік нысана.  Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді және жалпы сабаққа өзін формативті бағалайды:

5 –өте жоғары

4-жоғары

3-орта

2-ортадан төмен

C:\Users\BROTEKO\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG_20181120_131636.jpg

Соңында мұғалім оқушылардың сабақтағы жетістіктерін айтады

Үй тапсырмасын беру: 32 тақырыпты оқу, ареометр жасау, эксперименттік тапсырма, 4.2.

Бүгінгі сабақта белсенді қатысушы топта стикерлерді санау арқылы анықтаймыз.

Рефлексивтік нысана.  

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

  • Оқыту мен оқу үдерісін сапалы құру үшін, әртүрлі санаттағы балалар үшін сабақ мақсаты нақты анықтап алынды.
  • Сабақ мақсаты мен ойлау дағдыларының деңгейіне тәуелді әртүрлі денгейдегі тапсырмаларға бағалау критерийлері әзірленді.
  • Оқушының мүмкіндігі мен сұранысына орай, көпшілігі: эксперименттік тапсырманы орындау кезінде өз идеяларын қолдана алады, кейбіреулері: эксперименттік тапсырманы орындай алады.

Қалыптастырушы бағалау кезінде «бас бармақ» әдісі; ауызша кері байланыс орнату кезінде, «келісімін, келіспеймін» әдісі – оқушылардың ойларын білу, қошеметтеп, бағалап отыру; есептер шығаруда бағалау критерийлері мен дескрипторлар, сабақ соңындағы рефлексия  арқылы жүргізілді.

Өлшеу құралдарын қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


                                     «Естай Есжанов атындағы  № 9 орта мектеп» КММ

                                                                  Пәні: Физика

                                                                   Сыныбы: 7

                                                                  Тақырыбы:

                                       Заттың тығыздығы және тығыздықтың

                                                                 өлшем бірлігі.

                                               

http://kitchen.lib.tpu.ru/6063bb0d-199d-46af-8677-25666a92756e/original.jpg

                                Авторы: Юсупова Гульзира Салимовна

                                                                                        физика пәнінің мұғалімі

                                                       Жітіқара, 2018 жыл