Тексерілді:________________________М.Жомартова

                         оқу ісінің меңгерушісі

Күні: 25.10.2017 ж

Пәні: Дене тәрбиесі

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Асық ату

Сабақтың мақсаты: Қолда асықты ұстау техникасын үйрету және асық ойынын меңгеру.

Дамытушылығы:Оқушылардың ептілігін, қимыл қозғалысын дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, сабырлыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, үйрету және ойнату.

Құрал  жабдықтар: Асық, ысқырық, секундомер.

Өтетін орын: Спортзал

Бөлімдер

Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

Кіріспе.

Сапқа тұру, кезекшінің мәліметі, сәлемдесу. Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру. Орында, қозғалыста орындалатын саптық жаттығулар.

3-4 минут

Спорттық киімге, қатардығы тұрысқа назар аудару.

Дайындық бөлім

Спорт алаңында жүру жаттығуын жасату.

Қол жоғары аяқтың ұшымен жүру. Қол белде өкшемен жүру. Қолды алға соза, жартылай отыра жүру. Қол белде аяқты қайшылап жүру.

Жүгіру жаттығулары.

Қолды алға соза тізені тік көтере жүгіру.

Қол белде аяқты сермеп жүгіру.

Қол желкеде аяқты артқа сермеп жүгіру.

Қолды алға айналдыра оң жағымен жылжу

Қолды артқа айналдырып сол жағымен жылжу.

Жәй жүгіру.

Шеңбер жасап жүру.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау: 5 – 6 жаттығу.

6-7 минут

Дәл орындау

Тез, нақты орындау.

Денені түзу тік ұстау.

Барынша терең тыныс алу.

Арақашықтықты сақтау керек

Негізгі бөлім

  1. Жаңа сабақ барысымен таныстырып өту.

Асық түрлерімен таныстыру:

  1. Сақа – асықтың ең үлкені, ірісі.
  2. Ешкімер – ешкінің асығы.
  3. Қойлақ – қойдың асығы.
  4. Топай – сиырдың асығы.
  5. Шүкейт – киіктің асығы.
  1. Қолда асықты ұстау техникасыын үйрету:

-асықтың өзіндік болмысына және жату қалпына сай атаулары:Алшы, тәйкі, бүк, шік, омпа және томпа.

-асықтың ойын түрлеріне сай қолға ұстау әртүрлі: көбіне асықпен ойнайтын ойындар иіру арқылы ойналады. Асықтың тәйкі тұсы – бас бармаққа, алшы жағы – сұқ саусаққа, бүк тұсы-алақанның ішкі жағына, шік жағы – сыртқа қарап тұрады(Бұл оңай асықтарды дұрыс ұстау). Ал солақай асықты ұстағанда: алшы тұсы бас бармаққа, тәйкі тұсы – сұқ саусаққа, бүк тұсы алақанның ішкі жағына, шік жағы сыртқа қарап тұрады.

Асықтардың ішінде сақа деген болады, оның түсі ерекше болуы тиіс, мысалы қызыл, басқа асықтар оның түсіндей болмауы керек. Бір адам ойынды бастайды: Асықтарды жинап алып, алдына шашып жібереді, сол кезде жаңағы сақа алшысынан түссе бәрі таласып асықтарға жармасады, жаңағы сақа кімнің қолында кетсе, сол кісі ойынды жалғастырады, яғни бәрінің асығын жинап, алдына шашады, сақа алшысынан түссе жаңағыдай болады, ал егер алшысынан түспесе, ешкім асықтарға жармаспайды, шашқан адам ойында жалғастыра береді, яғни асықтарды бір біріне саусақтың сыртымен(тырнақ жағымен)атады, алшыны алшыға, тәйкіні тәйкіге,бүкті бүкке, шікті шікке атады, тигізген асықтарды ала береді. Ататын асық қалмағанда, яғни асықтар әртүрлі жатса, келесі ойыншы жердегі қалған асықтарды жинап алып алдына шашады, ойын осылайша жалғаса береді.

Кезекпен ойын ережесіне сай қанталапай ойынын оқушыларға ойнату.

23-25 минут

Айту, дұрыс көрсету, берілген жүктемен дұрыс орындалуын қадағалау.

Қортынды бөлім

  1. Сапқа тұру
  2. Тыныс алу жаттығулары
  3. Сабақты қортындылау
  4. Үйге тапсырма беру.

3-4 минут

Бір тізбекпен спорт алаңынан шығу

Пән мұғалімі:  Б.Жамбылов

№ 93 орта мектеп

Ашық сабақ

           Тақырыбы: Асық ату.

            Пәні: Дене тәрбиесі.

           Сыныбы: 3.

           Орындаған: Б.Жамбылов

        

                             

                              2018 ж.