Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы

№2 «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК

Тәрбиеші: Шерьязова Мендигуль Матаевна

№8.Ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Ұғым "үлкен, кішірек және тең". Сан және цифр 4». Мақсаты: "Көп, аз және тең" ұғымын қалыптастыру, 10 - ға дейін санау. Көрнекіліктер: түрлі-түсті тышқандар (картоннан немесе тігілген): әр балаға  үш қызыл, екі жасыл, бір көк.

Тәрбиеші шаттық шеңберін ұйымдастырады.  

Шаттық шеңбер

Кел достарым, келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер.

Шақырамын сендерді,

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа

Дөңгеленген шеңберді.

Қимыл-қозғалыс ойыны. «Балықтар».

Кіп-кішкентай балықтар өзенде жүзеді,

Үп-үлкен ағаш жағада жатты,

Балық: «Мына жерде сүңгу оңай»- деп

Екіншісі «Жоқ, бұл жер терең»- деді,

Ал үшіншісі «Менің ұйқым келіп тұр»- деп,

Ал төртіншісі тоңа бастады,

Ал бесіншісі «Мында қолтырауын»- деп айғайлады,

-Жүзіндер мына жерден,

Әйтпесе жұтып қояды!

«Үлкен, кіші және тең» ұғымы. Тышқандар.

- Бүгін біздің мысық көп тышқандарды ұстады, оларды санауға көмектесу  керекпіз.

Тәрбиеші әр тышқанға түстен береді.

- Барлығы қанша тышқан ?

- Қанша қызыл, жасыл, көк?

Тышқандар тең деп тұжырымдаймыз.

Тағы бір-бір қызыл және жасыл түсті тышқан беремін.

- Мен сендерге қанша тышқан бердім?

- Енді қанша қызыл, жасыл және көк тышқандар болды?

- Қандай тышқандар тең? (Қызыл және жасыл).

Тексереміз. Қызылдың жанына жасыл қойыңдар. Көріп отырмыз, артық тышқан жоқ. Ендеше тышқандар тең деп тұжырымдаймыз. - Қандай тышқандар бәрінен аз? (Көк)

Тәрбиеші тағы қызыл тышқаннан береді.

- Енді қандай тышқандар бәрінен көп? (Қызыл).

Тексереміз. Қызыл тышқанның жанына көк және жасылды қойыңдар.

- Қандай тышқан құрбысыз қалды? (Қызыл).  

 Ең көп қызыл тышқандар екен.  

- Қандай тышқандар ең аз? (Көк).

Ойлауды дамыту. Мысыққа арналған кілем.

Мақсаты: кеңістіктік-бағдарлық көріністерді дамыту, геометриялық  пішіндер туралы білімдерін бекіту.

Көрнекіліктер: жұмыс парағы, әр балаға кесілген пішіндері бар табақтар: 2  ұшбұрыш, 2 шаршы, 1 шеңбер, желім.

- Мысық тышқан аулап, өте шаршады, және дем алғысы келеді. Оған әдемі кілемше жасайық.

- Жоғарғы сол жаққа және төменгі оң жаққа бұрыштарына үшбұрыштарды  желімдеңдер

- Шаршыны жоғарғы оң жақтағы және төменгі сол жақ бұрыштарына  желімдеңдер.

- Парақтың ортасына шеңберді желімдеңдер.

- Қандай әдемі кілем шықты, жарайсыңдар!

Сан және 4 цифры.

Мақсаты: 4 санының және 4 цифрын қалыптасуымен таныстыру, реттік  санауды 4-ке дейін үйрету, сандарды әр затпен байланыстыру, заттарды  солдан оңға қарай орналастыру.

Көрнекіліктер: әр балаға 4 саннан тұратын карточкалар, текшелер Балаларға үстелге 1 ден 3 -ке дейінгі карточканы дұрыс орналастыруын  ұсыну.  

Содан кейін үстелге бір текше қоюды сұраймыз.

- Үстелде қанша текше бар? Енді бағанның жанына екі текше қойыңдар. - Екінші бағанда неше текше бар? Бағанның жанына үш текше қойыңдар. - Үшінші бағанда неше текше бар? Барлығы қанша баған бар? - Бірінші бағанда неше текше бар? Санмен көрсетіңдер?

- Екінші бағанда неше текше бар? Санмен көрсетіңдер?

- Қай сан артық? Кем? 1 немесе 2?

- Үшінші бағанда неше текше бар? Санның таңбасын көрсетіңдер? - Қай Сан артық? Кем? 2 немесе 3?

- 3 текшесі бар бағанды көрсетіңдер. Қасына қатарлап осындай етіп, оған  тағы бір текше қойыңдар.

- Бағанда енді қанша текше болды? Есептейік-бір, екі, үш, төрт. - Үшінші бағанда неше текше бар? Төртіншіде? Барлығы қанша баған бар? - 3-ші ден 4-ші қаншаға артық?

4 цифрын көрсетеді.

- 4 саны 3-тен көп, ал 3 саны - 4 тен - 1-ге аз. Сандық қатарда 4 саны қай жерде болуы керек? (3 -тен кейін қоямыз).

2) Әрі қарай тәрбиеші балаларға жұмыс парағында 4 санын басып жазуды сұрайды.

3) Содан кейін жұмыс парағында балалар әр топтағы заттарды санап, қажетті  цифрмен қосады.

Массаж үзілісі. Жалқау оқырман.

Дүйсенбіде кір жудым, 

Сейсенбіде үй жудым 

Сәрсенбіде нан жауып, 

Бейсенбіде шаң қудым. 

Жұма күні демалып, 

Сенбі күні торт алып, 

Жексенбіде қонақ шақырдым. 

Ұсақ моториканы дамыту. Қысқыштар. Балық.

Мақсаты: қолдың ұсақ моторикасын, саусақтардың бұлшық еттерін дамыту. Көрнекіліктер: картоннан (фанерадан) кесілген балықтың пішіні ұштары  мен құйрықтары жоқ, қысқыш.

- Тағы да біздің мысықтың қарны ашып қалыпты, ол тағы не жегенді  ұнатады? (Балықты)

- Мысық үшін балық жасайық.

Балалар, балықтың пішініне құйрығы мен қанатын өз орыдарына қысқышпен қысып орналастырады.

- О, қандай әдемі балық болды!  

Зейінді дамыту. Тоғандағы балықтар.

Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту

Көрнекіліктер: жұмыс парағы, түрлі-түсті қарындаштар. - Біздің мысық тойған жоқ. Тоғандағы барлық балықтарды табайық. Балалар балықтарды тауып, оларды бояйды. Тоғанда қанша балық бар? Санаңдар.

- Тоғанда тағы не жүзеді? Атаңдар.

Саусақ жаттығуы. «Мысық».

Мақсаты: саусақтар мен қолдардың қозғалысын дамыту, ересектердің  қимылдарына еліктеуге үйрету, қолдағы саусақтардың атауы туралы білімді қалыптастыру.

Пеш түбінде мысық отыр, (басбармақ, ортан терек, шылдыр шүмек үшеуі  жұмылады)

Екі көзін қысып отыр. (ортан терек пен кішкене бөбек көздері боп  саусақтарды қимылдатады)

Тышқан етін жегісі кеп, (басбармақ,ортан терек, шылдыр шүмек үшеуі бір бірін қашай қозғалтады)

Тісі оның қышып отыр.  

Қолды жазуға дайындау. Марғауға арналған орам жіп. Мақсаты: қолды жазуға дайындау.

Көрнекіліктер: жұмыс парағы, қарындаштар.

- Мысық үшін арналған орам жіпті үстіне бастырып жүргізіңдер. - Енді біз мысықты ұлпа етеміз!

Балалар мысыққа үлгі бойынша өрнек салады.

Қоштасу.

№8 ҰОҚ тапсырмалары

А әрпін бояңдар. А әріптерін тауып, дөңгелетіңдер.

Үшбұрышты жоғарғы сол жақ бұрышқа және төменгі оң жақ бұрышқа,  шаршыны жоғарғы оң жақ бұрышқа және сол жақтың төменгі бұрышына,  қағаздың ортасына шеңберді желімдеңдер.

4 санын бастырып жазыңдар

Барлық балықтарды санау үшін нысандарды тиісті сандармен жұптаңыз

Тоғандағы барлық балықтарды тауып, бояңдар. Тоғанда тағы не жүзеді. Мысыққа ұлпа жүнін салыңдар және орам жіпті бастырып сызыңдар.