Қазақ халқының жас  ұрпаққа  тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. 

          К.Д. Ушинский : «Халық ертегісінде балалардың ұлы және орындалған жыры бар  – халық балаларға өз армандарын айтады, асып кетсе, халықтың өзі осы арманға жартылай сенеді». А.С. Макаренко балаларға ертегілерді қолдану әдістемелері туралы былай деді: «Кішкентай балаларға ертегілерді айтуда көптеген ертегілерді қысқартуға, тілін өзгертуге, ертегіні толық түсінушілікке әкелуге болады және солай ету керек». Әрі қарай А.С. Макаренко ата-аналарға ертегілерді таңдағанда оның идеялық көркем әдеби мағынасына көңіл бөлу керектігін айтады: «Балаларға арналған ең жақсы ертегілер,- деп жазады ол,- әрқашан жануарлар туралы ертегілер болып табылады. Орыс халық ертегілерінің байлығында мұндай ертегілер өте көп және олар өте жақсы ертегілер. Сол сияқты басқа халықтар да ертегілерге бай».

             Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты – баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады 

          Ертегі – баланы тәрбиелеуге арналса, ертегі терапиясы сол тәрбие арқылы баланы жөнге салу, онын көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері. Ер Төстік ертегісінде балақайларымыз достықтың үлкен үлгісін көреді. Оған көмек қолын созған Көлтауысар мен Желаяқ секілді алыптардың еңбегі тек достықты ғана насихаттамайды, ерекше болмыстары арқылы баланың тапқырлық деңгейін де жоғарылатады. Ер Төстік бала жер бетінде көптеген патшалықтарды көрсе, жерастында да көптеген патшалықтардың қонағы болды. Бұл бала психологиясына Отан ұғымын сіңіреді, белгілі бір мемлекеттің заңнамаларына бағыну мәселесін ұғындырады.Осы мақсатта, яғни мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілдік қабілетін жетілдіре отырып, өзара қарым-қатынасын дамытуда театрландырылған ойындардың маңызы ерекше зор.Ал,театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды.

Ертегі терапиясы   -«ойын – қойылымдары» болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Эмоционалдық-психикалық күйінің жағымды болуына жағдай жасау, мимикалық қабілеттің дамуы мен эмоцияны жеткізе білуі, ішкі «Мені» мен сыртқы жеке адамдық қасиетінің үйлесімділігін қалыптастыру және дамыту болып табылады.Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді.Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика,ым-ишара,тағы басқа көріністер арқылы үйретеді.

          Драматизация түрлері: жануарлар,адамдар,ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;мәтін бойынша негізделген диалог,монолог,рөлдік ойындар; шығармашылық көрсетілім;бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою.

           Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады.Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады.

          Үстел үстіндегі театры-сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады.

          Фланелеграф театры - Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.

          Трафарет театры -Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды.

         Ертегімен жұмыс жасау барысында мынадай әдістерді қолданған жөн:

1.Ертегіні талдау. Мақсаты – арбір оқиғаны, әрбір кейіпкерді, әрбір бейнеленген сюжетті түсіне отырып шыққан қорытындыны ұғыну. Баладан көбінесе өз ойын сұрап отырған жөн.

2.Ертегіні әңгімелеу. Бұл әдіс баланың елестете алу қабілетін, қиялын дамытады. Балаға бұл ертегіні қатысқан немесе қатыспаған кейіпкердің атынан баяндап беруді ұсынуға болады.

3 Ертегініқайтажазунемесетолықтыру. Ертегініңмазмұнынемесеоқиғаныңшиеленісуі, аяқталуыұнамағанкездеқолданылатынәдіс. Ертегініқайтажазыпнемесекейіпкерлерінөзгертіп бала өзініңбойындағыөзгерістердікөрсетіп, шешімінтаппайжүргенжағдайлардышешіп, өзішіндегітолғаныстарданбосайалады.

4 Қуыршақтарарқылыертегінісахналау. Бұлбаланыңқимыл – қозғалыстарыннеғұрлымшынайыетіп, қуыршақтыңмінез – құлқын да шынайысомдайалуынакөмектеседі. Қуыршақтарменжұмысжасауарқылы бала өзбойындағыөзгерістер мен эмоциялардыжағдайларғабайланыстыкөзрсетеалмайтынжақтарынкөрсетугемүмкіндікалады.

5. Ертегініқұрастыру. Кез – келгенқиял – ғажайыпертегілердемазмұнның даму заңдылықтары бар. Бастыкейіпкербіротбасындадүниегекеліп, қиындықтарға тап болып, олкедергілердіжеңедіжәнеүйінеоралады. Сонымен, ертегібарысындакейіпкердіңөміріғанасипатталмай, жекетұлғаныңқалыптасукезеңіайтылады

             Ертегітерапиясынадамныңруханижандүниесінеүйлесеотырыптәрбиелейді. Сондықтанда, мектепкедейінгікезеңдебалалардыңойындағдыларынжәнешығармашылығындамытуүшін, Ертегітерапиясыбалалардыңөміріүшіналатынорныерекше.