Publikováno pomocí Dokumentů Google
Отчет психолога 2021-22уч.г новый.docx
Automatická aktualizace po každých 5 minutách

АЛМАТЫ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КОЛЛЕДЖІ

2021-2022 оқу жылына педагог – психологтың жүргізген жұмыстарының есебі

Педагог-психолог:Әбдібаева А.Е.

Алматы 2022ж

Педагогикалық – психологиялық жұмыс әрекеті төмендегідей 5 бағыттан тұрады:

Мақсаты: Психологтың атқарған жұмыстарына тоқталып, шолу жасап, атқарған жұмыстарына байланысты есеп беру.

    Колледжде психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы іс-шараларын бірнеше бағытта ұйымдастыру және бірнеше міндеттерді қоя отырып, көптеген мәселелерді шешуге болады.

   Жалпы биылғы 2021-2022 оқу жылдарына мынадай психологиялық міндеттер қойылды:

Тұлғаны табысты оқыту, дамыту әрі оның әлеметтенуі мен кәсіби қалыптасу үшін психологиялық жағдайлар жасау;

1. Оқу-тәрбие үрдісі субъектілерінің арасындағы  өзара түсіністікпен өзара әрекеттестікті нығайтуға жағдай жасау;

2.Білім алушылардың әлеметтік маңызды тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін жеке қызығушылықтар мен қажеттілікті дамыту;

3.Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;

4. Білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар арасында кеңестік-ағартушылық жұмыстарын жүргізу;

Алматы құрылыс және менеджмент колледжі 1- курс оқушыларынан алынған Т.Д.Дубовицкая «Бейімделу процесін зерттеу» әдістемесіне

Анықтама

30.09.21ж.

Әдістеме: «Бейімделу процесін зерттеу» Т.Д.Дубовицкая

Мақсаты: Әлеуметтік бейімделуін анықтау

Курс: 1

Барлығы: 224

Қатысқаны: 191

      Әдістеменің қорытындысы бойынша топқа бейімделу процесі бойынша төмен деңгейді оқушылардың 4%, орташа деңгей - 22%, жоғары деңгей бойынша 74% екені анықталды. Ал оқу процесіне бейімделу процесі бойынша төмен деңгей - 2%, орташа деңгей - 18%, жоғары деңгей 80% екені анықталды. Әдістеме қорытындысы диаграмма түрінде көрсетілді.

Ұсыныс:

1.Студенттерге сенім білдіру;

2.Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

3.Оқытушыларға оқытудың жаңа технологияларын енгізу.

Алматы құрылыс және менеджмент колледжі  2- ші курс       оқушыларынан алынған  Г.Айзенктің

«Психикалық күйді анықтау» әдістемесіне

Анықтама

21.10.2021 ж

                 

Әдістеме: Г.Айзенктің «Психикалық күйді анықтау»

                   Мақсаты: Тұлға бойындағы агрессияны анықтау

                   Барлығы: 245

                   Қатысқаны: 168

  Әдістеменің қорытындысы бойынша «мазасыздық» төмен деңгейі –37%, орташа деңгейі - 49%, жоғары деңгейі - 14% екені анықталды. Ал «фрустрация» бойынша төмен деңгей 47%, орташа деңгейі –40%,жоғары деңгейі - 13% көрсеткіш көрсетті. «Агрессивтіліктің» төмен деңгейі - 57%, орташа деңгейі - 40%, жоғары деңгейі –3% екені анықталды. Және «ригидтіліктің»                                                                       төмен деңгейі - 58%, орташа деңгейі 36%, ал жоғары деңгейі - 6% екені анықталды. Тест қорытындысы диаграмма түрінде көрсетілді.

       Тесттің қорытындысы бойынша мазасыздық пен агрессивтіліктің жоғары көрсеткен оқушыларға психокоррециялық жұмыс ретінде агрессияны төмендетуге бағытталған тренинг жүргізуді ұсынамын.

Алматы құрылыс және менеджмент колледжі  3- ші курс оқушыларынан В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесіне

Анықтама

12.11.2021ж

Әдістеме: В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесі

                   Мақсаты: қарым-қатынастың деңгейін анықтау

                   Барлығы: 200

                   Қатысқаны: 146

       Тесттің нәтижесі бойынша қарым-қатынастың жоғары деңгейін 73% екені, ал орташа деңгейі 26% екені анықталды. Қарым-қатынастың төмен деңгейі 1% екені анықталды. Тест нәтижесі диаграмма түрінде көрсетілді.

Қарым-қатынас деңгейінің көрсеткіші

Алматы құрылыс және менеджмент колледжі 1 курс оқушыларынан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған және бопсалауды анықтауға арналған сауалнамаға

Анықтама

                   24.12.2021ж

Сауалнама: бопсалауды анықтауға арналған

Мақсаты: құқықбұзушылықтың алдын-алу, күштеп ақша жинауды анықтау

Курс: 1

Барлығы: 224

Қатысқаны: 185

       

    Сауалнама еркін  және анонимді түрде алынды. «Колледжге қандай көңіл – күймен келесіз?» деген сұраққа 90% жақсы көңіл-күймен келетіні, ал қалған 10% көңілсіз келетіні анықталды. «Өз проблемаларыңызды негізінен кіммен талқылайсыз?» деген сұраққа 38% достарымен, 37% ата-аналарымен, 25% өздері шешетіні анықталды. «Колледжде сіз нені өзгерткіңіз келеді?» сұрағына 35% колледжге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін, ал 5% асханадағы тағамдарың тегін берілгендігін қалайды, 25% үзілісті 10минутқа ұзартуын, ал 35% бәрі қанағаттандыратыны анықталды. «Колледжде 1- курс оқушыларын жоғары курс оқушылары қалай қабылдайды?» сұрағына барлығы 83% жақсы,ал 17% бұл ақпараттан тыс хабарда екен екені анықталды. «Колледжде күш көрсетуші және өзгенің намысын қорлайтын оқушылар бар ма?» 86% «жоқ»,14% «білмеймін» деп жауап берді. «Күнделікті өмірде болып жатқан проблемалар, теледидардан беріліп жатқан хабарлар сені қынжылтады ма?» сұрағына 17% - қынжылтады,ал 83% - оқушыларға күнделікті өмірдегі проблемалар оларды қынжылытпайтыны анықталды. «Сіз оқушылар арасында ақша жинау дегенге сенесің бе?» сұрағына «иә» 1%,ал 99%  «жоқ» деп жауап берді.  «Сіздің тобыңызда  ұлдар арасынан кім лидер?» сұрағына  70% лидер «бар» екенін, ал қалған 30% «жоқ» екені анықталды. «Колледж оқушыларына немесе топқа қосыла алмай, оқшауланған оқушылар бар ма?» сұрағына 83% «жоқ» екені, 17% «бар» екендігі анықталды. «Сізді колледжде толғандырып жүрген мәселе?» сұрағы бойынша 10% бар,ал 90% жоқ екені анықталды.

Ұсыныс:

  1. Оқушылармен бір деңгейде әңгімелесу және сынып сағатын жиі жүргізу;
  2. Топтағы шеттетілген оқушыларды біріктіруге бағытталған тренингтер жүргізу;

        

                                                           

     

  1. Колледжге қандай көңіл –күймен келесіз?

  1. Өз проблемаңызды негізі кіммен талқылайсыз?

  1. Колледжде сіз нені өзгерткіңіз келеді?

  1. Колледжде 1-курс оқушыларын жоғары сынып оқушылары қалай қабылдайды?

  1. Колледжде күш көрсетушіт және өзгенің намысын қорлайтын оқушылар бар ма?

  1. Күнделікті өмірде болып жатқан проблемалар, теледидардан беріліп жатқан хабарлар сені қынжылтады ма?

  1. Сіз оқушылар арасында ақша жинау дегенге сенесің бе?

  1. Сіздің тобыңызда ұлдар арасынан кім лидер?

  1. Колледж оқушыларына немесе топқа қосыла алмай, оқшауланған оқушылар бар ма?

  1. Сізді колледжде толғандырып жүрген мәселе?

Алматы құрылыс және менеджмент колледжі 1 -курс оқушыларынан «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты» алынған сауалнамаға

Анықтама

                   17.02.2022ж

Сауалнама: «Отбасындағы зорлық-зомбылық»

Мақсаты: Оқушылардың отбасында  зорлық-зомбылықтың себебін анықтау.

Курс: 1

Барлығы: 228

Қатысқаны: 190

     

   Сауалнама еркін және анонимды түрде алынды. Бірінші сұрақ бойынша  1.«Сіздің ойыңызша зорлық-зомбылық деген не?» сұрағына 15% баланы кез-келген заңсыздық үшін "шапалақтау", ал 15% баланы жаза ретінде тамақтан айыру, 20% кішкентай баланы ересектердің қарауынсыз қалдыру, 10% балаға медициналық көмектен бас тарту, 25% баланы қараңғы бөлмеде құлыптау, қорқыту және қорқыту, 5% баланы зорлықпен суретке түсіру, 10% балаға алкогольді ішуге кеңес беру екені анықталды.

2.«Сіз отбасындағы зорлық-зомбылықты қазіргі қоғамдағы нақты проблема деп санайсыз ба?» сұрағына иә жауабына 90%, ал жоқ жауабына 10% екені анықталды.

3.«Сіз өз отбасыңызда зорлық-зомбылыққа  тап болдыңыз ба?» жоқ жауабына 100% екені анықталды.

4.«Отбасында Сізге қандай қиянат жасалды?» сұрағына 100% қиянат жасалмады деп жауап берді.

5. «Сіздің ойыңызша, отбасындағы зорлық-зомбылықтың себептері қандай?»

75%-ы ата-аналардың алкогольді, есірткіні және т. б. теріс пайдалануы, 5% ата-аналардың тұрақты жұмысының болмауы, жалақының төмендігі , 10% отбасының нашар өмір сүру жағдайлары, 10% ата-аналар, басқа туыстар арасындағы нашар қарым-қатынас екені анықталды.

6. «Зорлық-зомбылық  жағдайында  көмек сұрадыңыз ба?» 5%-ы «иә»

95%-ы жоқ деп жауап берді.

7.  «Қандай себептермен ешкімнен көмек сұрамадыңыз?» 

мен ұялдым, бұл туралы айту ыңғайсыз болды 10%-ы, ата-аналарға шағымдануға болатынына сенімді емеспін 10%-ы, мен ешкімнен көмек сұрамаймын 80%-ы жауап берді.

8. «Сіз өзіңізді отбасындағы қатыгездіктен қалай қорғайсыз?»

мен өзім үшін тұра аламын (физикалық өзін-өзі қорғау әдістерін білемін) ондай жағдай болған емес 100%.

Алматы құрылыс және менеджмент колледжі 1 – курс оқушылары арасында жүргізілген Ч.Спилбергер және Ю.Ханиннің тұлғалық және ситуативті мазасыздықты анықтауға арналған тестіне

Анықтама

17.03.2022ж

Барлығы: 231

Қатысқаны: 163

     Наурыз айының 17-де 2-курс оқушыларынан Ч.Спилбергер және Ю.Ханиннің тұлғалық және ситуативті мазасыздықты анықтауға арналған тесті алынды. Мақсаты – тұлға бойындағы мазасыздық деңгейін анықтау.

         Тесттің нәтижесі бойынша ситуативті мазасыздықдың төмен деңгейі 26%, орташа деңгейі 50% екені,ал жоғары деңгейі 24% екені анықталды. Ал тұлғалық мазасыздық бойынша  орташа деңгейі 51% , ал жоғары деңгейі 38%,төмен деңгейі 11% екені анықталды. Тесттің нәтижесі диаграмма түрінде көрсетілді.

Ұсыныс:

    Мазасыздықтың жоғары деңгейін көрсеткен оқушыларға жеке кеңес беру жұмыстары жүргізіді. Сонымен қатар мазасыздық деңгейін төмендетуге арналған жаттығулар жүргізілді.

Психолог:  Әбдібаева  А.Е.

Алматы құрылыс және менеджмент колледжі 1-курс оқушылары арасында ауто-деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Мен өмірді сүйемін» атты тақырыпта алынған эссеге

Анықтама

28.01.2022ж

Эссе: «Мен өмірді сүйемін»

Мақсаты: ауто – деструктивті мінез-құлықтың алдын алу, оқушылардың өмірге деген көзқарасын анықтау

Барлығы: 229

Қатысқаны: 200

   

    Қаңтар айының 21-28-і аралығында ауто-деструктивті мінез құлықтың алдын алу мақсатында 1-курс оқушыларынан «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында эссе алынды.  

 Эссені талдау барысында әр оқушының жұмысы мұқият тексерілді. Эссенің қорытындысы бойынша оқушылардың өмірге  жағымды көзқараста екені, позитивті тұрғыда жазғандығы анықталды. Қауіпті топқа бейім оқушылар анықталған жоқ.

Алматы құрылыс және менеджмент колледжі 1-3 курс оқушылары арасында  «Суицидке бейімділікті зерттеуге арналған сауалнама» жүргізілді

Анықтама

10.12.2021ж

Сауалнама: «Суицидке бейімділікті зерттеуге арналған сауалнама»

Мақсаты: Жасөспірімдердегі суицидалдық қауіпті нұсқамаларды анықтау

Барлығы: 653

Қатысқаны: 600

     Желтоқсан айының 10-шы күнінде жасөспірімдердегі суицидалдық қауіпті нұсқамаларды анықтау үшін 1-3курс оқушыларынан «Суицидке бейімділікті зерттеуге арналған сауалнама» алынды.  Берілген сауалнама 13 - 18 жас аралығындағы жасөспірімдердегі суицидалдық қауіпті нұсқамаларды анықтау үшін бағдарлаушы әдістеме ретінде құрылған, бірақ оны ересектерді зерттеу үшін де пайдалануға болады. Сауалнама невротикалық және күйзелістік жағдайларды анықтауға, сондай - ақ тез тіл табысқыштық деңгейін анықтауға арналған. Сауалнамадағы шкалалардың жалпы саны – 4, сауалнама ұйғарымдарының саны – 74

  Сауалнаманы талдау барысында әр оқушының жұмысы мұқият тексерілді.Нәтижесі бойынша оқушылардың өмірге  жағымды көзқараста екені, позитивті тұрғыда жазғандығы анықталды. Невротикалық және күйзелістік жағдайға бейім оқушылар анықталған жоқ.

ІІ. Ауто-деструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша жүргізілген профилактикалық жұмыстар

17.11.2021ж

Қатысқаны: 78

   Қараша айының 17-де 1 курс оқушылары арасында «Күйзеліс және оны жеңу тәсілдері» атты тақырыпта семинар жүргізілді. Тақырып барысында  күйзелістің туындау себептері, күйзелістің физиологиялық , психикалық, эмоциялық белгілері, оның адам өміріне және денсаулығына зияны туралы айтылды.

   Сонымен қатар күйзелістен арылудың төмендегі жолдары айтылды:

    Біріншіден: В тобындағы витаминдерді ішу керек, ол күйзелістен арылуға септігін тигізеді.

    Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.

Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Жиі таза ауаға серуенге шығу.

   Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз.

       23.09.2021ж

    Қыркүйек айының 23-де 1-2 курс  оқушылары арасында «Девиантты мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында баяндама оқылды. Баяндама барысында жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық және физиологиялық өзгерістер айтылды. Аталмыш тақырып бойынша жасөспірімдік бұл балалық шақтан ересектер әлеміне өту сатысы екені, жасөспірім өзін, өзінің мүмкіндіктерін және жеке дара ерекшеліктерін түсінуге ұмтылатыны, өзінің басқа адамдармен ұқсастығын және олардан айырмашылығын тапқысы келеті жайлы айтылды. Сонымен қатар қазіргі жасөспірімдердің өмірлік стилі, девиантты мінез-құлықтың түрлері, девиантты мінез-құлыққа итермелейтін себептер баяндалды.

Қазіргі кездегі жасөспірімдер мен жастардың жат қылықтарға әуестенуінің негізгі себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың шектеулілігі, қоғамдық пайдалы іске деген ниеттің жоқ болуынан болатыны айтылды.

         Баяндама соңында оқушылар девиантты мінез-құлыққа апаратын себептерден және зиянды әдеттерден аулақ болу керектігін айтып өз ойларымен бөлісті.

Ағымдағы жылдың 1-ші ақпанында колледжде «Ерте жастағы жыныстық тиіспеушіліктің алдын-алу» тақырыбында 1 курс оқушылары арасында семинар өтілді. Мақсаты:  ерте жастағы жүктіліктің салдары, оның келешектегі қауіп – қатерінің алдын –алу.

  Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша сөз алған студенттік емханасының психологы Сулейменова Айгерім Маратовна «Ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу» тақырыбы атты дәрісінде қыз балалардың жыныстық жетілуі,әйел адамдардың репродуктивті жүйесі туралы, жыныстық жетілу кезеңіндегі етекірдің жетілуі жайлы, менструалды циклдың фазалары және қыз балалардың гигиенасы жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар  жеткіншек жастағы ерте жүктіліктің профилактикасы жайлы, физиологиялық тұрғыдан жас ағза жүкті болуға әлі дайын емесдігі және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз  балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. Сонымен қатар, 1 курс оқушылары маманға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

       Қараша айының 1- і күні 1 курс оқушыларымен «Қарым-қатынастың психологиялық аспектілері» атты тақырыпта тренинг өткізілді.         

Қатысқан оқушы саны: 70

Мақсаты: 1. Балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік қасиетін жоғарылату;

2.Топтың бірігуіне және өзара әрекеттесуіне арналған жаттығулар арқылы оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту;

3.Адамдармен тындай білуге өз ойымен бөлісуге тәрбиелеу;

blob:https://web.whatsapp.com/226033a5-4bfa-43d9-bfca-63e5826085ea 

blob:https://web.whatsapp.com/e7996c4f-f288-4b29-8a8f-021de7407d3cblob:https://web.whatsapp.com/9106bfb5-58be-44f7-98f3-f178cc614700 blob:https://web.whatsapp.com/e7996c4f-f288-4b29-8a8f-021de7407d3c

   Нәтижесі:  Оқушылар белсене қатысып, ашыла  сөйлеп, өздерін  жақсы  көрсете  білді. Өзара  ойларымен  бөлісіп кері  байланыс  жасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтты.

Педагогикалық ұжыммен жүргізілген жұмыстар

Анкета: Анкета для начинающих педагогов(пед.коллектив)

Цель: определить отношения в коллективе

Всего:15

Участвовавшие: 12

   Среди педагогов была получена анкета о психологическом климате в коллективе.В анкете педагоги открыто высказывали свои мысли.

1.«Что в наибольшей степени повлияло на выбор профессии педагога?» Собственное желание 59%, Случайные обстоятельства - 25%, Совет родителей – 8%, Пример любимого учителя – 8%

2.«Какие мотивы побудили Вас прийти работать в колледж?» Перспектива профессионального роста - 67%, Другое -25%

3.«Стаж работы педагогом» Менее 1 года - 33%, 1-2 года- 17%,2-3 лет – 50%

4.На вопрос «Что Вам нравится в педагогической работе?» 

Учить и воспитывать детей - 58%, Преподавать любимый предмет-26% Творческий характер труда - 8%, Большой отпуск – 8%

5.«Скажите, какие педагогические проблемы Вас волнуют?» на вопрос

 Сокращение учебной нагрузки - 75%, Старение педагогических кадров - 17%, Безразличное отношение коллег-8%

6. «Какие чувства Вы испытываете в период адаптации на новом

рабочем месте?»

Тревожность, неуверенность в своих силах-17%, Снижение интереса к работе-8%, Отношения с коллегами-17%, Другое – 58%

7.«Обращаетесь ли Вы за помощью к коллегам?» Да-100%

8. «Удовлетворены ли Вы своей работой?» Да-50%, Частично-33%, Затрудняюсь ответить-17%

9. Укажите, пожалуйста, причины, которые в наибольшей степени

вызывают неудовлетворительное отношение к вашей работе

Низкая заработная плата-43%, Отношение учащихся к учителям-8%, Взаимоотношения в коллективе-8%, Отсутствие у детей желания учиться-33%, Другое-8%

10. Как Вы считаете, что главное для Вас в вашем отношении к работе?

Делать всё точно, аккуратно, добросовестно-83%, Работать с интересом, увлечённо и с полной отдачей-17%

11. А что вы считаете наиболее важным в работе?

Точное следование правилам, нормам, инструкциям-50%, Отточенное мастерство, высокий профессионализм-42%, Соответствующее материальное вознаграждение-8%.

12. С каким настроением Вы обычно идёте на работу?

С хорошим-58%, Когда как, бывает по-разному-42%

13. Какие трудности есть у Вас в подготовке и проведении урока или учебного занятия:

Определение структуры урока, занятия-8%, Отбор материала-8%, Отсутствие наглядных пособий-26%, Другое-58%

14. Необходимы ли, на Ваш взгляд, встречи с коллегами молодыми специалистами:

Нет-17%, да-83%

15. Назовите интересную для Вас форму проведения таких встреч: укажите 3 наиболее полезных

Открытые уроки (занятия) коллег- молодых специалистов-67%, Практические занятия-17%, Консультации-8%, Другое-8%.

16. В каких направлениях организации учебно-воспитательного процесса вы испытываете трудности? Укажите 2 проблемных направления

в календарно-тематическом планировании-58%, проведении внегрупповых мероприятий-34%, общении с учащимися, их родителями-8%.

17.Какие тематики занятий в колледже  молодого педагога Вам будут интересны укажите по степени актуальности

Современный урок-92%, Имидж современного педагога-8%.

18. Назовите приоритетные для Вас условия, обеспечивающие профессиональный рост педагога

постоянное участие в общественной жизни колледжа-8%, участие в общественной жизни колледжа только при наличии свободного времени-34%, самообразование-58%.

Рекомендации педагогам по созданию благоприятного

психологического климата в коллективе:

1.Развивайте в себе такое качество, как терпимость к другим людям, коллегам. Нетерпимость приводит к накоплению агрессии, которая в любой момент может вылиться на не в чем не повинных людей, в том числе на близких.

2.Избегайте критиковать других, лучше действительно попытайтесь понять поведение другого человека.

3.Учитесь снимать эмоциональное напряжение после рабочего дня; боритесь с эмоциональным выгоранием.

4.Радуйтесь успехам своих коллег, тогда при вашем успехе, за вас будет, кому порадоваться.

5.Избегайте ненужной конкуренции. Ставьте перед собой реальные цели.

6.Находите время для развлечений, хобби. Встречайтесь с коллегами в неформальной обстановке – это способствует сплочению.

7.Ведите здоровый образ жизни: не забывайте о пользе физических нагрузок, прогулках на свежем воздухе и полезной пище.

Кеңес беру бағыты бойынша жалпы 50 адамға жеке кеңес берілді:

Коррекциялық – түзету бағыты диагностикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша, педагогтердің, ата-аналардың сұранысы және психологтың бақылауы бойынша жүзеге асты:

 

    Психолог:                Әбдібаева А.Е.