Баяндама

Стандарт емес есептерді шығартудың әдістері


  Білімді жоғары, әрі сапалы деңгейге көтеріп, жаңаша мазмұнға, серпінді жетістіктерге жеткізу қазіргі таңдағы басты міндет. Жалпы экономикалық — әлеуметтік дамуда адамзаттың ұшқыр ойлы, терең білімді болуы қажет. Ал дамыған елдердің қатарында болу үшін еліміздегі өндірістің, индустриялық техниканың қарқынды дамуы керек.
Қоғам болашағының дамуына математикалық білімнің әсері зор. 2011- жылдың мамыр айында Астана қаласында өткен «Қазақстан мектептерінде математикалық білім беру ісін дамыту: қазіргі жай- күйі мен даму болашағы» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы математика пәні мұғалімдерінің
І-съезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Еліміздің индустриалды — инновациялық даму жағдайында математика негізгі техникалық пәндердің бірі ретінде алдыңғы қатарда тұр. Жаңа мүмкіндіктер математикалық білімді модернизациялау, нақты механизмдерді анықтау, оны дамыту және болашақта тиімді қолдану тапсырмаларын алға қояды…» деп айтқан болатын.
Математика — жаратылыстану ғылымдарының негізгі инструменті және ол қазіргі заман талабына сай нақтылана түсті. Олай болса негізгі өзекті мәселе — математикалық білімнің сапасын арттыру болып табылады.
Жаһандану үрдісінде білім деңгейінің өркендеуі, ақпараттық технологиялардың дамуы, білім беру кеңістігінің модернизация құралына айналуына байланысты мектеп –жоғары оқу орны жұмыс бағдарламалары әрі терең, әрі жан-жақты өзгерістерге ұшырауда. Әрине математика бұл жаңалықтардан тыс қалмады.
Математикадан жаңа оқулықтар әзірлеу, оның проблемалары мен болашағы, мектепте білім беруді қамтуда мұғалімнің рөлі, сол ұстазды заман талабына сай білімді етіп дайындауда мектептік және жоғары білімнің мазмұнының өзара сабақтастығы басты мәселе. Әрине басты мақсат ұлттық білім мен ғылым жүйесін зор табыстарға, мықты бәсекеге жетелеу.
Қазіргі уақытта орта мектептердің негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін анықтау және оларды дамыту проблемаларын шешу болып табылады.
Оқушылардың математикалық ой-өрісінің дамуы, олардың есеп шығара білуінен көрінеді. Қиын да, қызықты есептерді шығара білу талмас еңбекті, зор күш пен табандылықты қажет етеді.
Міне, осындай қасиеттердің барлығы да оқушылардың бойында есепке деген ынтасы оянғанда ғана күшейе және арта түседі.
Демек, оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін арттыру үшін ең алдымен оқушылардың қабілеттеріне қарай қызығып шығаратын есептерді ептілікпен таңдап алуы қажет. Егер есеп, олардың қабілеттеріне сай емес, шамадан тыс қиындығы жоғары болса, онда оқушылардың есепке деген құштарлығы төмендеп, ары қарай есеп үйренуіне тежеу жасап, ынтасын қайтарады.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын, оқушының белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты арнайы педогогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру.
Әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық ойлауға жетелейтін және есепке деген ынтасын, қызығушылығын арттыратын есептің түрінің бірі — стандарт емес есептер.
Стандарт емес есептер оқушылардың есепті үйреншікті жолмен шығара салуына мүмкіндік бермейді. Демек, стандарт емес есептер оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамытудың негізігі құралы болып табылады.
Сондықтан біздің зерттеу жұмысымызда қарастырылған «Математика сабағында стандарт емес есептерді шығару әдістемесі» тақырыбы өзекті мәселенің бірі болып саналады.
Зерттеу нысаны – мектепте математиканы оқыту процесі.
Зерттеу пәні – оқушылардың математикалық ойлау қабілетінің деңгейін арттыруға стандарт емес есептердің әсері
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Мектеп курсындағы стандарт емес есептерді шығаруды үйрету арқылы оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамытып, білім сапасын көтеру
Осыған сай алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық:
— мектеп курсындағы стандарт емес есептердің орны және қажеттілігін айқындау;
— стандарт емес есептердің оқушылардың математикалық қабілетін
дамытудағы орнын анықтау;
— стандарт емес есептерді шығарудың тиімді әдістерін көрсету;
— стандарт емес есептерді шығаруды үйрету әдістемесін дайындау.
Зерттеу болжамы: стандарт емес есептерді жинақтап, оны шығарудың тиімді тәсілдерін айқындап, оқушыларға үйрету, олардың математикалық қабілетін дамытып, оқушылардың білім сапасын арттырады.
Зерттеу әдістері:
— мерзімді басылым материалдары мен психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау;
— оқушылар және мұғалімдермен әңгімелесу;
— стандарт емес есептерді шығартуды оқыту іс-тәжірибесін талдау.
— ұсынылған әдістеменің тиімділігін тәжірибе барысында дәлелдеу.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
— мектеп математика курсындағы стандарт емес есептердің орны және қажеттілігі;
— стандарт емес есептердің оқушылардың математикалық қабілетін дамытудағы компаненттерін анықтау;
— стандарт және стандарт емес есептерді салыстыра талдау;
— стандарт емес есептерді шығаруды үйрету әдістемесі.
Зерттеу жұмысын апробияциялау:
— зерттеу жұмысын тексерудің, алғашқы сатысы, осы тақырыпқа курстық жұмысты дайындау, қорғау;
— зерттеу жұмысының нәтижелері педагогикалық практика кезінде

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Жолдау. 2011- ж. «Қазақстан мектептерінде математикалық білім беру ісін дамыту: қазіргі жай- күйі мен даму болашағы»
2. А.Н. Колмогоров Математика наука и профессия.-М:Наука,1988
3. Баймұханов Б. Математика есептерін шығаруға үйрету. — Алматы.: Мектеп, 1983.-28б
4. Л.М.Фридман, Е.Н.Турецкий Есепті ұалай шешіп үйренуге болады.-М.: Просвещение,1989.
5. Д.Пойа. Математикалық таным . – Москва, 1976. – 13б
6. Т.А.Алдамұратов, Байшоланов. Математика: Орта мектептің 5 – сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра. 2005. – 336б.
7. Т.А.Алдамұратова. Математика: Орта мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра.2002. – 368б.
8. А. Әбілқасымова, И. Бекбоев, А. Абдиев, З. Жұмағұлова. Алгебра: Орта мектептің 7 – сыныбына арналған оқулық. – Алматы: “Мектеп”.2007. – 144б.
9. А. Әбілқасымова, И. Бекбоев, А. Абдиев, З. Жұмағұлова. Алгебра: Орта мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық. – Алматы: “Мектеп”.2008. – 144б.
10. А. Әбілқасымова, К.Шойынбеков, М.Есенова, З.Жұмағұлова. Орта мектептің жаратылыстану — математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: “Мектеп”.2006. – 184б.
11. Бартенев. Нестандартные задачи по алгебре.- Москва: Просвещение, 1976. — 95с
12. В.Е.Серікбаева. Математиканың пәнаралық байланыстары :Оқу — әдістемелік құрал. – Алматы, 2007. – 199б.
13. А.В. Брушлинский. Психология мышления и проблемное обучение. – Москва: Знание, 1983 .
14. В.В.Давыдов. Проблемы развивающего обучения: опыт теоретического и развивающего исследования. – М.АПН СССР.1986.
15. А.Аренова., Н.Дарханов. Стандарт емес есептерді шығару // Математика және физика, – №2. –1998. 23 – 24б.б.
16 Е.Жүнісов., С.Сейітова., Т.Ли. Стандарт емес есептер шығару // Матеметика және физика, –№ 4. – 1997. – 15 – 16б.б.
17. Қ.Қожабаев. Математиканы оқыту әдістері. Көмекші оқу құралы.- Алматы, «Санат», 1998.-104б.
18. А.Сарулова. Мектеп бітіруші талапкерлерге арналған есеп // Репетитор: мектеп бітірушілерге арналған математика және жаратылыстану журналы, – № 4. – 2000
19. И.Я.Лернер.Дидактические основы методов обученя – М.Педагогика.1981.
20. В.В.Кривоногов. Нестандартные задания по математике 5-11 классы. – Москва: первое сентября, 2002. – 224с.
21. С.В.Кравцев, Ю.Н.Макаров, В.Ф.Максимов, М.И.Нараленков, В.Г.Чирский. Методы решения задач по алгебре: от простых до самых сложных. – Москва: Экзамен, 2001. – 544с.
22. М.Мұсабеков., К.Қожабаев. Стандартты емес есептерді шығаруда зерттушілік қызмет элементтерін артыру // Математика және физика, – № 1. – 2000. – 16 – 17 б.б.
23. В.И.Голубев. Решение сложных и нестандартных задач по математике. – Москва: Илекса, 2007. – 252с.
24. А.Я.Канель-Белов, А.К.Ковальджи. Как решают нестандартные задачи. – Москва: Издательство МЦНМО, 2008. – 96с.
25. «Математика » журналы 1999 жыл, №3