«Келісемін»        «Бекітемін»

«Әйгерім» балабақшасының        «Әйгерім» балабақшасының

әдіскері         меңгерушісі

Н.Е. Омарова  __________        _________ К.Ж.Жуманазарова

«____» «____» 2018жыл        «____»  «____»  2018жыл

Тақырыбы:   «Өрт сөндірушілер»  сюжетті  рөлді  ойын

Мақсаты:   Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері  туралы  

                        білімдерін толықтыру.  Қауіп төнген кезде  өздерін

        қорғай білуге машықтандыру.Өрт сөндірушілердің          

        қалай жұмыс жасайтынын  көрсете отырып, осы  

        мамандыққа деген құрмет сезімдерін күшейту.

        Үлкендердің тілін алуға тәрбиелеу.

Тәрбиеші:        - Балалар бүгін біз қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екендігімен танысамыз.

Оттың жақсы да жаманда жақтары болады.

От  -  өмірімізге қуат беріп бойымызды жылытады.    От-  өмір сәні.

       Отсыз – тіршілік жоқ.     От жағылмаса тағамымызда піспейді, үйімізде жиналмайды.Ал, тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді.Қазақ халқы үйді отпен жылытқан.

     Сонымен от- өміріміз десек те,  оның әлемі  жайлаған  алапатының бірі өрт - шығаратынында естен шығармағанымыз жөн.

      Өзіміздің  ұқыпсыздығымыздан  немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің  қалай күш алып кететінінде байқамай қаламыз.

Осы   кезде  сіріңке  мен Маша  келеді:

Сіріңке:  Маша  менімен дос болшы. Менің үйім де, тұратын жерім де жоқ.

        Маша өтінемін дос болшы, екеуміз от жағып ойнаймыз.

Маша: -  Рас айтасың ба, от жағып ойнаймызба?

Маша сіріңкені қолына ұстап алады.

Сіріңке:  - Ой, зеріккеннен жынданатын болдым, менің қалай жанатынымды    

          Маша көргің келема?

Маша:  -Әрине, ол  үшін  мен достарымды  шақырайын, бәріміз бірге сені  

        жағып ойнайық.  (Аю, қоян,түлкі, әтеш)

Тәрбиеші:  Маша достарымен бірге сіріңкені жағып ойнайды, осы кезде машаның қолы күйіп қалады. Маша жылайды.

Аю келеді: - Маша мұның не сенің , сіріңкемен неге ойнайсың,мен саған қанша айтамын отпен ойнама деп. «Ойыннан –от шығады»- деген сөз бар.

Тәрбиеші: Аю Машаның қолын байлап береді.   Бірақ маша қолының ауырғанын ұмытып ары қарай сіріңкемен ойнайды.

Осы    кезде айналаны от басады.

Балалар айқалап жібереді: -Қашайық!

Тәрбиеші : - Жоқ, біздің қашуымызға болмайды, от лаулуп жанып барады.

Сіріңке мен от ортада  билеп жүреді.

Би: «От биі»  (Алинұр, Ұлжан,Аруна, Мереке, Нұрай)

 Алинұр:   От  -   Мен аяусызбын, мен қатігезбін,

                      Мені жеңе алмайсыңдар!

Дархан:  101- ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырайық!

Хабарласады. Дабыл дауысы естіледі де өрт сөндірушілер келеді.

  1. Бізді шақырдыңдар ма?бұл 101 қызмет көрсету.
  1. Не айқай, не жалын, қазір біз оны жабамыз, ол жануын тоқтатады.

        (Матамен отты жабады)

Тәрбиеші:   Бәрі басылда , кенет от қайта жана бастады.

Дархан:   Қане құтқарушылар тезірек отты өшіріңдер!

  1. Біз саған су шашамыз,сен жануды ойламау үшін сені қазір

тез жуып тастаймыз

Маша: - От сөнді , енді мен бұдан былай сіріңкені қолыма алмаймын, кешіріңдерші мені   (Жылайды)

  1.   Біз 101-әрқашан көмекке асығамыз

  Отты өшіріп, адамдарды құтқарамыз.

  Бірақ, іштеріңде тағы кім түсінбей қалды?

  Сіріңке балалар үшін ойыншық емес.

  1.   Біз сендерден жауапкершілікті сұраймыз.

  Отпен ойнамаңдар , от өте қауіпті!

  1.   От пайдалы, бірақ оны бақылау керек.
  2.   Дер кезінде жалынды тоқтату  керек.

  Ол үшін 101-ге хабарласу керек.

Естеріңде сақтап жүріңдер балалар ,  енді біз қайтайық сау болыңдар!

Аю: - Маша сен балаларға уәде бер енді сіріңкемен, отпен  ойнамаймын деп.

Маша: -  Мен сөз беремін, енді ешқашан сіріңкемен де , отпенде  ойнамаймын

Аю:          Балалар ау , балалар,

Сіріңкеге қараңдар.

      Өзі кішкентай болса да,

       Бойында алып күші бар.

Сіріңкемен ойнасаң,

         Абайсыздан өрт шығады,

 Соны есте сақтаңдар!

Асылжан:     От жақпа күйерсің,

           Өртеніп жүрерсің.

           Сіріңкені ұстасаң,

           Бәлеге сен түсерсің.

Гауһар:        Отпен сен ойнама,

          Өрт шалады айнала.

          Ол тілсіз жау біліп қой.

          Қызық көрем деп ойлама.

Іңкәр:           Үтікпен киім басады,

          Сақтық керек сағанда,

          Мұқият бол қашанда

          Үйде жалғыз қалғанда!

Аружан:                 Өрт пен түтін айнала,

                    Қарап тұрма жай ғана.

        Тез хабар бер 101-ге

        Уақытты сен байлама.

Слайд арқылы балаларға  өрт   қауіпсіздігі   жайлы әңгімелеу.

Ойын:  «Дұрыс және кері әсерлер»

Шарты:   Балалар сурет бойынша әңгімелеп,  венн диаграммасы арқылы  дұрыс және кері әсерлерді ажыратады.

Тәрбиеші:    -Балалар  от туралы   мақал- мәтелдер айтып  беріңдерші.

Гүлім:   Отпен ойнама - күйерсің.

Аруна:   Ойын түбі –от

Нұрай:   От жақпа- пісерсің,

          Ор қазба- түсерсің.

Шұғыла:  Өрт тілсіз -  жау.

Тәрбиеші:  Осымен  «Айналайын»  ересек тобының дайындаған  сюжетті рөлді ойыны аяқталды, сау болыңыздар.

 

D:\DCIM\нуна\20170130_103052.jpg

D:\DCIM\нуна\20170130_103734.jpg

«Келісемін»        «Бекітемін»

«Әйгерім» балабақшасының        «Әйгерім» балабақшасының

әдіскері         меңгерушісі

Н.Е. Омарова __________        _________К.Ж.Жуманазарова

«____» «____» 2018жыл        «____»  «____»  2018жыл

Білім беру саласы:    «Таным»  «Коммуникация»

Бөлімдері:   Қарапайым  математикалық ұғымдарды  қалыптастыру.

                 Сөйлеуді  дамыту.

Тақырыбы:   « Жеті санының  қасиеті »  

Мақсаты:   Балаларды  7 саны мен цифрымен таныстыру.

        7 санының киелі сан екенін меңгерту.

        Логикалық ойлау өрісін, сөздік қорларын дамыту.

        Достыққа, мейрімділікке,  ұқыпты жазуға  тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдері:    Қайталау, түсіндіру , әңгімеліу,    сұрақ-жауап

Көрнекілігі:    7  санына байланысты суреттер, сандар, үлестірмелі материалдар  

Сөздік жұмыс: 7 санының қасиеті

Билингивалды ком:  жеті – семь - seven

Әлеуметтік инклюзив: Ұлжан, Нұртөре

Ойын тех:Д/О  «Суретте бейнеленген заттың санын көрсет»

        Л/О  «Кім жылдам»   «Санамақтар»

Әрекет кезеңі

    Тәрбиешінің іс әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Іздену ұйымдастырушы

Билингвалды ком.

Сөздік жұмыс

Көркем сөз

Қызықтыру сәті

Санамақтар

Д/ойын

Сергіту жаттығуы

 Дәптермен жұмыс

Көркем сөз

Психо жаттығу:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті ,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің  басы гой.

Ал, қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

-Балалар көңіл күйіміз қалай?

 -Қазір жылдың кай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс мезгілінің ай аттарын атап беріңдерші.

Тәрбиеші балаларды оқу қызметімен таныстырады.

-Өткен 6- санынын есімізге түсірейікші.

Д/о  «0- ден 6- ға дейін тура және кері санау»

-Ал енді балалар сандық қатарда   6 санынан кейін қандай сан келеді?

- Олай болса бүгін  7 санымен танысымыз.

  Жеті- семь- seven

-Жеті саны тақ сан және киелі қасиетті сан.

Себебі, жер бетін мекендеп келе жатқан қазақ халқының көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған.  Оны кие тұтып   қастерлеген.

Мысылы ,   7- ата

        7-қазына

        7-қарақшы

        7-күлше

        7- күніміз бар

Жеті саны киелі

Алтыдан кейін тұрады

Аптада бар жеті күн,

Кім оны жатқа айтады?

-Өте жақсы балалар!

 Есікті тоқылдатып қоян келеді:

-Сәлеметсіңдерме   балалар?

-Бұл «Айналайын» тобы ма?

Менің үйшігіме қу түлкі кіріп алып шықпай қойды. Мені де кіргізбей қойды, мына қораптағы  тапсырманы «Айналайын»  тобының балаларымен   ғана орындасаң   үйіңді босатамын деді

-Балалар сендер маған көмектесесіңдер ма?

Тәрбиеші қорапты ашып ішіндегі  хатты ашып оқиды.

1-тапсырма:

1-ден 7-ге дейін санамақтар айтып беріңдер.

Т: - әрине қоянжан, біздің балалар санамақтар біледі, қане сенде отырып балалармен бірге қайтала.

1-дегенім    бөрік, кисең береді көрік,

2-дегенім    етік , киер сәнді етіп,

3-дегенім    ішік, теріден тігер пішіп,

4-дегенім    тымақ, қыста кисең жылақ,

5-дегенім    байпақ, іші жылы тайпақ

6-дегенім     алқа, мойныңа тақ ал да,

7-дегенім     жейде, кір болмасын кейде,

2-ші тапсырма:

 «Суретте бейнеленген заттың санын көрсет»

 

Т: -Ал енді балалар денемізді сергітіп алайық.

1-дегенде тұрайық,

2,3,4 –алақанды ұрайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық,

5-дегенде асықпай

Орнымызды табайық.

3-ші тапсырма:

 «7- санын  бастырып жазу»

Шарты: Ақ қағаз бетіне бейнеленген үзік сызықтарды қосып, жеті санын жазып шығу.

       1,2,3 –жинап алдық күш,

       4,5,6- біз жазамыз мықты.

       Дәптерімізді ашайық,

       Көрсетілген үлгіні,

       Әдемі етіп жазайық.

4-ші тапсырма:

7санына байланысты мақал –мателдер айтып беріңдер.

Т:-   Міне қоян біздің балалар  сенің барлық тапсырмаңды орындап шықты, енді осы тапсырмаларды  түлкіге апарып көрсетсең , сенің үйшігіңді босатып береді.

 Қоян: -Рахмет сендерге балалар, ал енді мен қайтайын, сендердің орындаған тапсырмаларыңды қу түлкіге көрсетіп , мейірімді болуға,дос болуға шақырайын.Мына қорапта менің сендерге арнап әкелген сыйлығым бар, апайларыңа тапсырамын оқу қызметінің соңында таратып береді.

Сау болыңдар балалар!

Балалар көтеріңкі көңіл –күймен қонақтармен  ұш тілде сәлемдесті.

Балалар қонақтармен  үш тілде сәлемдеседі

-Жақсы

-қазыр жылдың қыс мезгілі

-қыс мезгілінде үш ай бар

Балалар 0-ден 6-ға дейін үш тілде санап шықты.

-7-саны келеді

Дүйсенбі, сейсенбі , сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі

-Сәлеметсіз ба.

-Әрине көмектесеміз

Балалар бәрі бірге  санамақты  хормен айтты

Ойынды қызығушылықпен ойнады.

Қимыл қозғалыс жасап көтеріңкі көңіл күймен айтты.

Балалар үзік сызықтарды қосып жеті санын жазып шықты

Сау болыңыз қоян!

Рефлексивті коррекциялаушы

 

Л/ ойын:Сандарға байланысты   «Кім жылдам »  ойынын ойнаймыз

1. -Аспанда неше күн бар?

-Қоянның неше құлағы бар?

-Бағдаршамда неше көз бар?

-ешкіде неше аяқ бар?

-Бір қолда неше саусақ бар?

- Бес саусаққа бір саусақ қоссақ неше саусақ болады?

-Бір аптада неше күн бар?

2. - Санын білмей сәбіздің,

Қоян әбден тосылды,

Көмектесіп жіберші,

Құтқарып сен досыңды.

Оң қолыңда  4 сәбіз

Сол қолыңда  3 сәбіз

  • Айболда 5 өрік, Нұрболда 2 өрік,

Барлығында қосқанда, болады неше өрік?

-Маратта 6 алма, Саматта 1 алма

Санашы, санашы, барлығы неше алма?

  • Алма ағашта жеті алма,

      Қандай тәтті жесе алма,

      Жетеуінде жеп қойсам

       Қалды онда неше алма?

-Бүгінгі оқу қызметімізде қандай санмен таныстық?

-Жеті саны қандай сан?

-Өте жақсы балалар.

Оқу қызметіне жақсы қатысып белсенділік танытқан балаларды мақтап мадақтау.

Бір күн бар

Екі құлағы бар

Үш көз бар

Төрт аяқ бар

Бес саусақ бар

Алты саусақ болады

Жеті күн бар

Жеті сәбіз болады

-жеті өрік болады

Барлығы жеті алма

Алма жоқ , яғни нөл

-Жеті саны және цифрымен

-тақ сан және қасиетті киелі сан

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі:   7  санын және цифырын біледі.

Меңгеруі:   7 саны көлемінде тура және кері санауды,7 саны киелі сан екенін

Жасай алуы:   Логикалық және  дидактикалық  ойындарды ойнай алды.