Мектеп: 84 мектеп-лицей        

Пәні: Әдебиеттік оқу

Класы:   4 «В»

Мұғалімі: Ембергенова З.И.

Сабақтың тақырыбы: Аян Нысаналин   «Құдайы қонақ»

Сабақтың мақсаты:  Оқушылар мәтінді оқып, мазмұнымен танысу арқылы , мәтіннің негізгі идеясын аша отырып қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі, ерлігі жөнінде түсінік беру, қонақ түрлері, қонаққа сый құрмет көрсету жөнінде түсініктерін кеңейту.Мәтінде кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғу арқылы ойлау қабілетін, өз ойларын, пікірлерін еркін жеткізуге машықтандыра отырып сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.Адамгершілік, ұлттық салт- дәстүр тәрбисінің ұлылығын сезіндіре отырып, ізеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстануға үйрету. 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. БжС технологиясы. Ауызша – 1 картасы.

Сабақ оқудың макро құрылымы

Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

Түсініктеме

  1. кезең Ұйымдастыру кезең
  2. Мотивация

Бұл картада оқушылардың сабақты құруға қатыса алатын мүмкіндіктері бар

Мотивация. Сабақтың мақсат – міндетін түсіндіру.

Психологиялық жаттығу.

-Біз Қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз ба?

-Иә

-Біз,мектептің мақтанышы боламыз ба?

-Иә

Біз, мақсатқа жетеміз бе?

Карта бойынша жұмыс жасау ретін түсіндіру.

2- кезең Оқушылардың субъектті іс- тәжірибесін өзектендіру

  1.  Ақ күріштің атасы кім?  Ыбырай
  2. Мақсұт Нұрылдаев кім болып жұмыс істейді?    Бас агроном
  3. Ол бала кезінен әкесінің аузынан не естіген еді? Ертегі
  4. Баяғыда Сыр өңірінде не болыпты ? ырысты өлке
  5. Ақ күріш қалай өсіпті?  Жайқала өсіп,қамба астыққа толыпты
  6. Халық қуанышы қалай тасыған екен?    Сырдария өзеніндей
  7. Кім төсек тартып жатып қалыпты?Ауылдағы күріш егетін  жалғыз қарт кәрілік жеңіп төсек тартып жатып қалыпты
  8. Ақсақал ауыл адамдарын жинап алып не депті?-Жарандар асарымды асап,жасарымды жасап,менің жатқан түрім-мынау .  «Ас адамның арқауы» деген ғой, ол  еңбекпен табылады
  9. Арқауы бос арқан қалай келетінін ұмытпаңдар деді? Үзілгіш
  10. Не болса, мынау, келіп қалды деді?   Көктем
  11. Не егу қажет деді? Егін егу
  12. Не ұстар кім бар деді?   Кетпен
  13. Көзімнің тірісінде қасиетті немді өз қолыммен табыс етейін деді? Қасиетті кетпенімді?
  14. Елін асырар кім қайда деді?   Ер қайда
  15. Қарттар кімдерге ,жастар кімдерге қарады? Қарттар жастарға,жастар қарттарға қарады
  16. Қарт не деп назаланды? Өркенсіз өлке болмаушы еді,тұңілгендей не болды сендерге деп назаланды
  17. Қарт кім бар менің қолымнан кетпенді алар дегенде тіс жарып сөйлеген тірі жан болды ма?      болмаймады
  18. Қарт диқан теріс қарап аунап түсіп не істейді? Мәңгілікке көз жұмады
  19. Көктем өтіп,жаз өтеді.Күх қаһарына мініп ,қыр астынан қыс төбесін көрсеткен шақта қамбадағы ақ күріш те не істейді?    Таусылады
  20. Көпшілік не үшін күйзеледі?ала жаздай атқа мініп ,көкпар шапқанына мәз болып жүрген көпшілік не істерін білмей,қатты күйзеледі
  21. Кімнің тілін алмағанына өкінеді? Диқан атаның
  22. Не деп бәтуаласады ?   «Енді жаз шықса,бәріміз де күріш егейік»деп  бәтуаласады.
  23. Жазға дейін талғажау астық тауып келу үшін ауыл бірнеше азаматтарын қайда аттандырады? Алдына үйір-үйір жылқы салып беріп,бірнеше азаматты алысқа  аттандырады.
  24. Мақсұт әкесіне мен кім боламын деді?   Күрішші
  25. Мақсұтқа әкесі сабырлы кейіппен не деді?  Ниетіңе жет ,қарағым жет деді
  26. Мақсұт қандай білім алып шықты?    Агрономдық білім алып шықты
  27. Диқандардың мол өнім Мақсұт алуына қалай көмектесті? тапқырлығымен ,еңбеккерлігімен елін сүйсіндірді
  28. Үздік жетістігі үшін омырауына не тағылды? Ордендер тағылды

Бірінші белгі.Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша +,- қойылады.

1

 Жаңа сабақ: Сабақтың басында жаңа тақырыптың мазмұны түсіндіріледі.Оқушылар жаңа терминдер мен  және түсініктермен таныстырылады.

3- кезең Қабылдауды ұйымдастыру

Тірек сөздермен жұмыс: Қонақ,өзен,арба,алып,ширақ,бұлақ,балуан,жұлдыз,Түркістан

9 сөзге . 1 минут   уақыт беріледі.

Екінші белгі.Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша +,- қойылады.

2

4- кезең Ойлауды ұйымдастыру

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді іштей оқу. Аян Нысаналин   «Құдайы қонақ»

1. Қандай арба үй алдына тоқтады?    Ат боз ат жекен арба үй алдына тоқтады

2. Қандай үн шықты?   Кім бар ау деген үн шықты

3. Көлік үстіндегі дауыс қалай гүж ете қалды?  Күн күркірегендей

4. Қандай қонақпыз деді?   Құдайы қонақпыз

5. Арба  үстіндегі алып адам қалай ыңғайланды? Жерге түсуге ыңғайланды

6. Қимылы қандай екен?   Әлі Ширақ

7. Асылмұрат үйден қалай шықты?    Аптыға

8. Қонақтарға Асылмұрат  не деп айтты?  түсіңіздер деді

9. Бірақ әкем қайда кетті деді?   Түркістанға базарға кетті

10.Шешем не істеп жүр деді?   Қой сауып жүр деді

11.Алып адамға қарағанда бойын не биледі?    Біртүрлі үрей биледі

12.Үйге кіріңіздер не қоямын деді?  Шәй қоямын

13. Екі иығына екі бала мінгендей баладан  не деп сұрады? Кімнің баласысың

14. Асылмұрат атамның аты кім деді?   Ақтайлақ деді

15. Алып адам Асылмұратқа қандай бала екенсің деді?  Жақсы бала екенсің деді.

16. Асылмұраттың маңдайынан не істеді қонақ иесі? Маңдайынан сипады

17. Естуің бар ма мен кім боламын деді?  Қажымұқан көкең боламын

18.Асылмұрат үлкен адамға көзі шарасынан шығып қалай қарады?  Таңғала қарады

19. Жырым-жырым құлағы ақбурыл құлағы басын қалай тартқандай?  Төмен

20.Біртүрлі арқам не істеп тұр деді?   Құрысып

21. Алып адам қалай кетті?  Адымдап

22. Бұлақ көзіне жетіп не істеді?  Есінеп ,керілді

23. Анадайда жатқан қойтасты қопарып қайда қойды?  Жанына қойды

24. Тасты кеудесіне қысып не істеді?  Әуп-деп тік көтеріп алды

25. Мен білсем, саған не қонатын шығар деді?   Күш иесі

26. Түсінде Асылмұрат ет асатып жатқан кімді көрді?  Алып адамды

27. Ет асатқан балуанның айтқаны келді ме?

28. Кейін Асылмұрат немен айналысты,қандай бала болып өсті?қүреспен айналысып шымыр жігіт болып өсті.

Мәтіндегі оқу жылдамдығы 1 бетке 5 минут уақыт беріледі.

3

5- кезең.Алғашқы бекітуді ұйымдастыру.

Сын тұрғысынан сұрақтар.  «Ия» , «жоқ»  Қарама –қарсы сұрақтар:

1.  Кім бар ау деген үн шықты                                                   ия

2.  Көлік үстіндегі дауыс гүж ете қалмады                               жоқ

3.  Құдайы қонақпыз деді                                                           ия

4.  Арба үстіндегі адам жерге түсуге ыңғайланбады               жоқ

5.  Қимылы ширақ емес екен                                                      жоқ  

6.  Асылмұрат үйден аптыға шықты         ия

7.  Бірақ әкем қой бағып кетті деді        жоқ

8.  Шешем қой сауып жүр деді        ия

9.  Алып адамға көзі түсіп еді,бойын бүртүрлі үрей биледі    ия

10.Жаман бала екенсің деді құдайы қонақ          жоқ

11. Құдайы қонақ Асылмқраттың маңдайынан сипады           ия

12. Мен Қажымұқан деген көкең боламын деді         ия

13. Үлкен адамға таңғала қарамады                        жоқ

14. Біртүрлі арқам құрысып тұр деді         ия

15. Алып адам адым кетпеді         жоқ

16. Бұлақ көзіне жетіп, есінеп, керілді         ия

17. Анандай жатқан қойтасты қопарып,жанына қоймады       жоқ

18. –Әуп!-деп тік көтеріп алды         ия

19. –Мен білсем,саған күш иесі қонбайтын сияқты деді         жоқ

20. Қонақасы ұзақ желінбеді         жоқ

21. Алып адамның тамаққа онша зауқы соқпады         ия

22.Үлкен табақтан балаларға асатамын деді                             ия

23. Май араласқан қамырды қарадомалақтарға ұсынбады      жоқ

24. Желпінуге қонақтар сыртқа шықпады         жоқ

25. Асылмұраттың көзіне ұйқы тығылып,мызғып кетіпті         ия

26. Түсінде ет асатып жүрген алып адамды көрді         ия

27. Ет асатқан палуанның айтқаны келмеді          жоқ

28. Кейін Асылмұрат күреспен айналысып,шымыр жігіт болып өсті     ия

        

4

6- кезең. Талдау.

5 минут.

40-45 сөз жазу керек

Тақырыптық сөздік қор. Тақырыпты қорыту.

Тақырыптық сөздік қор жүргізіледі.Шығарма түрінде жазуға рұқсат етіледі.

Бесінші белгі .нәтиже бойынша барлық оқушыларға +,- қойылады.      5

7- кезең .Рефлексия

Сыныптың тақырыпты меңгеру деңгейі анықталады.

8- кезең. Бағалау.

Сапа нормативі: оқушылардың 63℅-ы 5 ұпайдан алуы тиіс

9- кезең.Үй тапсырмасы

4 белгіден алған оқушылар үй тапсырмасын алады.

Қонақ деп кімді айтамыз? Қонақтың қандай түрлері бар.              -Арнайы және құдайы қонақ.


-Қонақтың түрлерін атайық. 
Біздің халқымыз үйге кірген жыланның басына да ақ құйып шығарады.Бұл –үйіңе қонақ болып дұшпаның келсе де, одан бараңды аяма деген ұғым шығар, өйткені қазақ халқына жомарттық, кеңдік тән. Қонақжайлық –қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін халқымыздың қанына сіңген дәстүрлі әдебі. Адамдардың арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрмет пен қамқорлықты білдіретін, үй иесінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын ұлттық салт-дәстүріміз – қонақжайлылықтың негізгі белгілері бар. Олар: адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, құрметпен қарсы алып, достық ықылас көрсету, адал ас-дәмін ұсыну. Қазақ халқының қонақ-жайлылық қасиеті мен дәстүрі қай заманда да шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды қатты таңқалдырғаны тарихта жазылып қалған ақиқат 
Аян Нысаналин - 1942 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек (бұрынғы Шаян) ауданы, Жетімтау ауылында туған. Аян Нысаналин – ақын. Жекелеген шығармалары: «Дала данышпандары», «Қажымұқан қағанаты» т.б