«Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты :5.4.1.1.Табиғаттағы заттар айналымын атау

                          5.4.1.2. Өлі табиғатта болатын үдерістерді атау. (тау түзілу,үгілу, климаттық үдерістер)

                          5.4.2.1. Тірі ағзалардың қасиеттерін анықтау

                          5.4.2.3.  Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейі

                         5.4.2.6.  Өсімдік тіршілігіндегі фотосинтездің рөлі.Фотосинтездің жүруі    үшін қажетті жағдайларын  зерттеу

    Ойлау дағдыларының деңгейі

Бағалау критерийі:                             Білім алушы:
                                                               * Табиғаттағы заттар айналымын атайды;

                                                             * Өлі табиғатта болатын үдерістерді атайды;

                                                           * Тірі ағзаларға ортақ қасиеттерді анықтайды;
                                                               * Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейін  нақтылайды;                                                                         *Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды сипаттайды;

Орындау уақыты 20 минут.

1-тапсырма. Анықтамасын жазыңыз : ( 2балл)

Табиғаттағы заттар айналымы дегеніміз –заттардың табиғаттағы  түрленуінің және қозғалуының азды-көпті қайталанатын үдерісі.

 

 Табиғаттағы негізгі зат айналымы нешеге бөлінеді? (астына жазыңыз)

       1.су айналымы.     2. геологиялық айналым .           3. Биологиялық айналым                      

2-тапсырма. Өлі табиғатта болатын үдерістер: ( 2балл)

а) таулардың түзілуіне қандай күш әсер етеді? 

                          а)  ішкі (эндогендік) күштер

б)  таулардың үгілуіне не ықпал етеді?

                        в) сыртқы (экзогендік) күштер

3-тапсырма.Сипаттамасымен сәйкестендіріңіз: ( 5 балл)

Р/с

Тірі ағзаның қасиеті

Сипаттама

1

Тітіркену

А

Өсімдіктер мен жануарлар қоршаған орта жағдайына
бейімделе алғанда ғана түрлерін сақтап қалады, сондықтан
олар түрлі өзгерістерге ұшырайды

2

Көбею

В

Тұқымның өнуі, жапырақтардың біртіндеп жазылуы,
бүршіктердің, гүлдердің біртіндеп ашылуы, жарыққа қарай
бағытталуы (күнбағыс, бөлме өсімдігінің жарық көп түсетін
жағының ерекше өсуі, т.б.) мұртшалары арқылы қасындағысы
екінші бір өсімдікке шырмалуы

3

Зат алмасу

С

Жоғары сатыдағы ағзаларды былай қойғанда көзге
көрінбейтін микроағзалар ұрпақ қалдыру үшін екіге бөліну
арқылы өте қарқынды көбейеді. Өсімдіктерде көбеюдің үш
түрлі жолы бар: жынысты, жыныссыз, өспе мүшелері арқылы
көбею.

4

Қозғалыс

Д

Ағзаның айналадағы ортамен қарым-қатынас жасауы,
оның нәтижесінде, біріншіден ағза өз тіршілігіне қажетті
заттар алады

5

Бейімделу

Е

Қоршаған ортаның физикалық немесе химиялық
өзгерістеріне, яғни тітіркендіргіштерге әсер етуі

  1. Е         2.  С              3.  Д                  4.  В                 5.А

4-тапсырма.Анықтамасын табу. ( 4 балл)

1

Тіршіліктің биосфералық ұйымдасуы

А

Белгілі қызметті орындайтын дененің бір бөлігі

2

Мүше

В

Бірқалыпты аумақта тіршілік етуге бейімделген бір-бірімен,қоршаған ортасымен тығыз байланысқан,тірі ағзалардың бірлестігі

3

Популяция

С

Ғаламшардағы тіршіліктің барлық құбылыстарын қамтитын,жоғары деңгейлік жүйе

4

Биоценоз

Д

Белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін,бір түрге жататын және көбею арқылы өздерін жаңғыртып отыратын ағзалар тобы

 

  1. С                     2. А                        3. Д                       4. В


5- тапсырма.
Кестені толтырыңыз.( 4балл)

1

Өсімдіктердің қоректенуі

тамыр және ауа арқылы

2

Хлорофилл

өсімдіктерде кездесетін жасыл пигмент

3

Көмірқышқыл газы

атмосфера құрамында болады

4

Фотосинтез

өсімдік жапырақтарының ауа арқылы қоректенуі

Критерийі

Тапсырма№

Дескриптор  

Балл

Табиғаттағы заттар айналымын атау

1

Табиғаттағы заттар айналымын атайды

2

Өлі табиғатта болатын үдерістерді атау. (тау     түзілу,үгілу,климаттық үдерістер)

2

Өлі табиғатта болатын үдерістерді анықтай алады

2

Тірі ағзалардың қасиеттерін анықтау

3

Тірі ағзаларға ортақ
қасиеттерді анықтайды

5

Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейін нақтылау

4

Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейін нақтылай біледі

4

Өсімдік тіршілігіндегі фотосинтездің рөлін білу.Фотосинтездің жүруі    үшін қажетті жағдайларын сипаттау

5

Өсімдік тіршілігіндегі фотосинтездің рөлін біледі. Фотосинтездің жүруі    үшін қажетті жағдайларына сипаттама жасайды

4

Қорытынды балл

17