Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:        2-бөлім. Футбол ойынының  дағдыларына оқыту

Мектеп:19

Күні:

Мұғалім аты-жөні:      Кадыров.С

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Футбол ойыны.допты әріптесіне аяқтың ішкі жағымен беру.

Оқу мақсаты

5.2.1.1  өзгермелі жағдайда жауап қайтара білу,қимыл-әрекеттермен байланысты білімді білу және түсіну

Сабақ мақсаты

Қауіпсіздік ережелерді біледі. Допты алып жүру   техникасын біледі.

Ойын  әдіс тәсілдерін меңгере алады.

Бағалау критерийі

      Футбол ойынын тәсілін  орындайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну.Қолдану бақылау

Тілдік мақсаттары

Пәнге қатысты сөздік пен терминдер:  жүру,жүгіру, екпін алып жүгіру,  жылдамдық, шапшаңдық, ептілік, төзімділік.        

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:Шабуыл  жылдамдық дегеніміз не? Спорттық жүріс пен жүгірудің айырмашылығын білесіз бе? Жүгірудің адам ағзасына тигізетін пайдасын білесіз бе?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, сабақ кезінде бір-біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру.

Пән аралық байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстыру.

АКТ пайдалану дағдысы

Ережесін айту

Алдыңғы меңгерілген білім

 Командалық  жұмыс

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды  қатарға тұрғызу, сәлемдесу, кезекшіден рапорт қабылдау. Сабақтың тақырыбымен мақсаттарын айту. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Саптағы, жүру, жүгіру жаттығуларын орындап, тыныс алуды ретке келтіріп, сыныпты топқа бөліп  жалпы дамыту жаттығуларын  орындау.

Әр жаттығу үшін таза, бос кеңістік.

 Мұғалім  үшін  ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

 Допты аяқпен  қозғалыста алып жүреді.

Қандай жаттығулар орындайтынын көрсету.

Футболдың ережесін түсіндіру,бақылау

Қандай атақты футболшыларды білесіңдер және олардың қандай клубта ойнайтынын айту.

Футбол ойыны туралы не білесіндер.

Мақсатымыз:Футбол әдістерімен танысу.

Бағалау критерийі   Футбол ойынын техникасын орындайды.

 Тапсырма:     Допты еркін жоғарыдан командаласына беру.        

                                         Фишкалар  бойынша допты алып жүру.

 бір орында допты әріптесіне пас алма кезек пас береді.

                  − қозғалыста әріптесіне допты  береді,қақпаға тебеді.

                                                 

                                       Дескриптор:

                     Допты аяқтың ішкі ағымен алып жүру түрлерін түсіндіру.

                     Допты беру әдісін түсіндіріп,көрсетеді бақылау.

        Допты алып жүру кем дегенде жеңілдетілген бір түрін көрсетеді.

Әр жаттығу үшін таза, бос кеңістік.

 Мұғалім  үшін  ысқырық, секундомер.

Сабақтың соңы

Тыныс алу жаттығуларын орындап, сабақты  қорытындылау,  Үйге тапсырма беру.

Саралап оқыту- көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары  оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау

  • Сабақта уақытты ұтымды пайдалана отырып деңгейлік тапсырмалар кешенін құрамын.
  • Қабілетті оқушыларға тапсырманы күрделендіріп, әлсіздеу оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалармен жүктеймін.
  • кері байланыс ұсыну арқылы,
  • мақсатты түрде оқуға уәждеу,
  • мақтау-мадақтау,байқау,тыңдау,сұрақ қою,
  • оқушылардың өзін- өзі бағалау дағдыларын қалыптастырамын.
  • Денсаулық пен қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіру.

: