«Елімнің еркіндігі – Ата Заңым» атты кітапханалық танымдық сабақ
АНЫҚТАМАСЫ
Мақсаты: Оқушыларға Конституция – біздің еліміздің негізгі заңы. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екенін көрсету. Әрбір адамның құқығы мен бостандығын қорғау. Мемлекет қалай басқарылатынын, Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің және соттың міндетін түсіндіру. Елде тәртіп пен әділдікті сақтау. Барлық адамды заң алдында тең етуді оқушылардың бойына дарыту.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға танымдық сабақтың мақсатын түсіндіру. Ең бірінші Конституция туралы видео көру.
Кітапханашы: Құрметті де қадірлі оқушылар! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын! Бүгінгі мерекенің орны өзгеше. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен қазақ халқының арманымыз ғой. Бүгін біз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған танымдық сабағымызды бастаймыз. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, ол халықтың құқығы мен бостандығын қорғайтын ең басты құжат. Бүгін біз осы заңымыздың мәні мен маңызына тоқталамыз. Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Конституцияның мемлекетіміздің тәуелсіздігін, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін құжат екенін ерекше атап өтпекпін. Ән, өлең, көрініс және патриоттық сөздер арқылы жас ұрпақ өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігін, бейбітшілік пен бірліктің қадірін түсінетінін айқын білдіреді. Біздің Ата Заңымыз – халқымыздың еркіндігінің белгісі, болашағымыздың кепілі. Ендеше, барлығымыз Конституцияны құрметтеп, Отанымызды сүйіп, елжанды азамат болайық!