Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың

2015 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп беру жиналысында  түскен сауалдарға

ЖАУАПТАР

                                                                                                                                                                                          Р/с

Т.Ә.Ж.,

мекен жайы

Айтылған ескертулер,

ұсыныстар, сұрақтар

Орындалуы бойынша ақпарат

Лесова Л.У.-

Қабанбай батыр көшесі,  №13 үй төрайымы

Қабанбай батыр көшесі, №13 үйдің ауласына  балалар ойнайтын балалар алаңшасын осы жылдан қалдырмай орнатуыңызды сұранамын.

      Әл-Фараби ауданы Қабанбай батыр №13 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату үшін «Мерей LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2016 жылғы 26 қыркүйектегі №100 келісім-шарт түзіліп, қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Келісім-шартқа сәйкес, аталған жұмыстар ағымдағы жылы 1 желтоқсанға дейін толығымен аяқталатын болады.

Сонымен қатар, Қабанбай батыр даңғылы, №13 үйдің ауласына түнгі жарықшам  орнатып берсеңіздер.

      2016 жылы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 70 көпқабатты тұрғын үй аулаларын жарықтандыру көзделіп отыр. Оның ішінде Қабанбай батыр көшесі, №13 үй ауласы енгізілген.  Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 31 қазаны.

Кузеров Абдрахман-

«Тұран» шағын ауданы, №68 уч.

тел: 8701 741 44 89

Биыл «Тұран» шағын ауданына қоныстанғанымызға 10 жыл толады. Алайда, шағын ауданда су, газ, жарық жоқ. Халық наразылығын білдіріп жатыр. Біздің шағын ауданды сумен, газбен қамту жұмыстары қашан колға алынады?

      «Тұран» шағын ауданын инфрақұрылым жүйелерімен (ауыз су, газ, электр жарығы, кәріз, байланыс және автомобиль жолы) қамтамасыз ету мақсатында, жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары 2014 жылы басталған. 2015 жылы шағын ауданның егжей-тегжей жоспарлау жобасына (ПДП) өзгерістер енгізіліп, қазан айында бекітілді. Осыған сәйкес, 2015 жылы жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары уақытша тоқтатылған.

      Қазіргі таңда, шағын ауданның инженерлік жүйелерін жобалауды жалғастыру 2016 жылғы мамыр айында 30,0 млн қаржы бөлінді. Алдын әзірленген, 1200 га топографиялық түсірілім жұмыстары қайта жаңартылуда. Жұмыс көлемінің ауқымдығына байланысты, жобалау жұмыстарын 2017 жылдың 1-ші шілдесіне дейін аяқтау Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімінің жұмыс жоспарына қойылған.

      Сонымен қатар, шағын аудан тұрғындарының өз қаражаты есебінен орталық көшемен жүргізілетін ауыз су құбырының жұмыс жобасы әзірленді. Жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптама қарауынан өтіп, қорытынды алынған. Қазіргі таңда, құжаттарды қаланың коммуналдық меншігіне өткізуге жұмыстар атқарылуда. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастыруға тапсырыс беріледі.

Мендекеева К.А.-

Қошқар ата-Таң нұры көшесінің төрайымы  

Әл-Фараби ауданының Қошқарата көшесінде ирригациялық  арық  қарастырылмаған, сол себепті жоғарыда орналасқан Әлімқұлов, Төле би көшелерінен аққан жауын-шашын сулары Қошқарата көшесіне жиналып, лай, батпақ болып тұрғындардың  жүріп-тұруына қолайсыздықтар тудыруда. Әлімқұлов, Қошқарата көшелеріне қашан ирригациялық арық орнатылады?

№19 мектепке баратын балаларымыз тас жолмен жүруге мәжбүр. Осыған байланысты Қошқарата көшесін асфальттап беруіңізді сұранамын.

      2015 жылы қалалық Тұрғын үй коммуналдық - шаруашылық  бөлімі тарапынан Әлімқұлов және Қошқар ата көшелерінің қиылысына ирригациялық лоток жүргізу жұмыстарының сметалық құжаттамалары әзірленіп, бекітілген. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы анықталды.  Жұмыстарды 2016 жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда.

      Қошқарата көшесінде ирригациялық жүйелер салынған соң, 2017 жылы жолды жөндеу жұмыстары қарастырылатын болады.

Сафаров Ж.М.-

 «Ынтымак» шағын ауданының төрағасы.

тел. 8777 126 52 28                                                                            

Біздің жас балаларымыз мектепке 4 шақырым аралығында жүріп өтеді, емханамыз да алыс, қалаға, жұмысқа баруымыз, Темірлан тас жолына шығуымыз 4-5 шақырым алыста. Бізге №115 маршрут жүргізушілері келісімін беріп тұр. Ауыл ақсақалдары атынан және көп балалы ата-аналар атынан өтініш сұраймыз.

      «Ынтымақ» шағына ауданына №55 бағытының қозғалыс сызбасы ұзартылып, жолаушыларға тасымалдау қызметі ұйымдастырылған болатын. Алайда, жолаушылар ағыны төмен болуына байланысты, аталған бағыт өз қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болды. Сонымен қатар, жолаушылар ағынының төмен болуына байланысты 115 шағын автобус бағыты жұмысын тоқтатты.

      Шымкент қаласының даму концепциясына сәйкес, автобус паркін ашу жоспарланған болатын. Жаңадан ашылатын автобус паркіне сығымдалған (метан) газда жүретін автобустар алып, әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттар бойынша жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетеді және бағыттардың шығындары бюджет есебінен өтелетін болады. Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың жұмысы қаланың шалғай, жолаушылар ағыны төмен шағынаудандары арқылы ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда, «Шымкент bus» ЖШС-гі ашылып, 10 әлеуметтік маңызы бар бағыттардың қозғалыс сызбалары дайындалып, бекітілді. Сол бағыттардың бірін «Ынтымақ» шағынауданына жүргізу жоспарлануда.

Таңатаров Есенбай-

«СТК» төрағасы

Абай ауданы «Жаңаталап» елдімекені арқылы өтетін облыстық маңызы бар жолдың бойына 14 аялдама қойылды, рахмет. Дегенмен, осы жолдың жөндеу көрмегеніне 10-15 жыл болған. Осы жолды жөндеуге ықпал етсеңіздер.

      «Жанаталап» тұрғын алабы орталығымен өтетін облыстық манызы бар КХ-106 жолын (бұрынғы Ахунбабаев көшесі – қазіргі Жиделі Байсын көшесі) орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен тиісті қаражаттар бөлінді. Ағымдағы жылғы 20 шілдеден басталған, жұмыстар жыл сонына дейін аяқталатын болады.

Абдуллаева Ұлжалғас Тұрсынбаевна-

3-ші Бадам көшесі,

тел. 8771 619 29 63

Біз 3-ші Бадам көшесінің тұрғындарымыз. Біздің көшемен айналып өтетін автобус жүргізіп берулерініңізді өтінеміз.

      Шымкент қаласының даму концепциясына сәйкес, автобус паркін ашу жоспарланған болатын. Жаңадан ашылатын автобус паркіне сығымдалған (метан) газда жүретін автобустар алып, әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттар бойынша жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетеді және бағыттардың шығындары бюджет есебінен өтелетін болады. Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың жұмысы қаланың шалғай, жолаушылар ағыны төмен шағынаудандары арқылы ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда, «Шымкент bus» ЖШС-гі ашылып, 10 әлеуметтік маңызы бар бағыттардың қозғалыс сызбалары дайындалып, бекітілді. Сол бағыттардың бірін 3-ші Бадам көшесі маңына (бұрынғы К.Маркс шағын ауданына) жүргізу жоспарлануда.

Қалходжаев Яхия-

«Тұран» шағын ауданының төрағасы,

тел. 8702 746 02 53

«Тұран» шағын ауданының тұрғындары атынан келіп отырмыз. Қала ішінде отырсақ та, 10 жылдан бері ауыз су, газ, свет, жол, т.б. инфрақұрылым жоқ.

Әр түрлі себептер айтылады. Аудан әкімдері әрекет жасайды, қаражат бөлуге шамасы жоқ. Халық өз қаражатына ЖСҚ (ПСД) жасады, құжаттар сараптамада (экспертиза) жатыр. Осы тірлігімізге жәрдем сұраймыз.

      «Тұран» шағын ауданын инфрақұрылым жүйелерімен (ауыз су, газ, электр жарығы, кәріз, байланыс және автомобиль жолы) қамтамасыз ету мақсатында, жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары 2014 жылы басталған. 2015 жылы шағын ауданның егжей-тегжей жоспарлау жобасына (ПДП) өзгерістер енгізіліп, қазан айында бекітілді. Осыған сәйкес, 2015 жылы жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары уақытша тоқтатылған.

      Қазіргі таңда, шағын ауданның инженерлік жүйелерін жобалауды жалғастыру үшін 2016 жылғы мамыр айында 30,0 млн қаржы бөлінді. Алдын әзірленген, 1200 га топографиялық түсірілім жұмыстары қайта жаңартылуда. Жұмыс көлемінің ауқымдығына байланысты, жобалау жұмыстарын 2017 жылдың 1-ші шілдесіне дейін аяқтау Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімінің жұмыс жоспарына қойылған.

      Сонымен қатар, шағын аудан тұрғындарының өз қаражаты есебінен орталық көшемен жүргізілетін ауыз су құбырының жұмыс жобасы әзірленді. Жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптама қарауынан өтіп, қорытынды алынған. Қазіргі таңда, құжаттарды қаланың коммуналдық меншігіне өткізуге жұмыстар атқарылуда. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастыруға тапсырыс беріледі.

Әлсерке И-

«Самал-1» шағын ауданы, Мырзаев көшесі, №58 үй.

«Самал» базарының алдында жаяу адамдар жүретін жолдар (тротуар) салынбаған, сондықтан ол жерлерді көлік тұрақтарына айналдырып жіберген. 2009 жылдан бері қаланың, ауданның әкімдері бірнеше рет уәде беріп, бірақ орындамай келе жатыр.

Қаражатқа қарайламай-ақ, жол салынғанға дейін, Т.Рысқұлов көшесінің бойындағы «Самал» базарының алдындағы су ағатын астаулардың (лотоктар) бетіндегі арматуралардан жасалған темір көпірлерді алып тастаса, базардың алдындағы көлік тұрақтарына көліктер өте алмайды. Сондықтан жаяу адамдар жүретін жолдар ашылып, ыңғайлы болады. «Самал» базарының алдында бүгінгі таңға дейін бірнеше адамдарды автобустар, жеңіл автокөліктер қағып, өлтіріп, мүгедек етіп кеткенін естіп, көріп жүрміз.

Жаяу адамдар кез-келген жерден өтіп кетпес үшін, Т.Рысқұлов көшесінің ортасынан темір шарбақтармен жауып тастау керек.

      Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және «Самал» базары әкімшілігімен кездесіп, Т.Рысқұлов көшесінде «Самал» базардың алдындағы автотұраққа жаяу жүргіншілер жүретін аяқжол қарастыру мәселесі талқыланды. Нәтижесінде, «Самал» базары әкімшілігі өз тарапынан, автокөлік тұратын орыннан 2м бір беткейінен темір қоршау қойып, жаяу жүретін жүргіншілерге жағдай жасалынатыны шешілді. Жұмыстар 10.10.2016ж  аяқталады.

      Сонымен қатар Т.Рысқұлов көшесінде «Самал» базардың алдында аяқ жол салу мәселесі бойынша әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп аяқ жол салу орындарын зерттеу жұмыстарын жүргізілу нәтижесінде, қажетті орындарға аяқ жол салу жұмыстарына сметалық есептер әзірленіп, құрылысына қаржы қарастыруға 2017 жылдың бюджетіне ұсыныс енгізілетіндігін хабарлаймын.

Бүгінгі таңда жаяу жүргіншілердің қауыпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Т. Рысқұлов көшесіндегі «Самал» базары маңында жол ортасына500 метр темір қоршау орнату жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін жүргізілетін болады. 2017 жылы аталған көше бойында базар маңында жерасты өткелін салу үшін облыстық бюджеттен 126,622млн теңге қаржы қарастыру бойынша ұсыныс енгізілетін болады.

Әжіханова Фарида Ермаханқызы - Сайрам көшесі 1/3 үй комитетінің төрайымы

1.Еңбекші ауданының  басқа аулалары сияқты біз тұратын «Цементшілер» шағынауданының аулаларына да абаттандыру жұмыстарын жүргізулеріңізді сұранамыз.

Қазіргі таңда Сайрам көшесі №1/1, 1/3, Стадион көшесі №2,4,6, Безделев көшесі №72,74,111 көпқабатты үй аулаларына абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар 23.08.2016 жылы басталып 23.11.2016 жылы аяқталады. Бұл жұмыстарды атқарушы мердігер мекеме «Жедел құрылыс» ЖШС-і.

Ғазиев Ергеш – Қатын көпір шағынауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы және ауыл биі. 

Қошқар ата өзенінің аяқ жағында тұрамыз. Темірлан тас жолынан Өтегенов, Арғынбеков көшелеріне дейін өзен өтеді, ол биікте орналасқан ал елді мекендер төменде орналасқан. Атап айтатын болсақ Тельман, Ленин, Куйбышев, Солтүстік батыс, Самал-3 елді мекендердің бәрі төменде орналасқан. Қар мен жауынның кезінде резінке етік киіп, су кешіп жүреміз. Темірлан тас жолынан Арғынбеков көшесіне дейінгі 6,7 шақырым жерге лоток қойғызып берсеңіздер.

      Қошқар ата өзені арнасын (Әл-Фараби көшесінен Арғынбеков көшесі бойындағы №87 мектепке дейін) бетондау жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қажетті қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.

      Жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленген соң, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы қарауға ұсыныс енгізіледі.

Қаратөбе тұрғын алабының төбе биі.

1. Біз өзіміз қалаға 2014 жылдан бері өттік, бірақ ішетін суымыз Сайрам ауданына қарайды. Бұл өте қиындық туындатып отыр, соны қаланың балансына өткізіп беруді сұраймын.

      Сайрам ауданынан қала аумағына өткен елді мекендерден бүгінгі таңда, 6 елді мекеннің нысандары бойынша құжаттары қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне өткізілді. Ал қалған елді мекендер бойынша, соның ішінде Қаратөбе тұрғын алабының құжаттары жоқ болуына байланысты қала теңгеріміне өткізілмеген.

Сайрам ауданына қарасты Қаратөбе тұрғын алабының құжаттарын Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Камалова Жеңіскүл - Әуезов көшесі №3 үй төрайымы:

Абай ауданы «Жаңаталап» аумағындағы 21 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшаларын орнату мәселесін шешіп берсеңіз.

      2016 жылға Абай ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен тұрғын алаптарында 65 балалар ойын алаңшаларын, 15 спорт алаңшаларын орнату мен көріктендіру және 10 аулаға жаттығу құралдарын (тренажер) орнату жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттарын дайындау үшін қалалық бюджеттен 1,5 млн. теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалды.

      Ал, «Жаңаталап» аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына 2 балалар ойын алаңшалары және 2 спорт алаңдарының құрылыс жұмыстарын 2016-2017 жылдары жүргізу жоспарлануда. 

      Бүгінгі таңда, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша қаржы қарастырылуда.

«Ақтас» елді мекенінің тұрғыны

1. «Ақтас» елді мекеніндегі №61 мектепке баратын жолымыз топырақ жол, соны асфальттап, жаяу жол салып, жарықтандырып берсеңіздер.

«Ақтас» тұрғын алабындағы №61 мектепке баратын көшенің (Мешіттен мектепке дейін бөлігіне) күрделі жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС-гі  атқаруда.  Жұмыстар наурыз айында басталып 2016 жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Жобада жолдың бойына аяқ жол салу жұмыстары қарастырылған.

Жарықтандыру жұмыстары 2017- 2018 жылдар атқарылатын болады.

2. Бізде Ташкент жолынан  екі  жерде жерасты өткелін қалдырған, ол ауылдың сыртында іші тола су,  қазір жол ашылған,    балаларымызды сол жерден алып өтіп жатырмыз өте қиын, не деген қиямет машиналар өтіп жатыр сол жерге жаяу жүргіншілерге арналған жолақ сызып берсе.

Аталған мәселе бойынша «ҚазАвтоЖол» АҚ-на хат жолданды. Бүгінгі таңда, жерасты өткелдеріндегі судан тазартылды. Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» АҚ тарапынан Ташкент тас жолына (Ақтас тұрғын алабы маңында) қосымша жаяу жүргіншілер өткелі ұйымдастырылды.