«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы
«Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы
Секциясы : Тарих
Жоба тақырыбы:
«Бауыржан Момышұлы – “Халық қаһарманы” атағына лайықты тұлға»
Орындаған: Қарағанды қаласы химия-биология
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
оқушысы Рысбек Сұңғат
Жобаның жетекшісі:
Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі
Юсупова Тамара Қазыхановна
Қарағанды - 2017
Мазмұны
Кіріспе………..................................................................................................3-4
Зерттеу бөлімі
I. Бауыржан Момышұлы жайлы.
1.1. Баукеңнің жеті атасы................................................................................5-6
1.2. Сегіз қырлы бір сырлы адам....................................................................6-7
1.3. Бауыржан Момышұлы «Халық қаһарманы» атағын алмаған..............7-8
II. Ұлы Отан соғысы кезіндегі БауыржанМомышұлының ерлік істері
2.1. Батальон командирі Бауыржан Момышұлының ерлік істері.................5
2.2.Генерал Серебряковтың мәлімдемесі......................................................5-7 2.3. Москва майданындағы ерліктерінің бірі................................................8
III. Батыр бабамыздың қазақ халқының тектілігін сақтаудағы үлесі.
3.1.Бауыржан Момышұлының шығармаларының рухани маңызыздылығы...9
3.2. “Арпалыс” шығармасы............................................................................10
3.3. “Ұшқан ұя” романының қазақ халқының салт- дәстүрлерін сақтаудағы үлесі...................................................................................................................12
3.4. Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері...........................................13
3.5. Бауыржан Момышұлының халық батырлары жайлы ел арасындағы үгіті
3.6. Батырдың тіл туралы сөздері.
IV.Бауыржан Момышұлына халық құрметі
4.1. Батырдың аты берілген нысандар............................................................14
4.2. Қаһарман ер туралы түсірілген фильмдер мен әдеби шығармалар......................................................................................................15
4.4. Наградалары..............................................................................................15
Қорытынды.................................................................................................16-17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................18
Абстракт
Секциясы: тарих
Оқушының аты-жөні: Рысбек Сұңғат
Мектеп: Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қаласы: Қарағанды
Ғылыми зерттеу жоба тақырыбы: «Бауыржан Момышұлы – “Халық қаһарманы” атағына лайықты тұлға»
Жобаның мақсаты: Қазақ халқының біртуар ұлы – ерен ерлігімен танылған Бауыржан Момышұлының еліміздегі ең жоғарғы марапатқа лайықтылығын дәлелдеу әрі бағалау.
Міндеттері:
Ол үшін мен Б. Момышұлы жазған, ол кісі туралы жазылған шығармаларды оқимын, керекті ақпараттарды іріктеп жазамын.
Жобаның өзектілігі. Кеңес дәуірінде Ұлы Отан соғысында талай ерлік жасап, кезінде әділ бағасын ала алмаған боздақтарымыз әлі де бар. Солардың ішінде Б. Момышұлы шоқтығы биік бірегейі, елдік пен ерліктің, батылдық пен батырлық, асылдық пен жасындықтың үлгісі болған аты аңызға айналған батыр. Бүкіл әлемге қазақ халқының батырлығын танымал етті. Кеңестік дәуірде шыншылдығы мен бірбеткейлігі басшыларға жақпағандықтан Отан алдындағы еңбегі әділ бағаланбай дүниеден өтті. Елбасының КСРО соңғы басшысы М.Горбачевке хат жазып сұрауының
Зерттеудің жаңашылдығы: Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі, еңбектері, басқа авторлардың ол туралы шығармаларын зерттеу арқылы, батыр атамыздың ерлігі мен еңбегін бағалап Бауыржан Момышұлын “Халық қаһарманы” атағына ұсыну.
Жобаның гипотезасы: Егерде біз Бауыржан Момышұлына “Халық қаһарманы” атағын берсек, онда оның жанкешті ерлігін, қазақ халқына деген сүйіспеншілігін әділетті бағалаймыз. Б.Момышұлының істерін үлгі ету, әділ бағасын беру, Қазақстан азаматтарының патриоттығын күшейтуге ықпал етеді.
Кіріспе
Бүгінгі Қазақ елінің тәуелсіздігі - кешегі өткен бабаларымыз бен ағаларымыздың талай рет тағдыр талапайына түскен киелі қазақ жерін қорғап қалған ерлігінің жемісі. Бауыржан Момышұлы – ғасыр саңлағы, өткен ғасырлардағы Кенесары, Махамбет, Исатай сияқты батырларымыздың, ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының заңды жалғасы. Ол - алаштың айбынды батырларының ерлік дәстүрін ХХ ғасырда жалғастырған тұлға.
[1]
Халық құрметтеген Бауыржандай ұлы тұлға тек қаһарман батыр ғана емес, көпшілік мойындаған жазушы да. Оның «Офицердің күнделігі», «Москва үшін шайқас», «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя» сияқты 13 кітабы көзі тірісінде жарық көрген.
Бауыржан Момышұлына арнап тәуелсіздік жылдары бірнеше қалаларда ескерткіштер қойылып, көше, мектеп аттары берілді. Дегенмен Ұлы Отан соғысының батырлары С.Нұрмағанбетов, Р.Қошқарбаевтарға еліміздің ең жоғарғы лауазымды «Халық қаһарманы» атағы берілгенде, неліктен осы атақ Б.Момышұлына да берілмеді? Қазақ халқы тәуелсіздік алғалы бері 23 жыл өтті. Ол осы атаққа лайықты емес пе? деген сұрақ, менің зерттеуіме түрткі болды. Мен Бауыржан Момышұлының осы атаққа лайықты екендігін дәлелдемекпін.
Жобаның өзектілігі. Ұлы Жеңіске үстіміздегі жылы 70 жыл толады. Кеңес дәуірінде Ұлы Отан соғысында талай ерлік жасап, кезінде әділ бағасын ала алмаған боздақтарымыз әлі де бар. Солардың ішінде Б. Момышұлы шоқтығы биік бірегейі, елдік пен ерліктің, батылдық пен батырлық, асылдық пен жасындықтың үлгісі болған аты аңызға айналған батыр. Бүкіл әлемге қазақ халқының батырлығын танымал етті. Кеңестік дәуірде шыншылдығы мен бірбеткейлігі басшыларға жақпағандықтан Отан алдындағы еңбегі әділ бағаланбай дүниеден өтті. Елбасының КСРО соңғы басшысы М.Горбачевке хат жазып сұрауының арқасында 1990 жылы Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Зерттеудің жаңашылдығы: Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі, еңбектері, басқа авторлардың ол туралы шығармаларын зерттеу арқылы, батыр атамыздың ерлігі мен еңбегін бағалап Бауыржан Момышұлын “Халық қаһарманы” атағына ұсыну.
Жобаның гипотезасы: Егерде біз Бауыржан Момышұлына “Халық қаһарманы” атағын берсек, онда оның жанкешті ерлігін, қазақ халқына деген сүйіспеншілігін әділетті бағалаймыз. Б.Момышұлының істерін үлгі ету, әділ бағасын беру, Қазақстан азаматтарының патриоттығын күшейтуге ықпал етеді.
Бауыржан Момышұлы жайлы
1.2 Бауыржан атамыздың аталары мен ұрпақтары
1.2. Сегіз қырлы бір сырлы адам
Бауыржан Момышұлы – батыр, жазушы ғана емес, сонымен қатар кең фантазия, өнер иесі. Баукең суретші, атбегі, ақын адам.
Бауыржан Момышұлы суретті керемет салған екен. Кәдімгі кәсіби суретшілерден бір мысқал да кем емес. Мысалы, басылым беттерінде жиі пайдаланылатын қолмен салынған суретін Бауыржан атамыз өз қолымен салыпты. Немересі Ержан қолына қағаз алып келіп: «Ата, сурет салып бер» дейді бірде. Бала қыңқылдап қоймағасын, Ержан екеуінің суретін салып береді. Сонда Ержан былай алып шығып, суреттегі өзінің бас жағына бес, атасының бас жағына екі деген баға қойып қойыпты. [11]
Ал мына суретті Баукең өзі салған:
«Атам «Қазақстан» темекісін тартатын еді. Соның ішіндегі жылтыр қағазын алатын да ою оя салатын. Бұл бір альбом болады. Осыны шығара алмай жүрмін. Өйткені, жақсы ғып шығару үшін демеуші керек. Бәрін өзі ойып, қолын қойған. Бақытжан ағаңның басына қойған құлыптасқа әдейі осы оюды салғыздым. Ою оқитындар таңғалды. Сөйлеп отырып қағазды бүктейді де, қасында тұрған кішкентай қайшымен қия салады. Алғашында Ержан сүйретіп жүгіріп жүретін. Кейіннен «мынауың болмайды» деп, алдап-сулап қолынан алып, жинай бердім ғой. Әр оюдың артында айы-күні жазылған. «Ата, мынаны жазып жүріңізші» деп өтініп жүріп жаздырып алғам. Қолына түскен қағазға оя берген оюының саны жетпіске жуық. Бір күні түскиіз фабрикасынан хабарласып: «Атаның оюлары бар екен. Соны бізге берсеңізші» дейді. «Жоқ, көкетай, бермеймін. Алдымен альбом ғып шығарамын. Халықтың игілігіне жұмсалсын. Содан кейін…» дедім. Оюлары бір-біріне ұқсамайды. Әрқайсысында өзінің қолының ізі тұр.
Өткендерді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап, тезге салып, көп ойланам.
Ой түбіне жете алмай, титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям, – деп Бауыржан аталарың өз қолымен, төте жазумен жазған. [11]
Батыр бабамыз жазушы, ақын, суретші ғана емес, сонымен қатар шешен, ғалым адам еді. Бұған Баукеңнің әскери академиядағы шәкірттерінің сөздері, белгілі жазушылардың пікірі дәлел.
Генерал-полковник Голушко өзінің «Тыл Солдаттары» аты кітабында былай деп жазады «...Біз Момышұлы лекциясын үнемі қызығып күтетінбіз. Кез келген материалды ол тапқыр баяндайтын, конспектіден гөрі көбіне схемаға жүгінетін және әрбәр тезисті ұрыс тәжірибесінің өнегелі мысалдарымен нығайтатын. Тактиканың күрделі мәселелерін ажырата отырып бізді ойлаудың дербестігіне жан-тәнімен үйрететін» [11]
«...осы орайда Фотиновтың тағы бір сөзі есіме келіп отыр. Момышұлы әскери тактика жөнінде – 7, статегия жөнінде – 8 ғылыми еңбегі бар.»[12]
«Бізге Баукеңнің шәкірттері – әскери ғылым докторлары, профессор генералдар, әскери ғылым кондидаттары – доценттер дәрс оқыды. Кейбірі декан, кафедра меңгерушісі боп істейтін.олардың біразы әлі бар. Академия бастығы генерал-полковник Ермаков бала кезінде Тараз қаласында тұрған. ...
...Ұзақ жыл кафедра басқарған әскери ғылым кондидаты, доцент, генерал – майор Марченко, Совет Одағы Қорғаныс Министрлігі азық түлік басқармасының бастығы, генрал-полковник Иван Данилович Исаенко, әскери ғылым кондидаты, доцент Сергей Яковлевич Ракитянский, полковник Семенов. Тағы үш-төрт генерал оқытушымыздың аты-жөндерін құмытып қалдым.[13]
Ғабит Мүсірепов кезінде «Бауыржан – жұрт айтса болды, көп айтса көндінің» адамы емес,творчестволық ойдың , адал сенімнің, ар-ұят, намыстың адамы еді. Ол ел билеуге әбден жарайтын, елші болуға жарамайтын, турашыл жан еді.[14]
Белгілі жазушы Дидахмет Ахметжанов: «Баукеңнің рухы мемлекетіміздің идеологиясы болуы тиіс», ... Әскери академияның түлегі, полковник, Ресей ғылып академиясының корреспондент-мүшесі Ким Серікбайұлы Серікбаев, Халық Қаһарманы, генрал-лейтенант Бақытжан Ертаев өздерінің пірі деп санайды.»
Бұның бәрі Бауыржан атамызбен тілдес болған адамдардың сөздері. Осы сөздерден біз батыр бабамыздың сегіз қырлы бір сырлы адам болғанын, болашақ генералдарды дайындаған білікті ұстаз болғанын, нағыз халық қамқоршысы болғанын біуге болады.
1.4. Бауыржан Момышұлы «Халық қаһарманы» атағын алмаған
Қазір еліміздегі адамдардың басым көпшілігі Бауыржан атамыздың «Халық қаһарманы» атағын алды деген қауесет тарап кетті. Бұл ақпарат халқымызды әлі улап келе жатыр. Бірақ атамыздың бұл атақты алмағаны жайлы Балжан Мұратқызы өзінің Баукеңнің келінімен сұхбаты кезінде айтқан.
«Көп жер атаның жазған кітаптарын қате жазып жүр. Мысалы, 2008 жылы «Өнер» баспасынан 15 том кітабы шықты. Сол кітаптың артына шыққан ақпарат түгел өтірік. Ал 2010 жылы шыққан кітабының артына дұрыс ақпаратты өзім бердім. Өкінішке қарай, қате ақпаратпен шыққан кітапты олар әлі сатып жатыр. «2005 жылы Халық қаһарманы атағын алды» деп энциклопедияға жазып жіберіпті. Бұл ұят қой. Әлі күнге дейін ондай атақты алған жоқ. Энциклопедиядағыны бәрі көшіріп алып, бере салады. Мысалы, Рақымжан аға Қошқарбаевқа Халық қаһарманы атағы қайтыс болғаннан кейін берілді. Сонда әйеліне тапсырды. Ал атаға Батыр атағы берілгенде, «Алтын жұлдыз» бен Ленин орденін Президент Бақытжанға тапсырды. Егер Халық қаһарманы атағын алған болса оны да Бақытжанға тапсырар еді.» [15]
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Бауыржан Момышұлының ерлік істері
2.1 Батальон командирі Бауыржан Момышұлының ерлік істері
Бауыржан Момышұлы – Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. [2]
1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Дәлел ретінде генерал Серебряковтың мәлімдемесін келтіріледі.
2.2 Генерал Серебряковтың мәлімдемесі.
Бауыржан Момышұлы – ботальон командирі болған кезінде, дивизия штабының бастығы, дивизия командирі полковник Серебряков былай деген еді: “Бауыржан Момышұлы аға лейтенант кезінде 19-шы гвардиялық атқыштар полкының батальон командирі болып тағайындалды. Батальон командирі кезінде ол Москва түбіндегі 1941 жылғы маневрлі қорғаныс ұрыстарына 27 рет қатысты. Генерал-майор Панфиловтың жау қоршауында қалып орындауға жүктеген арнаулы тапсырмасын іске асыру мақсатымен 5 рет дивизиядан бөлініп дұшпан әскерінің сыртында қалды. Арнаулы тапсырманы орындағаннан кейін ол өз батальонымен қарамағына берілген басқа бөлімшелерді қоршаудан ойдағыдай алып шығып, адамдар мен техниканы аман сақтап қалды. Атап айтқанда:
1) 1941 жылы 26. х-де Момышұлы жолдас, батальон командирі кезінде, оң жақ рубежде болған табан тірескен ұрыстардан кейін қоршаудан шығып,
Волоколамск қаласына 690 адамды, 18 артиллерия жегінін, 30 пәуескені аман-есен алып келді. Сөйтіп, 35 километрге созылған аралық рубежде ұйымдасқан түрде ұрыс жүргізе отырып, жау қоршауын бұзып өтіп дивизияға кеп қосылды.
Бұл күндерде оның Сафатова, Миловани, Рюховское және Спас-Рюхевское аудандарында жүргізген ұрыстарының дивизия үшін ерекше маңызы болды. Бұл ұрыстарда батальон Волоколамскіге шабуыл жасап келе жатқан жау колоннасының ту сыртынан тиісіп, олардың ілгері басқан аяғын кері кетірді. Сөйтіп дұшпанның Валоколамск бағытындағы басты күшін 2 тәулік бөгеп, дивизияның жау өкшелеп келе жатқан негізгі күшінің одан сытылып шығуына және уақытты ұтуына мүмкіндік туғызды. 1941 жылы 27. Х-ден 1941 жылғы 15.ХІ-ге дейінгі Волоколамск қаласы үшін болған ұрыстарда Момышұлының баталъоны неміс басқыншыларын талқандауда өзінің әр алуан қимылымен бірнеше рет көзге түсті.
1941 жылғы 16. Х-ден 1941 жылғы 15. XI-ге дейінгі барлық ерліктері үшін генерал Панфнилов 1941 жылы 7 ноябрьде аға лейтенант Момышұлын үкімет наградасына – Ленин орденіне ұсынған еді. Сол награда қағазының тағдыры осы күнге дейін мәлімсіз боп кеттіде, Момышұлы жолдастың ересен ерлігі атаусыз қалды.
2)1941 жылғы 16. ХІ-ден 1941 жылғы 20. ХІ-ге дейін Момышұлының баталъоны Волоколамск тас жолының бойындағы Горюны деревнясы ауданында, Матренино темір жол станциясында тағы да жау әскерінің қоршауында қалын, қиян-кескі ұрыс жүргізді. Дұшпанның Москваға шабуыл жасап бара жатқан басты күшін қақ ортасынан бөліп тастады. Осы жағдайды пайдаланып дивизияның бөлімдері келесі рубежге сырғып барып бекініп алды. Момышұлы батальонының бұл қимылы тағы да дивизияның негізгі күшін шабуылдан келе жатқан дұшпанның соққысынан аман сақтап қалды. Осы ұрыстарда батальон 600-дей гитлершілдерді жер жастандырды, жаудың 6 танкін жойды. Сонымен қатар 6 станокті пулемет, 12 қол пулеметі, 8 радиостанция, документ тола 2 штаб машинасын қолға түсірді. Олардың ішінде Волоколамск тобының басты күштерін ашып беретін «Өте құпия» деген документтер де көп.
Жау тылында дұшпанмен әлденеше рет шайқас жүргізіп, 1941 жылы 20. ХІ-де батальон қоршауды бұзып шығып, тағы да өз полкына келіп қосылды. Бұл жолы Момышұлы өзімен бірге 350 адам, 2 зеңбірек, 16 пәуеске, 4 станокты пулемет алып шықты. Сөйтіп батальон дивизияның жауынгер бөлшегі болып, қайтадан сапқа тұрды.
3) Лопастино - он үй деревнясы ауданында 1941 жылы 25. ХІ-де Момышұлы бір ПТО, екі минамет, екі станокты пулеметпен қаруланған жарты взвод жауынгерлерді бастап дұшнан тұрағына түнде шабуыл жасап, 200 неміс солдатын жойды. Оның бұл ерлігі де ескерусіз қалды.
4) 1941 жылы 26. ХІ-ден 1941 жылғы 7. ХІІ-ге дейін аға лейтенант Момышұлы 1073-ші атқыштар полкының, қазіргі 19-шы гвардиялық атқыштар полкының командирі болды. Момышұлының басқаруымен бұл полк мынадай нәтижеге жетті:
а) Соколово деревнясы ауданында 1941 жылы 26-30 ноябрь аралығында
Момышұлының полкы төрт тәулік бойына табанды ұрыс жүргізіп, жау авиациясының төпелей бомбалауына қарамастан, дұшпанның төрт рет жасаған атакасын тойтарып тастады.
б) Крюково станциясы және елді пункті үшін болған ұрыстарда бұл полк дивизия жауынгерлік сапының қақ ортасында тұрып, 1941 жылғы 30 ноябрьден 7 декабрьге дейін дұшпанмен табан тірескен ұрыс жүргізді.
1941 жылы 5. ХІІ-де ұрыс үстінде Момышұлы жаралы болды. «Енді шегінерлік жер жоқ, полкта адам аз қалды, не көрсем де полкпен бірге көремін» деп ол ұрыс даласын тастап кетуден бас тартты, сөйтіп 1941 жылғы 7 декабрьге дейін полкты жаралы күйінде өзі басқарды.
Крюково үшін болған ұрыстарда дұшпанның бір полктай жаяу әскері, 18 танкі және көптеген техникасы жойылды. 1941 жылы 8 декабрьде полк дивизияның басқа бөлімдерімен бірге қарсы шабуылға көшті. Бұл жас офицердің осы ұрыстардағы ерлігі деелеусіз қалды.
в) 1942 жылдың қысқы шабуылында капитан Момышұлы жолдас бір жарым батальон атқыштарды өзі бастап «Қу бас», СС дивизиясына түнде батыл шабуыл жасады. Бұл ұрыста 1200 гитлершілдерді жойып, алты жолдың аузында тұрған Бородино, Барклавица, Трошково, Трохово, Конюшено, Вашково деревняларын басып алды. Сөйтіп, жаудың үш тәулік бойына Соколово деревнясын бермей жатқан Соколов тобына жаңа күш, қару-жарақ жіберу мүмкіндігін жойып, 1942 жылы 6 февральда дивизияның өз міндетін орындау үшін алға басуына мүмкіндік туғызды.
1942 жылы 8 февральда полктан қара үзіп қалған барлаушылар взводын іздеп келген Момышұлы бұл Шелудьково ауданында дұшпанның кейін шегініп бара жатқан 600-дей адамы, 8 танкісі бар колоннасына тап болды. Момышұлының басшылығымен взвод тұтқиылдан шабуыл жасап, немістердің 200-дей солдатын жойды, маңызды оперативтік документтерін қолға түсірді.
5) 1942 жылы 27. ІІ-дан 13. V-ға дейін қолайсыз жағдайда, орманды-батпақты жерде, Дубровка - Кобляки деревнялары ауданында үлкен кеңістікте қорғаныс шебін ұстап тұрған Момышұлының полкы немістердің 1, 4, 5 авиа-жаяу әскер полктарының отты қапшығының ішінде тұрып, жаудың жүздеген атакасын тойтарды. Дұшпанға бір адым да жер берместен, оны қатты қырғынға ұшыратты.
Момышұлының жоғарыда аталған жауынгерлік еңбектерін ескере отырып, мен 1942 жылы августа оган Совет Одағының Батыры атағына награда қағазын толтырып берген едім. Одан да күні бүгінге дейін ешбір хабар-ошар болмай кетті. Момышұлының Отан үшін еткен ерліктері тек бұл айтылғандар ғана емес. Мен солардың тек басты-бастыларын ғана қағазға түсіре отырып сіздерден осыны негізге алып, ССР Одағы ордендерінің статуттарына сәйкес, Момышұлы жолдасты өздеріңіз лайықты деп тапқан наградамен атап өтуді өтінемін. Азаматтық, әділдік парызы менен сіздерге осы ақиқатты айтып жеткізуді талап етіп отыр.
Гвардия полковнигі Момышұлы 1910 жылы туған, ұлты қазақ, 1942 жылдан ВКП(б) мүшесі. Отан соғысына 1941 жылдың сентябрінен бері қатысып келеді. Қызыл Армияда - 1936 жылдан қызмет етеді. 1941 жылы 5. ХІI де Крюково ауданында ауыр жарақаттанды. Оның қазіргі тұрағы: Москва қаласы, Кропаткин көшесі, 19, Қызыл Армия Бас Штабының Ворошилов атындағы академиясы. 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының бұрынғы командирі, гвардия полковнигі. Серебряков. [3]
8-ші гвардиялық дивизияның кадрлар бөлімінің бастығы, гвардия майоры Кондрашев.
Серебряков пен Кондрашев жолдастардың қолын куәландырушы
Қазақ ССР-інің Москвадағы тұрақты өкілінің орынбасары
Айтқұлов. 17 июль 1944 жыл ”.
2.3. Москва майданындағы ерліктерінің бірі
Бауыржан Момышұлы 8-гвардиялы дивизиясының командирі Чистяковтың бұйрығымен 1942 жылдың қысында Трошково деревнясын таң атқанша басып алып, әрі қарай қорғауға бұйрық алды. Бұл кездері Бауыржан Момышұлы 1075 ші атқыштар полкінің командирінің орынбасары еді (1075 ші полкінің командирі полковник Капров сол уақытта ауырып жатқанына байланысты Б.Момышұлы полк командирінің қызметін атқарды). Сол маңайға келіп орналаса бергенде, барлаушы взводының мәлімдемесі бойынша, Трошкова деревнясының жанында тағы 5 деревня бар еді. Бауыржан атаның ендігі міндеті барлық деревняны бірден басып алу. Ол кезде полк құрамында 2 батальондай жауынгер бар еді, артиллерия артта кешігіп келе жатқан еді. Таңғы сағат 4:00 де шабуыл басталды. Шабуыл таң атқанша тоқтады. Полк шығыны – 92 адам, гитлершілерден 1200 адам. Таң атқан соң немістердің шабуылы басталды. Сол күні полк немістердің 6 шабуылына тойтарыс берді, Мәлік Ғабдулин пен Төлеген Тоқтаров ерекше көзге түскен еді. Келесі күні есіл ер Төлеген Тоқтаров опат болды. Бауыржан Момышұлы Мәлік Ғабдулинді, Төлеген Тоқтаровты – Кеңес Одағының батыры атағына ұсынды. Егер де Бауыржан Момышұлының орнында басқа адам болса, қазір біз сол асыл ерлеріміздің ерлігін әлі күнге дейін білмес едік, Т. Тоқтаров пен М. Ғабдулин Кеңес Одағының батыры атанбас еді.
Кейін Мәскеуден немістерді кейін ысырғаннан соң 1943 жылдың аяғында Б. Момышұлы елге 2 айға демалысқа шықты. 1944 жылдың аяғына қарай, Ворошилов академиясында жеделтілген курсты бітірді 1944 жылдың аяғынан бастап, Маршал Жуковтың, фронт командирі Баграмянның батасын алып, 9-шы гвардиялық дивизиясының командирі болып тағайындалды. Курляндия даласында дивизия 25 күннің ішінде 27 шақырымға ілгері жылжыды, 30 ға тарта деревня азат етілді. Бұл сол жағдайда ерекше ерлік іс еді.
Қорыта айтқанда, соғыстағы ерекше ерлігін растайтын деректер оның сол кезеңде ең жоғарғы марапат Кеңес Одағының батыры атағына лайықты болғандығын дәлелдейді. Бұл атақты алуына кедергі болған жағдайларға қарамастан халық та, әскери қызметтестері, қарапайым жауынгерлер оны әрдайым қаһарман батыр ретінде бағалады. Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту Ордені (2 рет)», «Ленин Ордені» мен «Отан Соғысының Ордені», «Әскери шайқастағы еңбегі үшін» , «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Туы» «Халықтар достығы», «Германияны жеңгені үшін» наградалары бар.
III. Батыр бабамыздың қазақ халқының тектілігін сақтаудағы үлесі.
3.1 Бауыржан Момышұлының шығармалары
“Аңыз бен ақиқат” сынды атақты кітап жазған, көрнекті жазушы Әзілхан Нұршайықов Бауыржан Момышұлының жазушылығын жоғары бағалады. “Москва үшін шайқас” атты ғажап психологиялық әскери романның авторы болды. “Ұшқан ұя” деген этнографиялық роман жазды. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Басқа да толып жатқан әскери эсселердің, әңгімелердің авторы. Бұдан кейін Баукеңді әскери ТАРИХШЫ деп атауға да болады. Оның үстіне Баукеңді ФОЛЬКЛОР БІЛГІРІ деп және атау орынды. Фольклор білгірі болғандықтан, ол өзінің тамаша мақал-мәтелдерін шығарды. Ең соңында Баукең ҚАЗАҚ ӘСКЕРИ ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ болды. Мемлекет болғаннан кейін әскери әдебиет керек. Әскери әдебиет – патриотизмнің мәйегі», - дейді жазушы [5]
Жалпы Бауыржан Момышұлы 270 ке тарта мақалалар авторы, 20 ға жуық өлеңдердің, әңгімелердің авторы, төменде берілген мына кітаптардың авторы:
Алғашқы кітабы “История одной ночи” көп қиындық көріп жарыққа шықты. Бұл кітап 4 жаман рецензия алды, тек Калинин қаласының типография басшысы ауысқан соң жақсы рецензия алып тиражы 40 000 данамен басылып шығарылды. “Наша семья” романын 1947 жылы Калинин қаласында 15 күн ішінде жазып бітірді. Осы, және басқа еңбектері үшін Бауыржан Момышұлы 1971 жылы “Еңбек Қызыл Ту” орденімен марапатталды. Ал “Москва үшін шайқас” атты кітабын: өзбек, украин, неміс тілдеріне аударып, сол елдерде әскери оқу рындарында оқытты. Қазіргі таңда бұл шығарма Қазақстанның әскери даярлау оқу орныдарында оқытылып жатқандығы жайлы мәлім.
3.3 “Ұшқан ұя” романының қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтаудағы үлесі
1947 жылы Бауыржан Момышұлы “Наша семья” атты шығармасын 15 күн ішінде жазып бітіреді. Осы шығарман Алматы қаласында 40 000 дана тиражымен басып шығарылады. Осы шығарма туралы Әзілхан Нұршайықов Бауыржан Момышұлымен алғашқы кездесулерінде былай дейді:
“Бауке, мен сіздің «Біздің семья» деген кітабынызды оқып шықтым. Бұрын оқи алған жоқ едім, таяуда окыдым. Бұл кітабыңызды да қатты ұнатып, сүйсініп тауыстым. Онда сіз халқымыздың үлкенді сыйлау, ананы ардақтау сияқты асыл қасиеттерін көрсетіпсіз. - Бауыржан үндемеді. - Онда сіз халқымыздың ар мен намыс үшін жандарын да аямайтындығын жазыпсыз. Онда сіз халқымыздың ауыз әдебиетінің адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелейтін жақсы үлгілерін бүкіл дүние жүзі әдебиетінің асыл мұраларымен теңестіре суреттепсіз. - Бауыржан басын көтеріп, журнал үстелінің шетіндегі «Қазақстан» сигаретінен біреуін алып, ұзын ақ мүштікке сұқты да, сіріңке шақты - Онда сіз Аққұл сияқты ат пірінің, Зейнеп сияқты асыл әйелдің, Садық Абланов сияқты адал жүрек большевиктің жан тебірентер жақсы бейнелерін жасапсыз. Мен, кітабыңызды оқи отырып, сіздің ауылдың адамдарын шетінен жақсы көрдім. Бауыржан есімді кішкентай ұлын орыс мектебіне оқуға жібергелі жатып: «Балам, орыс тілін үйренсең бар халықпен байланысты боласың. Онда сені ешкім - орыс та, қазақта жәбірлей алмайды» дейтін Момыш атам қандай тамаша!” деген еді. Бұл шығармада қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы ақпараттар қызықты әңгіме түрінде жазылған еді. [7].
Қазіргі таңда көп адам біле бермейтін салт-дәстүрлер, тағам аттары кездеседі. Кейін 1978 жылы бұл шығарма қазақ тілінде басылып шығарылады. Осы шығарма Қазақстанда жоғары бағаланады. Қазіргі таңда бұл шығармадан үзінді әңгімелер орта буын сыныптарында оқытылып жатыр.
Ал 1976 жылы Бауыржан Момышұлы осы шығарма үшін «Еңбек қызыл ту» орденімен марапатталады.
3.4. Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері халық арасында кең тараған. Олардың көпшілігі елжандылық, батырлық, ерлік,ана тілі, жастық, тәртіп туралы.
Опасызда Отан жоқ, Тәртіпке бас иген құл болмайды! | |
Отаның үшін отқа түс күймейсің. Тәрбиелі - тәртіптің құлы, Қарабет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық. Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады. Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес. Көкпар, бәйге, аударыспақ – батылдыққа, ептілікке баулитын, бұлшық етті шынықтыратын, құмарлықты оятар, есеппен тәуекелге бел байлауға, тіпті өзінің ары мен тағы үшін өлімге бас тігуге дейін баратын дәстүрлі спорттық ойындар. Бұл ойындардың игілікті екендігіне ешқандай күдік болмауға тиіс. Шын дос сыртыңнан мақтайды, сайқал ғана бетіңе қарап қылмыңдайды. Сауатсыз жазушының кейіпкері надан болып шығады. Мақал, мәтел – өмір тәжірибесі. Жас адамға жүрек – би. Қарт адам – ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты. [8].
3.5. Бауыржан Момышұлының халық батырлары жайлы ел арасындағы үгіті Бауыржан Момышұлы шығармаларын жазып, нақыл сөздерін айтып қана қоймай, сондай ақ репрессия жылдары жазықсыздан жазықсыз атылып кеткен ұлт көсемдерінің игі істері жайлы, шындықты айтқаны үшін қудаланған, немесе халқына көмек көрсетіп, алайда лаықты бағаланбаған адамдар жайлы арасында айтып, оларды ақтап жүрген екен. Бұған Мамытбек Қалдыбай ағамыздың мақалалары дәдел. «Әбу Сәрсенбаевтың 70 жылдығында Баукеңмен Қазақстан КПОК мәдениет бөлімінің меңгерушісі кездесіп қалады. Сонда Бауыржан атамыз
Қонаққа барғанда, не жекеленген кездесулерде Ахметтің, Міржақыптың, Мағжанның өлеңдерін жатқа айтып, Совет үкіметінің жауларын ел арасына насихаттайды деп кіналайды.» [16] «…Зейнетке шығып Москвадан қайтып келгенімде «бүгінгі Бөкейханов келді» деп Орталық комитетке арыз жазған». [16] « ...Марқұм Мұхаң, Мұхтар Әуезов серкелік істеді, өкініштісі, кезінде мойындаған жоқпыз. Бұрын бізде серкелер көп болатын. Мысалы, Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Тұрар Рұсқылов, қос Досмұхамбетов, Сұлтанбек Қожанов, Мұамеджан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Жамбыл, Смағұл Сәдуақасов, Ұзақпай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шәкәрім нағыз серкелер еді. Кейінгі кезде ауызымызға түскеніміз Қасым Аманжолов. » [17] 3.6. Батырдың тіл туралы сөздері. Баукең кеңес үкіметі тұсында тілдің шұбарлануы жайлы мәселені қозғап, сол мәселені қалай шешу керектігі жайлы өз ойларын айтқан. Осы шешімдерінің көпшілігін қазір біз қолданудамыз.
Қазақ тілі туралы үкімет – партия қаулысы шығып, қазақ тілін мемлекеттік тіл ету заңды қажет екені даусыз болғандықтан, осы күнге дейінгі бұрмалап, бұзып келген мінезге, беталысқа бұдан былай жол беру – қазақ тілін архивке тапсыру болып шықпай ма? Мен әскери адаммын, тіл мәселесі туралы араласарлық жөнім жоқ сияқты, бірақ та айтылған мәселелер халқымыздың жауынгерлік мінез-құлқын тәрбиелеу салт-сана, ел намысы, ер намысы, адамгершілік арына, жауынгерлік мұра дәстүріне ерекше байланысты болғандықтан, көріп біліп, сезе тұра, айтпағанымды өзіме ар, кешпес күнә деп түсінгендігімнен жазып отырмын. Қорыта айтқанда, Б.Момышұлы әдебиет саласында да із қалдырған, әскери тақырыптарға білім мен тәрбиелік маңызды еңбектер жазған тұлға, жазушы. Баукеңнің нақыл сөздері, соғыс тактикасы туралы еңбектері қанша уақыт өтсе де құндылығын жоймайды. |
IV. Бауыржан Момышұлына халық құрметі
Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп
Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің алдындағы бюст
Жеңіс саябағы
Жеңіс саябағындағы стелла
Бауыржан Момышұлы ауылдық округі (Жамбыл облысы)
№45 қазақ классикалық гимназиясына Бауыржан Момышұлының есімі берілген және мектептің алдында Бауыржан Момышұлының бюсті орналастырылған.
2010 жылы қыркүйектің 14-і күні Алматыда «Қазақтың Бауыржаны» атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. Фильмді үкімет тапсырысымен Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірді .
2010 жылы желтоқсанның 10-ы күні Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында совет-герман соғысының қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына тұрғызылған ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды Жалпы биіктігі 6 метрлік ескерткіштің тұғыры граниттен, ал батырдың мүсіні қоладан құйылған..
2010 жылы Республика бойынша Бауыржан Момышұлының 100-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
2010 жылы қыркүйек айында Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.
2010 жылы 10 желтоқсан күні Алматы қаласында Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш ашылды.
4.2.Қаһарман ер туралы түсірілген фильмдер мен әдеби шығармалар
1967-жылы «За нами Москва», Режисеері: Мәжит Бегалин, Бауыржан Момышұлын сомдаған: Кәукен Кенжетаев
2010-жылы - Қазақтың Бауыржаны (Деректі фильм) Қазақфильм. Қалила Нематұлы Омаров.
2013-жылы - Бауыржан Момышұлы (телесериал) түсірілді. Режиссері: Ақан Сатаев.
Б.Момышұлына арнап талай ақындар, жазушылар өз шығармаларын жазғаны да белгілі.
Ақиқат пен аңыз - авторы Әзілхан Нұршайықов
Волоколамск тас жолы - авторы Александр Бек
Восхождение к отцу - авторы Бақытжан Момышұлы
Во имя отца - авторы Бақытжан Момышұлы
Сыновья великого волка- авторы Бақытжан Момышұлы
Шуақты күндер - авторы Зейнеп Ахметова және көптеген өлеңж—жырлар бар[9].
4.3. Наградалары
Соғыс кезінде:
Соғыстан кейін:
Қорытынды
Зерттеу мақсатымды дәлелдеу бойынша жасаған талдау қорытындылары:
№ | талаптары | нәтижесі | танымалдығы, құрметтелуі, халық жадында сақталуы |
1 | Ұлы Отан соғысындағы ерліктері | 207 рет ұрысқа кіріп, 5 рет қоршауды бұзып шыққан. | Ескерткіштері Алматы, Астана, Тараз қаласында бар. Бірнеше мектептерге аты берілді. |
2 | Соғысу және әскери тәсілдері бойынша жаңалықтары | 1.Қоршауды бұзып шығу тактикасы 2.“Серіппе” тактикасы 3. Шырт ұйқыда жатқан жауды аз күшпен, топ-топқа бөліп жаулап алу. 4. Қақаған аязды пайдаланып, жауға деревняны беріп, сосын тосыннан қайта шабуыл жасау. | Израиль, Куба т.б. бірнеше елдерде әскери құрал ретінде оқытылады. Қазақстанда да «Соғыс психологиясы» еңбегі, нақыл сөздері әскери оқу орындарында оқу құралдары қатарында қолданылады. |
3 | Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауы | «Ұшқан ұя» кітабында қыз ұзату, жасау дайындау, құда түсу т.б. ұлттық дәстүрлерді, қолөнерді өте шебер суреттейді | Орта буын сыныптарында осы кітаптан әдебиет пәнінде үзінділері қолданылады |
4 | Ерлік, достық, елжандылық туралы әдеби шығармаларды жазуы | Москва үшін шайқас, Біздің генерал “Куба әсерлері” т.б. шығармалары, жастарды ерлікке баулиды, халықтар арасындағы достықты нығайтады. | Бірнеше тілдерге аударылып, шетелдерде де танымал болды |
5 | Аузынан шыққан қанатты сөздерінің отаншыл болуға бағыттауы | Көптеген нақыл сөздері қазақ халқының мақал-мәтелдері жинағына енді. | Қазіргі таңда әрбір баладан Отан туралы мақал сұрасаң, бірден: “Отан үшін отқа түс - күймейсің”,- дейді. Бұл Бауыржан Момышұлының нақыл сөзі. |
Сонымен, Б.Момышұлы қандай адам болған?
Ол - шыншыл, соғыста қатаң әскери тәртіпті қолдайтын, жауынгерге әкесіндей қамқор, сөзге шешен, әділетті, соғыс өнерінің шебері, елжанды тұлға.
Бауыржан атамыздың портретіне қосымша мәліметтер, оның құралайды көзге атқан мергендігі; спорттан, әсіресе турникке тартылудан алдына жан салмағандығы; ат құлағында ойнайтын шабандоз және ат сыны білетін атбегі болғандығы; кітабы әлемге таралған жазушы, шығармаларын екі тілде – орыс, қазақ тілдерінде жазғандығы, ақындық, суретшілік өнері де болуы, бильярд ойынында жеңіліп көрмеген шебер ойыншы, сөзге шешен, тапқырлығы – Б.Момышұлының ерекше дарынды, дана тұлға болғандығын көрсетеді.
Зерттеу жоба нәтижесінде біз мынадай ұсыныстар енгіздік:
Біріншіден, Бауыржан Момышұлы жайлы талай фильмдер түсірілсе де, барлығы соғыс уақытындағы ерліктері жайлы ғана, балалық шағы жайлы ешбір фильм түсірілмеген. Қазіргі таңда кітап оқитын жастар азайғандықтан, “Ұшқан ұя” кітабының желісі бойынша жақсы сапалы фильм болса оның ықпалы күшті болар еді. Сондықтан балалық шағы бойынша көркем фильм түсіруді ұсынамыз.
Екіншіден, Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында, КСРО кезінде ерліктері еленбеген, ер-азаматтарымызды марапаттауды, оның ішінде Бауыржан Момышұлын, Қазақстан Республикасының ең жоғарғы марапаты “Халық қаһарманы” атағымен марапаттауды ұсынамыз.
Үшіншіден, қаламыздың бір көшесіне Бауыржан атамыздың атын қоюды ұсынамыз.
Төртіншіден, Ресейдегі қасиетті Георгий, Суворов, Кутузов ордендері сияқты Бауыржан Момышұлы атындағы әскери марапат орден немесе медаль шығарып, ерен ерлік жасағандарды марапаттауды ұсынамыз.
Бауыржан Момышұлы соғыстың қиындықтарына қарамастан күнделік жүргізіп, өзінің қанды көйлек жолдастарының ерліктерін халыққа жеткізгісі келген. Еш уақытта да атақ-даңқ қумай, қандай жағдай болмасын тек шындықты айтатын азамат болып қалған. Ел басына күн туғанда аянбай соғысқан, халқы үшін барын аямаған азаматымыз ең жоғарғы атаққа лайықты. Менің ойымша, Бауыржан Момышұлы - патриоттық символы.
Қолданылған әдебиеттер:
[1]. Мамытбек ҚАЛДЫБАЙҰЛЫ: БІЗДІҢ ҚОҒАМ БАТЫРДЫ ҚАДІРЛЕЙ АЛМАДЫ. "Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ" журналы №9 2010 жыл http://anyzadam.kz/archives/?ELEMENT_ID=128
[3]. http://aldiyar.kz/attachments/1093_Akikat%20pen%20anyz.pdf
“Ақиқат пен аңыз” кітабы Әзілхан Нұршайықов 2004 жылы басылған “Атамұра” баспасы.
[4]. Бауыржан Момыш-улы - настоящая легенда... https://vk.com/b.momyshuly
[7]. Бауыржан Момышұлы Ұшқан ұя 1960-1990 жылдардағы әдебиет
http://kitap.kz/book/1088-ushqan_uya/1088-ushqan
[9]. http://ru.wikipedia.org/wiki/Бауыржан_Момышұлы
[10]. http://kk.wikipedia.org/wiki/Бауыржан_Момышұлы
[11].Қосаева Н.К., Момышулы Бауыржан (1910-1982)-Тарихи тұлғалар, http://doc.nlrk.kz/result/ebook_323/index.html#ps
[12].Қосаева Н.К., Момышулы Бауыржан (1910-1982)-Тарихи тұлғалар, Қалаубек Тұрсынқұлов «Айтпасам Баукеңнің әруағы кеше ме?», http://doc.nlrk.kz/result/ebook_323/index.html#ps
[13].Қосаева Н.К., Момышулы Бауыржан (1910-1982)-Тарихи тұлғалар,Мамытбек Қалдыбай «Ел болып ескерсек...» http://doc.nlrk.kz/result/ebook_323/index.html#ps
[14].Қосаева Н.К., Момышулы Бауыржан (1910-1982)-Тарихи тұлғалар,Мамытбек Қалдыбай «Бауыржан Момышұлы – ойшыл» http://doc.nlrk.kz/result/ebook_323/index.html#ps
[15] Балжан Мұратқызы, «Мәлім де беймәлім Бауыржан Момышұлы» http://zhasorken.kz/?p=9080
[16] .Қосаева Н.К., Момышулы Бауыржан (1910-1982)-Тарихи тұлғалар, Мамытбек Қалдыбай «Бауыржан Момышұлы - ойшыл» http://doc.nlrk.kz/result/ebook_323/index.html#ps
[17].Қосаева Н.К., Момышулы Бауыржан (1910-1982)-Тарихи тұлғалар,Мамытбе Қалдыбай «Серке» http://doc.nlrk.kz/result/ebook_323/index.html#ps