ОЛИМПИАДА 4-КЕЗЕҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ:

Qalan.kz математикалық интерактивті порталдың осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Олимпиада);

  • Олимпиаданың басталуына дейін барлық шақырылған Қатысушылар олимпиада өтетін жерде тіркеу рәсімінен өту керек;
  • Тіркеу рәсімінен өтпеген қатысушылар Олимпиадаға қатыса алмайды; 
  • Тіркеу кезінде қатысушының өзімен бірге жеке куәлігі (туу туралы куәлігі) болуы керек. Жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда Қатысушыға олимпиадаға қатысуға рұқсат етілмейді; 
  • 04.11.2023 сағ 10.00-де уақытылы осы мекен-жайға келуі: Манас көшесі, 34/1 (Халықаралық IT университеті);
  • Мектеп формасында келуі;

ТАПСЫРМАЛАР ФОРМАТЫ:

  • Олимпиада тапсырмалары әр сыныптың оқыту бағдарламасына сәйкес беріледі және қазақ тілінде өтеді;
  • Олимпиада тапсырмаларын қағаз түрінде орындайды;

2 – 5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН:

Олимпиада есептері 3 бөлімнен тұрады.

І БӨЛІМ

ІІ БӨЛІМ

ІІІ БӨЛІМ

8 есептен тұрады;

Әр есеп 3 баллға

бағаланады;

8 есептен тұрады;

Әр есеп 5 баллға бағаланады;

8 есептен тұрады;

Әр есеп 7 баллға бағаланады;

Әр бөлімде тест сұрақтары және ашық сұрақтар болады!

Тест сұрағында тек 1 дұрыс жауап болуы мүмкін.

Ашық сұрақ үшін есептің жауабын ғана жазу жеткілікті.

Жалпы балл саны - 120;

Берілетін уақыт - 90 минут;

6 – 8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН:

Олимпиада 7 есептен тұрады.

Әр есеп 7 баллға бағаланады!

Оқушы әр есептің толық шешімін келтіруі керек!

Жалпы балл саны - 49;

Берілетін уақыт - 90 минут;

ОЛИМПИАДА ТАПСЫРМАЛАРЫН ШЕШУ БАРЫСЫНДА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

  • ұялы телефондар, смартфондар, ноутбуктер, ақпарат тасымалдағыштар және т. б. қолдануға;
  •  аудиторияның кезекші оқытушысының және олимпиаданы ұйымдастыру комитеті өкілдерінің қолынан алған заттардан басқа заттарды беруге (алуға);  
  • бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, аудиторияда еркін жүруге; 

Егер қатысушы аудиториядан дәлелді себептермен уақытша шығып кетуі қажет болса, оған кезекшілердің бірі ілесіп жүреді.

ОЛИМПИАДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ:

Олимпиаданың қазылар алқасы төраға, хатшы және қазылар алқасы мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының құрамы Олимпиадаға қызмет көрсету шартына сәйкес компанияның бұйрығымен бекітіледі.

Олимпиаданың қазылар алқасы:

  •  тапсырманы тексеру және жұмыс нәтижелерін бағалау үшін бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді;
  • жұмыстарды тексереді және бағалайды, тексерілген жұмыстардың қорытындысын ұйымдастыру комитетіне береді;
  • қатысушылардың жұмысын бағалаудағы қарама-қайшы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
  •  жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін анықтайды және бекітеді;
  •  ұйымдастыру комитетіне жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін бекітуге ұсынады;
  • оқушылардың жұмыстарын бағалаудың шынайылығын қамтамасыз етеді;