Сабақ жоспары

  Сабақ реті_4    _ Пәні        физика       _ Сынып      7      Күні__________

Сабақтың тақырыбы:

§ 7,8,9. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық терия.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты:          

Табиғатты зерттеудің кең тараған ғылыми әдістерімен таныстыру. Эсперименттік әдістің негізгі қызметімен таныстыру.                          

  1. Дамытушылық мақсаты:      

Зат құрылысының молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі қағидаларымен таныстыру.                              

  1. Тәрбиелік мақсаты:

Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:

Аралас, жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау, бақылау, сарамандақ, зертханалық, қорытындылау, тексеру және бағалау, бекіту, қайталау.

Сабақтың Әдіс-тӘсілдері: 

Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс, демонстрация, видео әдісімен, жаттығулар орындау, лаборатория, танымдық ойындар, сынақ жүргізу.

Сабақтың кӨрнекіліктері: 

Графопроектор, телевизор, видеомагнитафон, плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, слайд.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: 

Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. ДК. Білімді жан-жақты тексеру:

  1. Физика заңдары қалай ашылады?
  2. Физикалық теориялар қалай жасалады?
  3. Физикалық терминдер мен ұғымдар дегеніміз не?
  4. Қандай ұғымдарға түсінік бере аласыңдар?
  5. Физикалық денеге не жатады?
  6. Зат дегеніміз не?
  7. Материялық  не жатады?

ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға Әзірлік, мақсат қою.  

 Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерімен,  физикалық эксперимент пен теориясымен таныстыру.

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

 Бақылаулар мен тәжірибелер

Компас тілі әрқашанда солтүстікті көрсететінін; егер затты қолдан түсіріп алсақ, онда ол еденге құлайтынын, егер жалынға қол тигізетін болсақ, онда қолды қүйдіріп алатынын және т.б. әркім біледі. Мұны біз қайдан білеміз? Жалпы білім қайдан пайда болды? Олардың көпшілігіне адамдар өздерінің күнделікті бақылаулары арқылы қол жеткізді. Алайда физикада, кейбір басқа ғылымдардағыдай (мысалы, биология, химия), білімді тек бақылаулардан ғана емес, сондай ақ тәжірибелерден де алады. Тәжірибелердің (немесе эксперименттердің) қарапайым бақылаулардан ерекшелігі сонда, оларды белгілі бір мақсатпен, алдын ала ойланған жоспармен жүргізеді және тәжірибе жасау кезінде әдетте арнайы өлшеулерді орындайды.Мысалы, доптың құлап түсуін бақылай отырып, біз тек оның тік төмен құлайтынын ғана байқаймыз. Ал құлап түсу процесінде дене жылдамдығы қалай өзгеретінін зерттеп білу үшін арнайы тәжірибе қою керек. Италияндық ғалым Г. Галилей (1564—1642) денелердің еркін құлап түсуі қалай болатынын зерттеу үшін атақты еңкейіп тұрған мұнараға көтерілген және ол жерден әр түрлі шарларды тастаған деген аңыз бар (3-сурет). Олардың құлап түсуін бақылай отырып және сол кезде қажетті өлшеулерді орындай отырып (мысалы, дененің құлап түсу уақытын өлшей отырып) денелердің құлап түсу заңын тағайындаған. Сонымен, физикалық білімдердің көзі бақылау мен тәжірибелер болып саналады. Эксперимент физикалық құбылыстар мен ғылыми болжамдарды және терияларды тәжірибеде тексереді. Сонымен қатар ол жаңа физикалық заңдарды ашуда да кеңінен қолданылады. Оған физиканы оқу барысында көз жеткізуге болады Мысалы, осы оқулықта қарастырылатын Гук заңы? Архимед заңы және басқа да заңдар эксперимент жасау арқылы ашылған. Эксперимент-физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі. Табигат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін колдану аркылы жинакталады. Табигатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараган уш гылыми әдісті  атап кетуге болады. Олар: бакылау, эксперимент жене теориялык зерттеу әдістері..

Бакылаулар негізінен гылыми деректер жинактау ушін колданылады. Мысалы, аспан денелерін бакылаудың аркасында, олардың  козгалысы белгілі бір зандылықтарга багынатыны ашылды.

2.        Табигат кубылыстарынын зандылыктарын ашу үшін галымдар логикалық ой корыту амалдарын рет-реттімен пайдаланады.  Әуелі олар бакылау аркылы деректер жинайды. Жана деректерді бурыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп-салдарлык байланыстар бар ма? деген непізгі суракка жауап
іздейді. Егер кубылыстар арасындагы заңдылық олардың барлығына ортақ болса, он да оны
табигат заңы туршде сипаттайды. ЯСекелеген зандылыктар арасында жуйелЬ байланыстар табы-латын болса, онда оларды гылыми теорияга біріктіреді. Табигат кубылыстарының арасындагы байланыстарды ашуда мәселені проблема түрінде айкындаудың маңызы орасан зор. Галымдардың пайымдауынша, проблеманын дұрыс койылуы, оны шешуге кеткен жалпы еңбектің жартысына тен.

Жогарыда айтылган усыныстарды Гук заңын тагайындайтын эксперимент ушін қолданайық.

3. Эксперименттш жумыстың такырыбы: Гук зацын эксперименттш әдіспен тексеру.

Эксперименттің мақсаты. Серіппеге ілінген жүктердің әрекетінен оның созылуын анықтау.

Эксперименттің проблемасы. Серіппенің созылуы жене оған белгілі күштермен әрекет еткен жүктердің арасындагы заңдылық байланысын ашу.

Эксперимент сулбасы. Сулба 17, б-суреттепдей айкын сызылып, құрал-жабдықтардың әрқайсысы дәл көрсетілуі керек.

Эксперимент әдісі  және оны баяндау тәсілі. Жазбаша баяндауда эксперимент жүргізудегі әрбір қадам, жасалған жұмыс толық жазылуға тиіс. Басқаша айтқанда, жазбаша баяндауды оқи отырып, эксперименттен ешқандай хабары жоқ адам, сол эксперимент жасап шығатын болуы керек. Сөйтіп жазбаша баяндауда экспериментте не істелгені  және калай істелгені  рет-ретімен нақты сипатталады. Мысалы, Гук заңына байланысты эксперименттік әдісті оқушы былайша сипаттап жазуга тиіс.

VI. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру:

  1. Табиғатты зерттеудің кең тараған ғылыми әдістері қандай?
  2. Табиғат құбылыстарын зерттеп, ой қорытудың реті мен ерекшеліктері қандай?
  3. Болжам дегеніміз не?
  4. Табиғат құбылыстары жайлы білімді біз қандай жолдармен аламыз?
  5. Қандай ғылымдар тәжірибе көмегімен білім алады (дамиды) ?
  6. Қандай ғылымдар бақылаулар көмегімен білім алады (дамиды) ?
  7. Тәжірибенің бақылаудан айырмашылығы неде?
  8. Галилей нені зерттеді?

VII. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:

Эксперименттік жұмыстың тақырыбы: Гук заңын эксперименттік әдіспен тексеру.

     4 тапсырма 1, 2

VIII.ДК. Үй тапсырмасын беру: § 7, 8, 9 оқуға

IX. ДК. Баға қою.