Асқарова Нағима

Төртуылқызы

Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы

Арықты орта мектебінің

                                                                                              қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:  Зат есім.

       Мақсаты:

       А) Білімділік: Зат есімнен алған білімдерін кеңейтіп, сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету, теориялық білімдерін практикада қолдану машықтығын қалыптастыру.

       Ә) Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгертуге, жүйелі ойлау, ойын әсерлі жеткізуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау, сатылай кешенді талдау жасау арқылы зат есімнің түрленуінен алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыру, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдеру, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

        Б) Тәрбиелік: оқушылардың бойына ұлттық өнеге, шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, эстетикалық, өнегелік ортасын қалыптастыру.

    Сабақтың түрі: «Бәйге» ойын сабағы (топтық сайыс)

    Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, сынақ, миға шабуыл, шығармашылық жұмыс, тест сұрақтары.

     Сабақтың көрнекілігі: схема-таблицалар, қима қағаздар, фишкалар, тест сұрақтары, кестелер, кеспе карточкалар.

      Пәнаралық байланыс: әдебиет

     І. Ұйымдастыру кезеңі

     ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Қазақ тілінде қанша жалғау бар?
  2. Тәуелдік жалғауы дегеніміз не?
  3. Септік жалғауларын айтшы?
  4. «Дәрігер»,  «оқушы» сөздері қалай жіктеледі?

    «Бәйге»  ойыны. Өтілген сабақтарды еске түсіргеннен кейін оқушылар төрт топқа бөлініп, әр топқа: «Көптік»  тобы, «Септік»  тобы,  «Жіктік» тобы , «Тәуелдік»  тобы деген аттары жазылып қойылады.

        Ойынның шарты: бөлімдерден өтіп «Зат есімге» бірінші жету.

  1. Ой қозғау.    Сөз таптары:        

                                                                                             

2. Ой толғаныс.    Зат есім

                                  1.  сұрағы, дара (негізгі, туынды)

                                  2.  күрделі (біріккен, қосарлану, тіркесу)

                                  3.   жалқы, жалпы

                                  4.  деректі, дерексіз

                                  5.  жанды, жансыз

                                  6. Зат есімнің жалғаулары

3. Түртіп алу жүйесі.       Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын

                                                                          салыстыру.

  «Көптік»  ---- дара (негізгі, туынды)

                           күрделі (біріккен сөз, қос сөз, тіркескен сөз)

  «Cептік»  ----   жалқы, жалпы

  «Жіктік»   ----  деректі, дерексіз

  «Тәуелдік» ---- жанды, жансыз

Сатылай кешенді талдау жасау

1.   Құрамына қарай  бір, екі, үш құрамды

2.   Тұлғасына қарай  негізгі, туынды

3.   Құрылысына қарай  дара, күрделі

4.   Лексикалық мағынасы

5.   Грамматикалық мағынасы

6.   Сұрағы

7.   Мағыналық топтары

           а)   жалқы, жалпы

           ә)   деректі, дерексіз

           б)   нақты, нақты емес

4. Әрекет  (ойындар)

               Айнадан арба жасай аласыңдар ма? Мен жасай алам,-дейді Алмагүл. Сендер жасай аласыңдар ма, балалар? Ойлаңдаршы.

Нұсқау. Ортаңғы әріптерін өзгертіп жазыңдар. Сонда неше зат есім шығады? (алқа, алма, арпа, арқа, апта, арна Алла, «Абба», Айка т.б.)

                       

                    Кім кідірмей айта алады?

                               (жарыс ойыны)

       Біркелкі әріптерден басталатын зат есімдер тауып жазу керек. Тақтаға бірден 4 бала (төрт топтан) шығып, әрқайсысы өзі қалаған әріптен басталған сөздерді жарыса жазады. 2 минут ішінде көп сөз тауып жылдам жазған бала ұтады.

Кім тез табар екен?

  1. Мына әріптерді әр сөз ішінде бір-ақ қолданып, қанша зат есім құрап жазуға болады?
  2. Бұл әріптерді қолданып, оқу жөнінде айтылған бір мақалды құрап жазуға болады. Оны кім таба алады.

         (ауыл, мал, азық, мола, білім, ыза, бау, оқ, ау, қымыз, қол, із, қозы, зал, ық, ақыл, қыз, қом.)

Жалқы есімнен жалпы есім.

     Жалқы есімдерден жалпы есім жасап айтуға бола ма? Қалай жасалады? Олар қалай жазылады? Мына жалқы есімдерді жалпы есімге айналындаршы. Бішкек, Ақмола, Ыбырай, Абай, Қазақстан, Панфилов, Жақаев.

Етістік тұлғалас зат есімдер

   Төмендегі сөздердің мағынасын білдіретін етістік тұлғалас зат есімдер тауып айтып, кім түсіндіре алады?

  1. Малды ауылдың мекендері (жайлау, қыстау, күзеу)
  2. Су ағатын үлкенді - кішілі жылғалар (арна, жар)
  3. Жыл мезгілдері (қыс, жаз)
  4. Қол  аяқтағы мүшелер (бас)
  5. Табиғат құбылысы (жел)
  6. Автобус, троллейбус, трамвай тоқтайтын орын (аялдама)
  7. Балалардың сүйек ойыншығы (асық)
  8. Жаздыкүнгі өсімдіктегі су (шық)
  9. Аң аттары (суыр)

                                                  Бұл – қызық.

     «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың» (Абай)   деген сөйлемдегі сөздердің бәрі де жалғаулы сөздер екен. Ал олар қай жалғаулар?

Жұмбақ жұрнақ, бұл қай – жұрнақ?

  1. Жуан, жіңішке сөздерге бірдей жалғана береді, ол жалғанған сөз мекендік мағына береді. (хана)
  2. Зат есімнен зат есім тудырады, ол зат есім заттық ұғымды білдіретін белгілердің атын ұғындырады. (-лық, -лік, -тық, -тік) достық, шындық, шеберлік
  3. Бір жұрнақтың құрамында екі жұрнақ бар, жеке-жеке бұл қай жұрнақтар? (шы- лық, ші- лік) егіншілік, айырмашылық, тіршілік
  4. Зат есім тудыратын 2 жұрнақтың екеуі де жеке тұрып зат есім мағынасын білдіреді, бірақ өздері зат есімдерге жалғанбайды. Cонда олар зат есімді қалай тудырады? (- ым,  -ыс) етістіктен зат есім тудырады.  (білім, тиым, жеңіс, айтыс)
  5. Сын есімге де, етістікке де жалғанады. Ол арқылы сын есім етістікке айналады. ( -р, -й)  қысқар, оқыр, қарай

«Галереяны аралау стратегиясы»

  1. Ереже шығару
  2. Сөйлемдегі қызметі
  3. Морфологиялық талдау
  4. Перфокартамен жұмыс.
  5. Тест

«Топтастыру»

R –не білдік?